Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Кока-коланың" құрамында не бар?

"Кока-коланың" құрамында не бар?

Түрлі той-жиындар мен басқосулардағы дастарқанның көркін келтіретін "Кока-кола" сусыны жайлы не білеміз? Кішкентай балалардан бастап, ересек адамдарға дейінгілердің сүйіп ішетін сусынына айналған тәтті сумен дүниежүзінде миллиондаған адам шөлін басады. Ата-аналарымыз "Кока-коланы" ішпе деп ұрысқанның өзінде де, бұл тіс пен асқазанға зиянды сусыннан бас тарта алмаймыз. Сонымен, дүниежүзін жаулап алған сусын жайлы білгіңіз келсе, біздің мақалаға көз жүгіртіңіз. "Кока-коланы" 1866 жылы доктор-фармацевт Джон Пемертон ойлап тапқан болатын. Джон Пемертон дәрілік тұнбаны ойлап таптым деп ойлап, оны асқазан аруларына қарсы емдік қасиеті бар деген тұжырымды алға тартқан. Бұл тұжырымдамада бір шындыққа ұқсас негіз бар сияқты. Өйткені, "кока-коланың" алғашқы ингредиенттерінде кокаин өсімдігінің құрамындағы заттар болды. Қазіргі таңда бұл сусында ондай зат жоқ. Бір литр сусынды жасау үшін 2 литр су қажет. Үндістан еліндегі ауыз су тапшылығы 2004 жылы қалың жұрттың "Кока-кола" компаниясына қарсы ереуілге шығуына түрткі болған. Бір қызығы "Кока-кола" компаниясының бұдан бірнеше жыл бұрын жүргізген "H2O-жоқ деп айт" бағдарламасы адамдарды қарапайым судан гөрі кока-кола ішуге шақырған. Бұл бағдарламаның негізі бойынша, мейрамханаларда ауыз суға тапсырыс берген адамға "кока-кола" сусыны ұсынылатын. "Кока-коланың" құрамы қандай? Бөтелкедегі қағазға қарасақ: газдалған су, қант, карамель түсі, кофеин мен дәмдеуіштер. Бірақ, сусынның құрамында тағы бір "7Х" деген құпия ингредиент бар. Бұл заттың мазмұны жазылған ақпарат Джорджия штатына тиісті Атланта қаласының банкінде сақтаулы тұр. Дүниежүзінде осы заттың не екенін білетін адамдардың саны санаулы. Осы орайда, "Біз не ішіп жатырмыз?" деген сұрақ туындауы мүмкін. Бүгінге бар білетініміз бұл "кока-коланың" қант құрамы өте жоғары ащы сусын болып табылады. Сусындағы фосфор қышқылы жер бетіндегі органикалық заттарды құртатынын білеміз.

Massaget.kz
18 шілде 2018 ж. 2 290 0