
Киілген, бірақ сапалы киім саудасымен айналысатын америкалық ThredUp сынды компаниялар алдағы он жылда негізгі нарықты жаулап алады. Бұл сарапшылардың пікірі. Мамандар 2027 жылға қарай қайта сату нарығы масс-маркеттен гөрі басымдау болады деген қорытындыға келді. ThredUp-тың жыл сайынғы зерттеулері нәтижелерін жариялайтын баяндамасындағы мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы киілген киімсаудасы $ 20 миллиардтан $ 41 миллиардқа дейін өседі.
Ал, тұтынушылар гардеробының 11 %-ын Second Hand киімдері

құрайды. «Болашақта гардероб біз көріп жүргеннен мүлде бөлек болады», - дейді ThredUp компаниясының өкілі. Әдетте киілген киімді сапалы дизайнерлік үлгіні арзанға алғысы келетіндер тұтынады.
Massaget.kz