Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ


Астананың 20 жылдығына орай «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда қазақстандық және шетелдік артистердің қатысуымен мерекелік гала-концерт өтті.

Ашық аспан астында өткен музыкалық шоуда Нағима Есқалиева, Бекболат Тілеухан, Бауыржан Исаев, Ұлықпан Жолдасов, Мәдина Сәдуақасова, Қарақат Әбілдина, Ардақ Балажанова, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Қайрат Нұртас, Қайрат Баекенов және «Формат», Ninety One, сондай-ақ оңтүстіккореялық Boyfriend тобы өнер көрсетті.

1998 жылы 10 маусымда Қазақстанның бас қаласының тұсаукесеріне қатысқан «На-На» тобы қонақ ретінде арнайы келіп, кеш көрігін қыздырды.


 

Патриоттық туындылар, Астанаға арналған шығармалар және қазіргі заманауи әндер орындалған бағдарламаны Ақкенже Әлімжан, Азамат Сатыбалды жүргізді.
Соңы Бейбітшілік және келісім сарайының аумағында 15 минутқа созылған мерекелік отшашуға ұласты.


 
Әмірлан МӘУЛЕН
Фото: Советбек МАҒЗҰМ
07 шілде 2018 ж. 775 0