Бөлме гүлдерінің күтімі: Фикус


Ауа ылғалдығы Фикус жоғары ауа ылғалдығын жақсы көреді. Бұл шарт фикус үшін міндетті емес, сондықтан оған уақытылы су шашып тұрсаңыз болды. Фикустың көпшілігі жапырағы үлкен болғандықтан, шаң жинағыш болады. Соның себебінен, ол дұрыс қоректене алмайды және әдемі көрінбейді. Сондықтан, фикустың жапырақтарын ылғал дәкемен уақытылы сүртіп тұрыңыз. Температура Фикус — жылуды сүйетін өсімдік. Ол үшін жайлы температура жазда 25-30 °C құраса, қыста 16-20 °C тең. Минимум температура — 10-15 °C. Фикусқа жел соқпағаны және топырағының салқындап кетпегені жөн. Оны суық еденге қоймаңыз. Суару Дұрыс суару — фикусты күтудегі маңызды шарттардың бірі. Жазда фикусты молырақ, ал қыста орташа суару қажет. Фикустың топырағы суару арасында құрғауы керек, бірақ оның толықтай кеуіп кетпеуін қадағалаңыз. Тыңайту Фикусты белсенді өсу кезінде, яғни наурыз айынан қыркүйек айына дейін тыңайту керек. Оны екі аптада бір рет тыңайтыңыз. Тыңайтқыштың құрамында жасыл массаның өсуіне жағдай жасайтын азот құрауышы бар түрін алыңыз. Көбейту Фикус сабақ арқылы жеңіл көбейе алады. Тамырландыру үшін кішігірім тармақты алыңыз немесе бір жапырағы бар кіші сабақ бола береді. Содан соң оны суы бар ыдысқа салыңыз. Тамыры шыққан соң, ыдысқа отырғызуға болады.

Фикус сабақ арқылы жеңіл көбейе алады. Тамырландыру үшін кішігірім тармақты алыңыз немесе бір жапырағы бар кіші сабақ бола береді. Содан соң оны суы бар ыдысқа салыңыз. Тамыры шыққан соң, ыдысқа отырғызуға болады.
Massaget.kz