Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ: Түлектер неге баса мән беруі керек

ҰБТ: Түлектер неге баса мән беруі керек

Ò°ÐТ: ТүлекÑÐµÑ Ð½ÐµÐ³Ðµ баÑа мÓн беÑÑÑ ÐºÐµÑек АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде ҰБТ-ның басталуына санаулы күндер қалды. Мектеп бітірген мың­даған түлек бүгінде соңғы дайындық үстінде. Осы тұрғыда талапкерлер мен олардың ұстаздарының ҰБТ қарсаңындағы көңіл-күйлерімен бөлісуді жөн көрдік. Биыл республика бойынша мектеп бітірушілердің 70%-ы, яғни 102 мыңы ҰБТ тапсырады, ал Астанадан түлеп ұшқан 6 мыңға жуық түлектің 90%-ы тестілеуден өтеді. Мектеп бітірген 147 мың түлектің басым бөлігі ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсыратыны айтылды. ҰБТ 5 пәннен тапсырылады, 3 міндетті пән, қалған 2-і түсетін мамандығына сәйкес бейінді пән. Тағы бір айта кетерлігі, «Алтын белгі» иегерлері тек өзгелермен балы бірдей болған жағдайда ғана басымдыққа ие болады. Осы жылдан бастап түлектердің ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға ерік берілді. Министрліктің дерегіне сүйенсек, 200 түлек ағылшын тілінде тапсыруға өтініш білдірген. Биылғы тест тапсырмалары 120 сұрақтан тұрады.  «120 сұрақтың 11% функционалдық сауаттылықты анықтауға бағытталған. Ал, тест тапсырмаларының 37% жуығында жауабы бір немесе одан да көп нұсқамен беріледі. Бұл үлгідегі тапсырмалар оқушының ойлау қабілетін арттырып қана қоймай, таңдау пәнін тереңірек түсінуге де өз септігін тигізеді. Бұл әлемдік тәжірибеде бар және талаптарға толық сай келеді», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов. Әлімқұловтың айтуынша, Ұлттық тестілеу орталығы тест тапсырмаларын жыл сайын 35%-ға жаңартады екен. Биыл оны 50 пайызға жаңартыпты. ҰБТ-да кездесетін сұрақтар қазір онлайн дайындық тестілеріне енгізіліп үлгерген. Сондай-ақ, Орталық директоры осы жолғы тестте Қазақстанның танымал тұлғалары туралы сұрақтардың болмайтынын жеткізді. «Дайындық тестілеу жұмыстары - ҰБТ-дан сәтті өтуімізге көмектесетін қосымша механизм. Дегенмен, ҰБТ-да мектепте оқып кеткен ақпараттар қамтылатын болады», - деп кеңес берді ол. Мектеп бітіруші түлектердің қайсысы болмасын, дайындықтан бұрын ҰБТ-ны жеңіл тапсырудың қандайда бір амалы болса, қолдануға әзір. Бұны олармен сұхбаттаса отырып байқадық. «Білім-иновация» лицей интернатының түлегі Дархан Жадыраев: «Мен өзім қанша балл аламын, өтпесем не болады, қандай сұрақтар келеді деген ойлардан аулақпын. Бар ойым тапсырманы мүмкіндігінше дұрыс орындап шығу. Жаратылыстану пәндеріне қызығушылығым ерекше, сондықтан логикалық тапсырмаларды оңай шешемін. ҰБТ-ға алдын ала сынақтарында 100 балдан кем жинаған емеспін, бұнымен айтпағым жиналған терең білім базасы болу керек. Онсыз қанша дайындалсаңда нәтиже болмайды. Өзім инженер мамандығын таңдағандықтан, бар күшімді математика мен физикаға салып жатырмын». Алдын ала сынақтарда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген түлектердің бірі - Ардақ Райхан. Ол - №37 мектептің оқушысы. «Бұрынғы ҰБТ-ны мен жаттанды дер едім, себебі сен тек қана тест жинақтарын жаттап сол бойынша тапсырып шығуға да болатын. Қазір тапсырмалар логикаға негізделген. Кемшілігі мектептің берген білімі оны шешуге жеткіліксіз, сондықтан біз мектептен тыс оқу орталықтарында қосымша білім алуға мәжбүрміз. Мысалы, алғаш көрсеткішім 60-70 балл болса, арнайы курстан соң 120-дан асырдым. Айта кетерлік бір өзгеріс, мамандықтар мен гранттар саны туралы ақпараттық жадынама берілмек. Бұл оқушының грант иегері атануы мүмкіндігін аттырады», - деп өз ойымен бөлісті. Ұстаздар қауымы шәкірттер пікірінің біріне келіссе, енді бірін жоққа шығарады. №38 мектеп лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, ҰБТ-ға дайындауда көпжылдық тәжірибесі бар Жұмагүл Жұрымбаева. «Алдымен баланы психологиялық сынға дайындау қажет. Бұдан бөлек талапкер үшін маңызды үш фактор бар, бірінші, өзіне деген сенімділік, екінші, ата-ана, жақындарының қолдауы, үшінші - ұстаз берген білім. Осы факторларды ұстанатындықтан ҰБТ-ға дайындау тәжірибемде тапсыра алмай басын тасқа ұрған шәкірттерім болған емес», - дейді ұстаз. Сонымен қатар тәжірибелі мұғалім ҰБТ тапсырмаларындағы соңғы өзгерістер бойынша балалардың ой ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беретін мазмұнды сұрақтардың көптігін тілге тиек етті. Тағы бір айта кететіні, ҰБТ-ға дайындауда бүгінде жеке оқу орталықтарының жұмысы қызып тұр, бүгінде Астанада қосымша білім беру орталықтары жеткілікті. «ҰБТ-ға дайындау нарығында 5 жылдық аз-кем тәжірибеміз бар. Қазір 11-сынып оқушыларымен соңғы қайталау сабақтары жүріп жатыр. Бәрінің мақсаты - ҰБТ-ны ойдағыдай тапсыру. Біз оқушыларымыздың ҰБТ сынағынан сүрінбей өтуімен қатар, ҰБТ-ға енгізілген өзгерістерге тез бейімделу жолында үнемі ізденіс үстіндеміз», - деді «Алтын белгі» оқу орталығының жетекшісі Ғизат Сағындық. Кез-келген мемлекеттің болашағы - білімді жастар. Ал ертеңгі ҰБТ тапсырғалы отырған жас түлектер - Қазақстанның жарқын келешегінің иелері. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Қазақстанда бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Ең бастысы, маман атанам деген жастарға мүмкіндігінше жағдай жасалған. Ал оны игілігіне қарай жарату әрбір талапкердің өз қолында.
17 маусым 2018 ж. 1 276 0