Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбыл облысында тау-шаңғы базасы салынады

Жамбыл облысында тау-шаңғы базасы салынады


Жамбыл облысының Жуалы ауданында тау-шаңғы базасы салынады. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалық етуімен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды «Jambyl» телеарнасы.  
Атап өтілгендей, тау бөктеріндегі  табиғаты көрікті Жуалы ауданында «Қар-Алма» аталатын тау шаңғы базасы бой көтереді. Демалыс аймағында облыс тұрғындары мен қонақтары биылдың өзінде-ақ демалуға мүмкіндік алады. Кешеннің құрылыс жұмыстары бірер күнде басталып, оны 5 айда бітіру жоспарланған. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, мега жобаға атсалысуға шақырды.
Тау-шаңғы кешені Еуропалық стандарттарға сай салынбақ. Жоғары деңгейдегі қызмет, саф ауа, қолжетімді баға, жан қалауыңызға сай демалыс, қонақүйлер мен мейрамханалар – мұның бәрі жаңа кешенде болады. Ол Тараздан 100 шақырым қашықтықта орналасатын болады.
Облыс әкімдігінің мақсаты – инвесторларды сырттан тартпай, жергілікті кәсіпкерлерге мүмкіндік беру. Бұл болашағы зор жобаға тиімді қаражат құю арқылы кәсіпкерлер де қомақты табысқа кенелмек.
Жиын барысында кешеннің жоба-жоспарымен толық танысқан кәсіпкерлер де мұны жақсы түсінеді. Сондықтан да кейбірі ұсынысты бірден қолдап, 10 шақты коттедж салуға ниет білдірді.
baribar.kz
15 маусым 2018 ж. 1 618 0