АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге 23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауына дайындық барысын зерделеу мақсатында сайлау учаскелерін аралады.Аралау барысында аудан басшысы учаскелер орналасқан ғимараттардың ішкі және сыртқы жай-күйіне, электр жарығының тұрақтылығына, санитарлық тазалығына, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділік жағдайына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, дауыс беру кабиналарының талапқа сай орналастырылуы, бақылаушылар мен комиссия мүшелеріне арналған орындардың дайындық деңгейі де қаралды.
Аудан әкімі жауапты сала басшыларына анықталған кемшіліктерді уақытылы жойып, барлық ұйымдастыру жұмыстарын заң талаптарына сәйкес сапалы жүргізуді тапсырды.
«Алдағы сайлау – маңызды саяси науқан. Сондықтан әрбір сайлау учаскесінде тәртіп пен ашықтық қамтамасыз етіліп, азаматтардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалуы тиіс», – деді аудан басшысы.
Айта кетейік, Шиелі ауданында барлығы 41 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауына 49 500-ден астам дауыс беруші қатысады деп күтілуде. Қазіргі таңда аудандағы барлық сайлау учаскелерінде дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.




