Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сөздің салмағы, еңбектің бағасы бар

Сөздің салмағы, еңбектің бағасы бар

Шиелі кентінде 18 пәтерлі үй пайдалануға берілмек – syrboyi.kzОсы заманда ұялы телефон ұстамайтын адам жоқ шығар. Интернет әлеміндегі қызықтар кімді болса да тамсандырып, бас шұлғытып қойғаны да рас. Рахат. Газет-жорнал, кітап оқымайсың, есесіне телефонға үңіліп, телміріп отырғаның. Отбасында қанша адам болса, үйде сонша хабар тарататын алақандай аспап сайрап тұрады. Оны көрмеуің мүмкін емес.
Бұрын байланыс ретінде пайдаланған құрал қазір кинотеатрға айналған. Онда саналы азаматтар, саясаттанушылар мен белсенді блогерлер жазбаларын қалдырып, халыққа ой-пікірлерін айтып жатады. Белгілі журналис­тер мен қоғам қайраткерлері мемлекетіміздің дамуына, ішкі-сыртқы саясатымызға шолу жасап, жұртшылықты құлақтандырып отырады. Ұлы Абай он бесінші қара сөзінде «Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім. Әуелі – пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды, сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып, іздейді екен-дағы, күнде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен. Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлық пен өткізіп алады екен-дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, бунын босамастан көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен. Есер кісілер ер тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к...н жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім. Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнімде бір мәртебе, бомаса жұмасында бір, ең болмаса, ойыңда бір өзіңмен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» дейді. Әлеуметтік желідегі дұрыс, әділ айтылған мақалаларды саяси шолуларды оқып, қызығып, қуанып қалсақ, жағымсыз, анайы айтылған пікірлерге шамданып қаламыз. Данышпан атамыз айтқандай, қазір де есті, ессіз болып жатқанымыз белгілі. Қазақстан Республикасының қарышты өркендеуіне адал қызмет жасап келе жатқан отаншыл, ұлтжанды танымал азаматтарымыз Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту экс-министрі Асхат Аймағанбетов, ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, экс-парламент мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, Қр оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовалардың сыртынан айтылған теріс ой-пайымдалауларды өз басым құптамаймын. Бұл азаматтар қазақтың маңдайына біткен мықты, өзгелер үлгі алатын тұлғалар деп санаймын. Оларға жала жауып, тіл тигізу – әбестік, Абайша ессіздік деп ойлаймын. Тағыда Абай Құнанбаев қазақтың жауы-қазақ деп, неге айтты екен? Қанымызда бар пендешілік пен қызғаншақтықты да көзі шалып, жүрегі сезіп қалды ма екен? Мүмкін. Атақтары шыға бастаған жас кадрларды өсіріп, қолдаудың орнына сирақтарынан тартып, болмайтын бір кінәні артып, олардың жолын кесуді әлі қоя алмай келеміз. Сосын елімізді дамуы қайдан болсын! Білімді мамандарымыз ретсіз айтылған жалаға шыдас бермей, шет елдерге кетіп жатқандар қаншама. Интернетте сөйлеушілер ауыздарына келгендерін айта бермеуі тиіс.
Әйгілі сықақшы ақын Асқар Тоқмағанбетов «Қолыма қалам тиді деп, салына берме шатпаққа, Шатпақтың арты кім білер, апарып жығар батпаққа» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан әлеуметтік желіде айтылған сөздердің, ой-пайымдардың да естісі мен ессіздері бар екенін естен шығармайық, замандастар. «Су – тау-тасты бұзады, сөз адамды бұзады» деген, ешқашан ешкімді жамандама, сыртынан сөз айтпа. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады. Бірақ жақсы адамдар көп емес» деген де мен емес, ата-бабамыздан қалған жанайқай. Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.
Келешегін, болашағын ойлаған Франция 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тыйым салыпты. Дұрыс дейміз, өмір талабы солай. Кейде маңайымызда жүрген жақсы адамдарды байқамай, өзімізді ғана ақылды санайтын сол баяғы әдетіміз қалмайды. Жақсы адам дегеніміз, еліне, туған жеріне адал қызмет етіп жүрген аудан азаматтары.
Адам бойындағы асыл қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондай адамгершілік қасиеттердің бірі жүрекпен сезіну, күнделікті атқаратын жұмысын пайымдап отыру. Пайымдау арқылы мақсатқа жету-аудан халқы үшін аянбай адал қызмет атқарып жүрген аудан әкімі Айтбай Жандарбековтің іс-қимылынан аңғарылады. Көзіміз көріп отыр. Неге жақсылығын, алға бастаған мың сан қылығын айтпасқа? Жәркелештік санамда жоқ. Тура биде туған жоқ десек те болады. Аудандық «Өскен өңір» газетінің 21 шілде күнгі №54 нөмірінде аудан әкімінің үстіміздегі жылдың алты айында атқарған игі істері жайлы басылымның белгілі тілшісі Сұлушаш Мадиярованың «Нәтижеге негізделген нақты қадам» мақаласы менің ойымды осылай қарай жетелеген болатын.
Мамандығы экономист әкім алдымен нені пайымдайды? Әрине, бірінші кезекте қаржыны, аудан бюджетін. Қаржы бар жерде қарқын да, әлеуметтік тіршіліктің де жанданатыны аян. 2026 жылдың осы кезеңінде ауданның нақтыланған бюджеті несиелерді қоса есептегенде 16 миллиард 10 милион 506 мың тенгені құраған. Бұл бастапқы жоспардан 5 миллиард 716 миллион 230 мың теңгеге артық болған. Керемет, аудандық бюджеттің өз кірісі де биыл 7,5 миллиард болып бекітілген болса, жоспар 110,9 пайызға орындалған. Экономикадағы өсім – аудан өркендеуінің басты көрсеткіші, жемісі. Алты айдың қортындысында аудан кәсіпорындары 44 миллиард 6 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірген. Жылдық жоспар 77 миллиард 314 миллион теңгені құраған. Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аймақ басшысы Мұрат Ергешбаевтың тапсырмаларын орындау мақсатындағы еңбектің жемісі.
Айтбай Насриддинұлы сонымен қатар кәсіпкерлік пен инвестиция бағытындағы жұмыстарды да жандандырып отыр екен. Осы мерзімде ауданда 5747 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Экономикада «инвестиция келген жерге даму келеді» деген ұғым бар. Ол да рас нәрсе. Инвестиция – жаңа өндіріс, жаңа жұмыс орны, салық түсімі, халықтың Алла берген несібесі. Бүгінде аудан көлемінде 85 мың 400 тұрғын өмір сүрсе, белсенді халық 36 мың 864 адам. Соның 35 мың 148-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы көңілдегідей өскен. Ауданда ірі қара 100,6 %-ға, қой мен ешкі 91,2 %-ға, түйе 98,5 %-ға, жылқы 107,4 %-дық өсім көрсетіп отыр. Сондай-ақ ауданда құрылыс қарқынды дамыса, экономиканың күре тамыры – жол, ауыл көшелері жаңарып, қауіпсіздігіміз басты назарда болып, елді мекендерді толық газдандыру қолға алынып, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қатамасыз ету, кентте және елдімекендерде электр желілерін жаңғырту, білім мен денсаулық саласына айрықша мән беріп отырғандығын, елдің ертеңі жастар екендігін де пайымдап отырғандығына көз жеткіздік.
Бірінші шілде күні заңды күшіне енген Халықтық Конституциямыздың 37-ші бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті десе», ­Респуб­лика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыған орай «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық акциясын жариялады. Осы акция аясында Шиелі ауданында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған сәйкес заң мен тәртіп Тәуелсіз еліміздің тірегіне, халықтың күнделікті міндетіне айналып отыр.
Шиелі кенті әкімдігінің қызметкерлері көшелерді жағалап, әр үйдің қожайындарына тазалық туралы ескерту парақшаларын таратуы – кент тұрғындарының есінде мәңгілік қалатыны белгілі. Мен Ш.Уәлиханов көшесінде тұрамын. Менің жататын бөлмемнің терезесі көрші үйге қараған. Мына аптап ыстықта тереземді ашып қойып жатамын. Көршім Бала би ауылының тумасы Аман деген інім. Оның келіні Балжан жоғарғы жақтың қызы. Мен күнде сол Балжан келінімнің сыпырғысының дауысынан таңертеңгі сағат 6:00-де оянамын. Елдің бәрі ұйықтап жатқанда көпжасағыр Балжан есіктің алдын сыпырып жатады. Осындай тазалыққа жан-тәнімен берілген, ертешіл келіндеріміз кентте көп болсын деймін.
Пайымдау – адам байқай бермейтін ерекше қасиет. Оны мен аудан әкімі бойынан көріп қалғанымды баста жаздым. Терең сезінуден туатын пайым ауданға осынша ырзық әкеліп жатыр. Бүкіл аудан мекеме басшыларын, аудандық мәслихат депуттарын, ардагерлерді, ардақты аналарды, кент тұрғындарын тазалыққа жұмылдыру – мызғымас ынтымақтың, ауызбіршіліктің жемісі.
«Жалғыз ағаш орман емес» демекші, аудан әкімінің қолдаушылары қазыналы қарттары, айбынды ардагерлері, қайсар жастары, орынбасарлары Болат Ысмағұлов, Алмат Алдабергенов, Арман Дүйсенбаевтар, игі істердегі сыңары аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев, тазалық джипі атанған іскер сүйеніші кент әкімі Аманкелді Өмірәлі, жастар ресурстық орталығының директоры Ержан Әбдешов, ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Мұрат Әшірбеков, аудандық мәслихаттың депутаттары, елді мекендердегі шаруа қожалықтарының төрағалары, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық білім бөлімі мен денсаулық саласының қызметкерлері, аудандық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистері, аудан әкімдігінің аппарат басшысы Ғалымжан Каримов бастаған жалынды жастары, аудандағы барлық мекеме басшысына дейін ­аудан әкімінің жанына топтасып, оны бүкіл аудан тұрғындары қолдап, әкімнің мерейін үстем етіп жатыр десем, сөкпеңіздер.
Шындықты анда-санда айтып отырғанымыз да дұрыс сияқты. Осындай пайым арқылы жемістің еңбек шыңына шығып, киелі Шиелі халқының абыройы асқақтатқан аудан әкіміне сәттілік тілейміз. Айтар алғысымыз да артықтық етпейді.

Өркен ИСМАИЛ,
ҚР Журналистер одағаның мүшесі,
Шиелі ауданының құрметті азаматы,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
28 шілде 2026 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

№54 (9421)

21 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031