Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел тұрғындары тамызда қанша күн демалады?

Ел тұрғындары тамызда қанша күн демалады?

Ел тұрғындары тамызда қанша күн демалады? Конституция күні жаңа заңнамаға сәйкес 15 наурызға ауыстырылғандықтан, 30 тамыз енді мемлекеттік мереке болып саналмайды. Соған сәйкес тамыз айында елімізде мемлекеттік мерекелерге қатысты қосымша демалыс берілмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дегенмен 30 тамыз биыл жексенбіге сәйкес келетіндіктен, бұл күн демалыс күні болып қала береді. Осылайша бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететіндер тамыз айында 10 демалыс күн демалады. Бұдан бөлек ай ішінде бірнеше кәсіби және атаулы күн аталып өтіледі. Атап айтқанда, тамызда:
  • 2 тамыз – Көлік қызметкерлері күні;
  • 3 тамыз – Теміржол қызметкерлері күні;
  • 9 тамыз – Құрылысшы күні;
  • 10 тамыз – Абай күні;
  • 18 тамыз – Шекарашылар күні және Спорт күні;
  • 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
  • 30 тамыз – Кеншілер күні мерекелері тойланады.
Еске сала кетейік, шілде айында бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер үшін 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні болады.
22 шілде 2026 ж. 21 0