Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ – БОЛАШАҚҚА ТАҒЫЛЫМ

ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ – БОЛАШАҚҚА ТАҒЫЛЫМ

31 мамыр күні Шиелі ауданында саяси қуғынсүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған тағылымды шара өтті. 


Таңғы уақыттан бастап аудан орталығындағы ескерткіш алаңы қаралы үнсіздік пен сабырлы ойға толы күйге енді. ХХ ғасырдың ең ауыр кезеңдерінде жазықсыз жапа шеккен миллиондаған адамның рухына тағзым етіп, тарихтың қасіретті беттерін ұмытпауға үндейтін маңызды күн ретінде аталып өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов, зиялы қауым мүшелері, ардагерлер, қоғамдық ұйым жетекшілері, ұстаздар мен жастар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты. Жиналған көпшілік ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылық нәубеті мен 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің салдарын еске алып, бұл оқиғалардың қазақ халқының демографиялық, рухани және әлеуметтік дамуына ауыр соққы болғанын еске алды. Шара барысында қатысушылар ең алдымен аудан орталығындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады. Осы сәтте жиналғандар терең толғанысқа беріліп, өткеннің ауыр зардабын жүрекпен сезінді. Үнсіздік сәті – тарих алдындағы тағзымның, құрбандар рухына деген құрметтің айқын көрінісіне айналды. Еске алу рәсімінде ұлт азаттығы жолында күрескен тарихи тұлға – Мұстафа Шоқай еңбегі де ерекше аталып өтті. Оның еркіндік, ұлттық бірлік және Түркістан идеясы туралы көзқарастары бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында да өзектілігін жоғалтпаған рухани мұра ретінде бағаланды.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
02 маусым 2026 ж. 29 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930