Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды қашан тапсыратыны белгілі болды

9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды қашан тапсыратыны белгілі болды

9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды қашан тапсыратыны белгілі болдыОқу-ағарту министрінің бұйрығымен 2025-2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрліктің мәліметінше, 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр – 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.

11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2 маусым – 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.
Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 17-18 маусым аралығында өтеді.
«Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі», делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілгені туралы хабарлағанбыз.

22 мамыр 2026 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930