Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Бауыржан Шығанбаев: «Музей – өткен мен бүгінді жалғайтын рухани көпір»
Халықтың тарихы мен тағдыры қатталған қазыналы орын – музей. Ұлттың өткенін ұмыттырмай, келер ұрпаққа аманаттайтын рухани мекеннің қоғамдағы орны қашанда ерекше. 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай аудандық тарихи-өлкетану музейінің тыныс-тіршілігі, тарихи мұраларды сақтау мен насихаттау бағытындағы жұмыстар туралы музей басшысы Бауыржан Тұрғанбайұлымен әңгімелестік.– Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі қай жылы ашылды және негізгі бағыты қандай?
– Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі ауданның бай тарихын, мәдениетін, рухани мұрасын насихаттау мақсатында 2017 жылы ашылған. Музейдің негізгі бағыты – өңірдің тарихи жәдігерлерін жинақтау, сақтау және келер ұрпаққа жеткізу.
– Қазіргі таңда музей қорында қанша жәдігер сақтаулы?
– Қазіргі таңда музей қорында 3 227 дана экспонат Пен тарихи жәдігерлер тіркелген және сақтаулы. Оның ішінде негізгі және қосалқы қор экспонаттары бар. Жәдігерлер саны жыл сайын толықтырылып келеді.

– Музейдегі ең көне және ең ерекше экспонаттар қайсы?
– Музейдегі ең көне жәдігерлер қатарында археологиялық қыш бұйымдар, көне тұрмыстық заттар, ер-тұрман әбзелдері мен тарихи құжаттар бар. Ерекше экспонаттардың бірі – аудан тарихына қатысты аймаққа белгілі фото тілші С.Хутаевтың сирек фотосуреттері мен ХХІ-ХХ ғғ пайдаланылған тұрмыстық бұйымдар мен өзге де заттар. Солардың қатарында, құнды жәдігер болып саналатын, қазіргі аудандық «Өскен өңір» газетінің 1939 жылы алғаш рет жарық көрген №1 санды «Staxanovci» атауымен латын әліпбиінде басылып шыққан газеттің түпнұсқасы музей қорында сақтаулы тұр. Ал көшірмесі экспозициялық залда орын алған.

Әрине құнды жәдігерлер өте көп, бірін артық, бірін кем етіп айта алмаймын, себебі барлық экспонаттар біз үшін құнды және әр қайссысының өзіндік ерекше орны бар.
– Байқауымызша, музейде өңірде мекендейтін жануарлардан қарсақ, борсық, қырғауыл ғана бар. Неге сілеусін, елік, қарақұйрық секілді өзге жануарлармен толықтырмасқа?
– Бұл ұсыныс орынды деп есептейміз. Алдағы уақытта өңір фаунасын кеңірек таныту мақсатында музей экспозициясын толықтыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Сирек кездесетін жануарлардың макеттерін немесе тұлыптарын орналастыру жоспарда бар. Бұл жөнінде облыс басшылығына тиісті ұсынымдар өткізілді. Көп ұзамай бұл мәселеде шешілуге жақын тұр.

– Музейде ауданның тарихы, кәсіпкерлер, еңбек адамдары, түрлі өндіріс орындары мен тарихи мекендер туралы мәлімет жетерлік. Солардың қатарын ауданда алғаш құрылған мекеменің бірі «Өскен өңір» редакциясымен де толықтыруға бола ма?
– Әрине, «Өскен өңір» газетінің аудан тарихындағы орны ерекше. Газеттің алғашқы сандары, фотосуреттері мен тарихи құжаттары музей үшін құнды мұра болып санала береді. Жаңа айтып өткендей «Staxanovci» атауымен алғаш болып шығып, бүгінде «Өскен өңір» атауымен Шиелі ауданы болып қалыптасуынан бастап, бүгінге дейінгі жетістіктері мен өсіп-өркендеуіне куәгер болып келе жатқан бұл газетті өндіріс ошақтары мен тарихи мекендердің алғашқы орындарына қоюға болады деп санаймын.

– Халық музейге қандай тарихи бұйымдарды жиі тапсырады?
– Көбінесе көне тұрмыстық бұйымдар, ұлттық киімдер, еңбек құралдары, ескі фотосуреттер, құжаттар, медальдар мен қолөнер заттары тапсырылады. 2025 жылы музей қоры «Музейге сый» акциясы аясында Шиелі ауданының 2 Ұлы отан соғысы ардагері мен 2 ауданға белгілі азаматтардың заттарымен толықтырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желі бойынша жарияланған хабарландырудың нәтижесінде Шиелі кенті мен ауыл тұрғындарынан 150 ге жуық экспонаттар қабылданды. Олардың ішінде айрықша ынтасы мен жанашырлық танытып, өздігімен акеліп өткізгендер ҰОС ардагерлері Қ.Дүйсенов пен Қ.Нұрекеевтің заттары мен ауданға белгілі еңбек ардерлері Ж.Ахметов пен Ә.Елтайдың заттарын өткізген ағайындарына мың алғыс айта отырып, Шиелі кентінің тұрғындары С.Сыздықов пен С.Тұрғанбайды бөлек атап өтуге болады.

– Экспонаттарды сақтау барысында қандай қиындықтар кездеседі?
– Негізгі қиындықтардың бірі – көне жәдігерлерді табиғи бүлінуден сақтау. Температура мен ылғалдылық режимін сақтау, арнайы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу көп еңбекті талап етеді. Қазіргі музейімізде 1 үлкен музей қоры бар. Экспонаттарды белгіленген ережеге сәйкес күтіп-сақтау мәселесі алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешіледі деп ойлаймын.

– Музей қызметкері болу үшін қандай қасиет қажет деп ойлайсыз?
– Музей қызметкері ең алдымен тарихқа жанашыр, жауапкершілігі жоғары, ізденімпаз әрі мәдени мұраға құрметпен қарайтын адам болуы қажет. Бұлармен ғана шектелмей өзге де жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, үнемі білімін жетілдіріп отыру керек.

– Сізді ерекше әсерлендірген жәдігер бар ма?
– Әр жәдігердің өзіндік тарихы бар. Соның ішінде елге белгілі тұлғалар пайдаланған жеке заттар мен соғыс ардагерлеріне қатысты құжаттар ерекше әсер қалдырады. Әсіресе, Ұлы отан соғысының ардагерлері Қаумен Баканов мен Құлахмет Нұрекеевтің медальдары мен ордендері. Ол заттардың түпнұсқа екенін біліп тұрып ұстап, онымен танысқан адам ерекше әсер алумен қатар, аздап болса да мұң пайда болады. Себебі, отан қорғау алдындағы қан мен терін аямай төккен батырдың қымбат қазынасын бүгін біз, бейбіт заманда қолымызға жәдігер ретінде ғана ұстап, тамашалап отырмыз.

– Заманауи технологиялар музей жұмысына қалай еніп жатыр?
– Қазіргі таңда музей жұмысына цифрландыру жүйесі енгізіліп келеді. Экспонаттарды электронды базаға тіркеу, мультимедиялық материалдар қолдану және виртуалды таныстырылымдар жасау жұмыстары жүргізілуде. Жасанды интеллект бүгінгі таңда музей саласын жаңа деңгейге көтеріп жатыр. Қазір көптеген музейлерде IТ технологиялары келушілерге ақпаратты қызықты әрі ыңғайлы жеткізу үшін қолданылуда. Қазіргі кезде әлем музейлері ЖИ тек технология емес, тарихты жаңаша танытатын құрал ретінде қолдана бастады. Кей музейлерде тарихи тұлғалардың ЖИ-бейнелері келушілермен «сөйлесіп», сұрақтарға жауап береді.

Сонымен бірге, мамандар жасанды интеллект музейдегі адам еңбегін толық алмастырмайды деп есептейді. Себебі музейдің басты құндылығы — тарихи мұраны жүрекпен сезініп, оны дұрыс түсіндіру. ЖИ тек сол жұмысты жеңілдететін көмекші құрал ретінде дамып келеді.
– Алдағы жоспарларыңыз қандай?
– Алдағы уақытта музей қорын жаңа жәдігерлермен толықтыру, көшпелі көрмелер ұйымдастыру, жастарға арналған танымдық жобаларды көбейту және цифрлық мүмкіндіктерді дамыту жоспарланып отыр. Бұл жөнінде де тиісті орындарға ұсыныстар берілді, нәтижесімен шешімін тауып жатса нұр үстіне нұр болар еді.

– «Музей» деген бір ауыз сөзді сіз қалай сипаттар едіңіз?
– Музей – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы, өткен мен бүгінді жалғайтын рухани көпір. Өткеннің өнегесіне сақтап, келердің келешегін рухани байыту өз қолымызда.

Сұхбаттасқан Гүлхан ЯХИЯ