МЕШІТ АСХАНАСЫ «HALAL DAMU» СЕРТИФИКАТЫН ЖАҢАРТТЫ
Шиелі аудандық орталық мешітінің асханасы осы уақытқа дейін халал талаптарына сай, таза әрі сапалы өнімдермен халыққа тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде асхана Halal Damu мекемесінің сертификатын жыл сайын жаңартып отыру талаптарын орындап келеді.Аталған сертификатты жаңарту мақсатында ҚМДБ-ға қарасты «Halal Damu» мамандары арнайы келіп, асханада қолданылатын барлық азық-түлік өнімдерін, олардың шығу тегін, сақталу және дайындалу процесін толық тексеруден өткізді. Сонымен қатар асхана қызметкерлеріне халал стандарт талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында халалдың негізгі қағидалары, тағам дайындаудағы тазалық пен жауапкершілік, шариғат талаптарына сай қызмет көрсету мәселелері кеңінен баяндалды.
Тексеру нәтижесінде асхананың халал талаптарға толық сай екендігі расталып, «Halal Damu» сертификаты қайта жаңартылды.
Бұл – мешіт асханасының халыққа адал әрі сенімді қызмет көрсету жолындағы жауапкершілігінің айқын көрінісі. Алдағы уақытта да асхана ұжымы халал талаптарын қатаң сақтай отырып, жамағатқа сапалы қызмет көрсетуді жалғастыра береді.
Шиелі аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі







