Жалпы білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандартының жүзеге асырылуы туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы №16 бұйрығымен Білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартын (бұдан әрі – Стандарт) енгізу бөлігінде Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында бұрын қолданыста болған тамақтану стандарттарына өзгерістер мен толықтыру енгізілді. Жаңа стандарт жаңа 2025-2026 оқу жылының басынан бастап күшіне енді. Ол дұрыс тамақтанудың заманауи халықаралық талаптарын ескере отырып жасалған және балаларды қауіпсіз, сапалы, тиімді және теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз етуге бағытталған.
Стандарт дұрыс тамақтануға қойылатын заманауи халықаралық талаптарды ескере отырып әзірленген. Мұнда қантты тұтынуды 3,6 есеге дейін, тұзды 5 есеге дейін азайту жоспарланған.
Стандарттың негізгі талаптарының бірі көкөністер мен жемістерді тұтынуды арттыру, тұзды, қантты және майды тұтынуды азайту болып табылады. Осыған байланысты мәзірден табиғи емес тағамдар мен құрамында тұз бен қант көп тағамдар мысалы, шұжық өнімдері, ысталған ет, шырындар алынып тасталған. Құрамында қант бар сусындар мен шырындар ашытылған сүт сусындарына, газдалмаған су, жеміс шайлары, сусындар, қант мөлшері аз компоттарға ауыстырылды. Бұл шаралар балалар мен жасөспірімдерде семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да жұқпалы емес аурулардың даму қаупін азайтуға бағытталған.
Сондай-ақ, стандартта ерекше диеталық қажеттіліктері бар балалардың тамақтануын ұйымдастыруға назар аударылған: олар қант диабеті, тағамдық аллергия, глютенге, лактозаға төзбеушілік, метаболизмнің туа біткен бұзылыстары. Мәзірде дайын тағамдардағы аллергиялық реакцияларға немесе төзімсіздікке әкелетін заттарды көрсету қажет. Мәзірде аллергиялық реакцияларға немесе төзімсіздікке әкелетін заттардың болуы туралы ақпарат оқушыларға және олардың заңды өкілдеріне қолжетімді түрде жеткізілуі тиіс.
Сондай-ақ шағын жинақты мектептерде, буфеттерде тамақтануды ұйымдастыруға және арнайы диеталық қажеттіліктері бар балалардың тамақтануына қойылатын талаптар қамтылған.
Алғаш рет «Жеуге жарамсыздық индексі» енгізілді. Ол балалардың тамақтануды ұйымдастыру деңгейіне қаншалықты көңілі толатындығын анықтау және мектепте тамақтануды ұйымдастыру жүйесінің тиімділігін бағалау үшін қажет. Тамақтану стандартын іске асыру үшін мектепте тамақтануға арналған бірнеше нұсқалы үлгілік стандартты ас мәзірі әзірленді.
Шиелі аудандық санитариялық –эпидемиолгиялық бақылау
басқармасы басшысы Г.Айтекеева







