Атадан қалған ас емес
Алкоголизмнен туындайтын қылмыстың санын естігенде, еріксіз жағаңды ұстайсың. Бұл дерт соңғы жылдары әсіресе Еуропа мен Орта Азия елдерінде белең алып отыр. Өкінішке қарай, еліміз де бұл үрдістен сырт қалған жоқ. Қазақстан алкоголь тұтыну деңгейі жоғары мемлекеттердің қатарында аталады.Ресми мәліметтерге сәйкес, елімізде алкогольге тәуелділігі бар 90 мыңнан аса адам тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жыл сайын әлемде ішімдіктің кесірінен 3 миллионнан астам адам көз жұмады. Оның 75 пайызы – ер адамдар. Зерттеулер ерлердің жылдық алкоголь тұтыну деңгейі 25 литрге жуықтаса, әйелдерде бұл көрсеткіш 9 литр шамасында екенін көрсетеді. Сондай-ақ адам өлтірудің 85 пайызы, зорлық-зомбылықтың 50 пайызы, өлімге әкелген жол апаттарының 65 пайызы, отбасылық жанжалдардың 70 пайызы спирттік ішімдіктің салдарымен байланысты. Бұл статистиканың артында қаншама тағдыр, қаншама көз жасы және жетім қалған балалар бар.
Мемлекет не істеп жатыр?
Әрине, мемлекет бұл мәселеге мүлдем бейжай қарап отырған жоқ. Соңғы жылдары Қазақстанда ішімдіктің заңсыз айналымына қарсы күрес күшейтілді. Мас күйінде көлік жүргізгендерге қатаң жаза қолданылуда. Ішімдіктің жарнамасына тыйым салу, сатылымын шектеу, жасөспірімдер арасындағы ішімдіктің алдын алу – мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларға айналды.

Маскүнемдікке салынған азаматтар туыстарының өтінішімен немесе сот шешімімен мәжбүрлі емдеуге жіберіледі. Емдеу тегін жүргізіледі. Алайда тәжірибе көрсеткендей, бірнеше рет ем қабылдағандардың бәрі бірдей ішімдіктен түбегейлі бас тарта алмайды. Себебі мәселе тек медициналық емдеуде емес, психологиялық тәуелділікте, ортада, әлеуметтік жағдайда жатыр.
Ащы суды ауыздықтау бағытындағы жұмыс әлі де жүйелі түрде жалғасуы тиіс. Әсіресе, мектеп қабырғасынан бастап салауатты өмір салтының мәнін, зиянды әрекеттердің зардабын түсіндіру күн тәртібінен түспеуі керек.
Қылмыс пен ішімдік: тікелей байланыс
Аудандық полиция бөлімінің басшысы Болатхан Мұхановтың берген мәліметіне сүйенсек, өткен жылы алкогольдік ішімдік ішіп жасалған қылмыстар саны 22-ге жеткен. Оның ішінде 10-ы – теріс қылық, 3-і – онша ауыр емес, 4-і – орташа, 3-і – ауыр, 1-і – аса ауыр қылмыс. Әр санның артында – бұзылған тағдыр, шайқалған отбасы тұр.

Былтыр аудан көлемінде мас күйде көлік басқарудың салдарынан 13 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша 70 азамат жауапкершілікке тартылған. Биыл жылдың алғашқы айында 6 дерек тіркеліп отыр. Бұл көрсеткіштер бір мәселені анық аңғартады, жаза – тек бір тетік. Ал түбегейлі нәтиже сана өзгеріп, қоғамдық көзқарас түзелгенде ғана көрінеді.
Тәрбие – ең мықты профилактика
Маскүнемдікпен күресте отбасының рөлі ерекше. Егер ата-ана ішімдікті қалыпты құбылыс ретінде көрсетсе, бала санасында «демалыс – ішімдікпен байланысты» деген түсінік қалыптасады. Кейін бұл баланың да өмір сүру дағдысына айналып жатады.

Сарапшылар 18 жасқа дейінгі жастардың алкогольден толықтай бас тартуы қажет екенін айтады. Өйткені ерте жаста ішімдікке әуестену болашақта тәуелділікке әкелетінін дәлелдеген.
Өкінішке қарай, бізде «бала үшін бәрін жасау» көбіне материалдық қамқорлықпен шектеледі. Ал оның психологиялық, эмоциялық жағдайына көңіл бөлу екінші кезекке ысырылып жатады. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың азаймай отырғанының бір себебі де осында.
Шешім ортақ құндылықта
Жағымды мысалдар да бар. Аудандағы Жиделіарық ауылының тұрғындары соңғы үш жылда алкогольден бас тартып, «Арақсыз ауыл» атанды. Ең бастысы – бұл елді мекенде осы уақыт ішінде құқық бұзушылық тіркелмеген.

Бұл – қоғамдық келісім мен ортақ ұстанымның жеңісі. Ақсақалдар бастамасын ауыл тұрғындары бір ауыздан қолдауы нақты нәтиже берген. Демек, мәселенің шешімі тек әкімшілік жазалауда емес, ортақ құндылықта жатыр.
«Заң мен тәртіп» – стратегиялық бағыт
Мемлекет басшысы Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидатын стратегиялық басымдық ретінде айқындады. Бұл бастама бүкіл қоғамға ортақ міндет жүктейді. Адам заңға қорыққаннан бағынбау керек. Керісінше, саналы жауапкершіліктен туындауы тиіс.
Сонымен қатар жарияланған елдегі «Таза Қазақстан» бастамасы экологиялық тазалықтан бөлек, рухани тазалықты да меңзейді. Сыртқы тазалық пен ішкі мәдениет қатар қалыптасқанда ғана қоғам өркениетті деңгейге көтеріледі.
Алкоголизм – тұтас қоғамның дерті. Онымен күрес тек айыппұлмен, тексерумен немесе емдеумен шектелмейді. Ол – тәрбие, түсіндіру, жауапкершілік, үлгі көрсету арқылы жүзеге асатын ұзақ процесс.
Тәртіп бар жерде – тыныштық бар. Заң үстемдік құрған ортада – сенім мен тұрақтылық орнығады. Ендеше, Шиелі жұртшылығын ортақ жауапкершілікке шақыру – бүгінгі күннің басты талабы.
Гүлхан ЯХИЯ