Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр тәттіде мереке, әр сыйлықта шаттық бар

Әр тәттіде мереке, әр сыйлықта шаттық бар

Әр адамның өмірінде ерекше кезеңдер болады. Кейбірі үшін ол жаңа жұмыс, кейбірі үшін – жаңа қызығушылық, ал енді бірі үшін – жүректен шыққан армандардың шындыққа айналатын уақыты. 2022 жылы ­Набат Сейфоллақызы үшін дәл осындай кезең ­басталды. Декреттегі тыныш күндерде бала күтімімен қатар, ол өз жүрегінің қалауын тыңдап, тәтті өнер әлеміне қадам басты.
Бәрі қарапайымнан басталды. Таза шоколад, нәзік дәмдер және шынайы махаббат. Алғашқы қадам – құлпынайды шоколадпен қаптау. Бұл қарапайым әдіс Набаттың қолында шынайы өнерге айналды. Әр тәттіге жүректің жылуы, мерекенің қуанышы қосылады. Құлпынай әрдайым ерекше сиқырлы көрініп, тәттілердің шынайы дәмін ғана емес, эстетикалық ләззатын да береді.
Кейінгі кезең – кептірілген жемістерден букет жасау техникасы. Бұл фуд флористиканың бір түрі: құрма, өрік, мейіз, кептірілген алма сияқты жемістер арнайы шпажкаға немесе таяқшаларға бекітіліп, гүл тәрізді композицияға біріктіріледі. Қосымша элемент ретінде шоколадқа қапталған құлпынай, жаңғақтар немесе кептірілген гүлдер қосылады.
Кейіпкеріміздің айтуынша, мұның барлығын ол қайныапасынан үйренген. Бір көргеннен үйреніп, тәжірибе жинаған. Осыдан кейін Набат өз кәсібін бастауға бел буды.
– Мен үшін әрбір жасалынған тәтті – бұл тек дәм емес. Бұл адамдардың көңіл-күйін көтеретін, мерекелік сәттерді есте қалдыратын кішкентай өнер. Букет жасасаң, әр гүлде өзіңнің жылы сөзіңді, махаббатың мен көңіліңді қосасың, – деді ол бір сөзінде.
Набат Қаппардың кәсіпкерлік жолы – бұл шабыт пен еңбек, махаббат пен шығармашылықтың үйлесімі. Декреттегі тыныш күндерінен бастаған бұл шағын іс бүгінде көптеген адамдардың мерекесін әсемдеп, тәтті естеліктер қалдыруға қызмет ететін кәсіпкерлікке айналды. Ол әр өнім арқылы жүрек жылуын жеткізіп, мерекелік сәттерді есте қалдыратын өнер жасайды.
«Choco Mood Shieli» арқылы Набаттың еңбегі көпшіліктің көңілінен шығып, аудан тұрғындарының сүйіспеншілігіне бөленген. Көптеген тұтынушылардың пікірлері де осыны растайды:
– Набат жасаған тәттілер мен букеттер біздің мерекемізді ерекше етеді, көңілімізді көтереді, – дейді олар.
Тағы бір тұрақты тапсырыс беруші Ақмарал Жетпісова: – Әр композициядан шынайы махаббат сезіледі, бұл нағыз өнер, – деп айтады.
Осылайша, Набаттың кәсібі бізге армандарға сеніп, оларды іске асыруға батылдық қажет екенін көрсетеді. Декреттегі күндерін тиімді пайдаланып, ол өз шығармашылығын дамытып, адамдарға қуаныш пен жылы эмоция сыйлайтын шағын кәсіп ­бастады. Оның еңбегі мен таланты «Choco Mood Shieli» арқылы көрініс тауып, әр тәтті мен букет адамдардың мерекесін ерекше ететін кішкентай ғажайыпқа айналды. Ал Набаттың табандылығы мен шығармашылығы – басқаларға өз арманын жүзеге асыруға шабыт беретін нақты үлгі.

Айнұр ИБРАШЕВА
22 желтоқсан 2025 ж. 24 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031