Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы

20180622212156 Мемлекеттік қызметші – мемлекет пен халық арасындағы басты дәнекер. Оның әрбір сөзі, әрекеті және азаматтармен қарым-қатынасы – биліктің беделін қалыптастыратын айна. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы – тек жеке мәдениеттің ғана емес, бүкіл мемлекеттік аппараттың абыройының өлшемі болмақ.
Әдептілік – жай ғана сыпайылық емес, ол – кәсіби жауапкершіліктің, адалдық пен әділдіктің белгісі. Мемлекеттік қызметші азаматтардың өтінішін мұқият тыңдап, оларға түсінікті әрі дұрыс ақпарат беру арқылы халықтың сенімін арттырады. Сонымен қатар әріптестермен сыйластықта болу, өз ісінде бейтараптық пен әділетті сақтау – қызмет әдебінің маңызды бөлігі саналады.     
Ал сенім – мемлекеттік қызметтің тірегі. Халық көкейіне сенім ұялату оңай шаруа емес. Оған тек уақыт пен адал еңбек арқылы қол жеткізуге болады. Мемлекеттік қызметкердің бір ғана қателігі немесе жауапсыз әрекеті бүкіл мемлекеттік органдарға деген халық сенімін әлсіретуі мүмкін. Сондықтан бұл салада жүрген әрбір адам өз міндетіне аса жауапкершілікпен қарап, заң мен ар-ожданды басшылыққа ала жүреді.
Тәуелсіз Қазақстанның әлеуетін арттырып, экономикасын алға қарай өрлету үшін ең әуелі әділетті қоғам орната білуіміз керек. Бұл үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ түретін үкімет» жобасын ұсынды. Халықпен ашық диалог орнатып, кері байланыс жасау реформаларын оңтайландырып келеді. Бұл тұрғыда мемлекеттік қызметшілердің атқарар жүгі жеңіл емес. «Жаңа Қазақстанның» жаңа бастамаларын жүзеге асыру жолында әрбір мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін қатаң сақтауы маңызды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытында көптеген реформалар жүзеге асырылуда. Меритократия қағидаты, ашық конкурс арқылы жұмысқа қабылдау, мемлекеттік қызметті цифрландыру – мұның барлығы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, қоғам тарапынан сенімді күшейтуге бағытталған. Бұл өзгерістердің барлығы – азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырып, мемлекеттік аппараттың сапалы қызмет көрсетуіне ықпал етеді.
Ел болашағына елеулі қызмет ету әрбір мемлекеттік қызметшінің алға қойған мақсаты. Мемлекеттің беделін қолдау мен қорғау бізге артылған ең үлкен жауапкершілік. Осы жауапкершілік үдесінен табылып, елге қалтқысыз қызмет ететін боламыз!
Н.Қ.Елшібеков
Шиелі аудандық сотының Сот әкімшісінің басшысы
11 желтоқсан 2025 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031