Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСАНДЫ ҚАЛЖЫҢ – ЖАУАПСЫЗ ӘРЕКЕТ

ЖАСАНДЫ ҚАЛЖЫҢ – ЖАУАПСЫЗ ӘРЕКЕТ

Қазіргі цифрлы заманда жасанды интеллект технологиясының игілігін көріп жатқанымызбен, оны қалжың ретінде пайдалану – қоғамға елеулі қауіп төндіріп отыр. Әсіресе соңғы уақытта кең тарап жатқан ЖИ арқылы жасалатын пранк – жұртты алдаудың жаңа, әрі қауіпті түріне айналып барады.

Жасанды бейнелер арқылы лауазымды тұлғалардың дүкенге сауда жасауға барғаны көрсетілетін «қалжыңдар» көбейіп келеді. Бұған сеніп қалған көпшілік ақпаратты шын деп қабылдайды. Мұндай тәсілмен желіде қаралым жинап, жарнама жасау – жеңіл маркетингтің айласы ғана. Бірақ оның артында адасқан сана, бұрмаланған түсінік, жалған ақпаратқа сеніп қалған қоғам тұрады. Одан да сорақысы – балалар арасында тарап жатқан «қорқынышты пранктар». Мәселен, ЖИ көмегімен «үйге бейтаныс адам кіріп кетті» деген жалған видео жасап, ата-аналарын шошыту – әзіл емес, нағыз қылмысқа пара-пар әрекет. Атаана полиция шақырады, жұмысын тастап үйіне жүгіреді. Ал дәл сол сәтте тәртіп сақшылары шын көмекке мұқтаж жанға кешігіп қалуы мүмкін. Өкініштісі, мұны істеп отырғандар ойланып, жауапкершілік жүгін сезінбейді. Пранк – күлдіру емес, қорқытып, адастыру болса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс. Қазір қоғамға қажет дүние – шын мен жалғанды ажырату қабілеті, ал оған жетелейтін жол – цифрлық сауаттылық. Сондықтан ЖИ мүмкіндіктерін ретсіз пайдалану емес, оны тиімді, пайдалы мақсатқа бағыттау – баршаға ортақ міндет.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ

09 желтоқсан 2025 ж. 26 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031