Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті. ­Салтанатты жиынға аудан әкімі ­Айтбай ­Жандарбеков қатысып, ұлағатты ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.

– Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алаш қайраткері Міржақып Дулатов: ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деп айтқандай, сіздерге артылған жауапкершілік – ұлы міндет. Ел ертеңін сеніп тапсыратын жас ұрпақты тәрбиелеу – қастерлі парыз. Сіздердің еңбектеріңіз Жаңа Қазақстанның жаңашыл да жасампаз ұрпағын тәрбиелеу жолында өлшеусіз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және беделін арттыруға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінде ауданда үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектеп жоқ. Соңғы жылдардың өзінде бірнеше заманауи білім мекемесі пайдалануға берілді. 2023 жылы Жаңатұрмыс ауылдық окургіне қарасты №207 Жаңатұрмыс орта мектебі пайдалануға берілсе, 2024 жылы Иіркөл ауылдық округіне қарасты №133 негізгі мектеп оқушыларға есігін айқара ашты. Сондай-ақ Шиелі кентіндегі №252 Г.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының қосымша бастауыш сынып оқу корпусы жаңадан ел игілігіне берілді. Биыл облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орынды өнер мектебі пайдалануға берілді. Қазіргі таңда бұл ғимараттарда жас ұрпақ өнер мен шығармашылықтың түрлі қырын меңгеруде. Сонымен қатар №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жаңа үлгіде қайта жаңғырды. «Сыр Ұланы» жазғы лагерьі толық абаттандырылып, балалардың демалысын ұйымдастыруға жағдай жасалды.

Ш ұ ғ ы л а ж ә н е « Қ а р л ы ғ а ш балабақшаларының аумағында көркейтукөгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстардың бәрі білім сапасына оң әсерін тигізіп келеді. Мысалы, биылғы оқу жылын аяқтаған 1127 түлектің 881-і ҰБТ-ға қатысып, аудан облыс бойынша орташа көрсеткішпен үздік бестікке еніп, 4 орын иеленді. Орташа бал – 84,3. Ең қуаныштысы тест тапсырған түлектер жоғары оқу орындарына түсті. Сондай-ақ Сыр өңірінде аймақ басшысының қатысуымен өткен облыстық тамыз конференциясында да білім саласының өзекті мәселелері талқыланып, жаңа оқу жылына тың міндеттер айқындалды. Сол жиында аудандағы №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицей «Орта білім беретін үздік ұйым» атанып, 34 млн теңге көлеміндегі қаржылай грантқа ие болды. Бұл ұстаздар еңбегінің және мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтың айқын жемісі, – деді аудан әкімі Айтбай Жандарбеков. Мерекелік шара барысында аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы білім саласына аянбай тер төгіп жүрген ұстаздарға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамоталары, «Алғыс хаттары», облыс әкімінің «Құрмет грамоталары», «Алғыс хаттары», аудан әкімінің «Құрмет грамоталары», «Алғыс хаттарын» табыстаса, Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Д.Насибеков облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасын» «Алғыс хаттарын» табыстады. Ауданда білім саласында 2886 ұстаз 18 143 шәкіртке тәлімді тәрбие, терең білім беру мақсатында аянбай еңбек етіп келеді. Олардың әрқайсысы құрмет пен қошеметке лайық. Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен қорытындыланып, ұстаздарға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы қызмет. Себебі ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген сөзі жыл өткен сайын санамызда жаңғыра бермек. Еліміздің өрісті өркениетке бастаған керуен-көшін ғасырдан ғасырға жеткізетін ұрпақтың сара жолын біліммен салған, жаһандану заманында жалт еткен жаңалықты жатсынбай қабылдап, жас ұрпақтың адами тұлғасын қалыптастыруда болашағына бағдаршам болған ұстаздарға бүкіл адамзат қарыздар. Бүгінгі мерекеде барша ұстаз қауымына шын жүректен алғыс айтамыз.

Әмина ТӘЖИЕВА

07 қазан 2025 ж. 42 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031