Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үрмелі тоспаның игілігі

Үрмелі тоспаның игілігі

Осыдан он жыл бұрын Шиеліде егісті сумен қамтамасыз ету мақсатында Сырдария өзенінде үрлемелі су тоспасы салынған болатын. Кезінде оның ашылу салтанатына қатысып көзімізбен көріп те қайттық.
Бөгеттің жобалық құны – 1,5 миллиард теңге, алайда «Қазсушар» РМК инвестиция тартып, бөгетке 800 миллион теңге көлемінде өз қаражатын жұмсады. Үнемделген қаржыға жаңа техника сатып алынды. Тағы бір ерекшелігі, құрылыс жұмыстары небәрі 7 айда аяқталды. Жоба бойынша, жазғы және қысқы кезеңдерде судың түсуін ескере отырып, құрылысты 3 жылда бітіру жоспарланған. Алайда мамандар вибролотоктарды пайдаланып, суды насостар арқылы азайтып, құрылыс жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтады.
Үрмелі тоспаның басты артықшылығы – өзендегі судың деңгейін оңай әрі жедел реттеуге болады (қажет болған жағдайда 3,5 метрге дейін). Екіншіден, бұл құрылымдар темірбетоннан салынған гидротехникалық нысандарға қарағанда бірнеше есе арзан. Мұндай бөгеттер Қытайда кеңінен қолданылады. Олар тек үнемді ғана емес, сонымен қатар экологиялық жағынан да тиімді.
Су тапшылығы кезінде Шардара су қоймасынан және Көксарай контрреттегішінен Сырдарияға секундына 600-750 текше метр су жіберілетін.
Мамандардың айтуынша, үрлемелі бөгеттердің арқасында бұл көлем секундына 450-500 текше метрге дейін қысқарды. Осылайша, жылына 1 миллиард текше метр су үнемделіп, аймақтың экологиялық жағдайы жақсарды.
Жалпы, бұл жоба тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл ТМД үшін де бірегей. Бұл бөгеттің құрылысы дәстүрлі бөгеттерге қарағанда бірнеше есе арзанға түсті.
«Төңкеріс и К» шаруа қожалығының төрағасы Бауыржан Көпеев бізге берген сұхбатында биылғы дариядағы су деңгейінің төмендігі диқандарды біраз әуре сарсаңға салғанын айтып өтті.
Дегенмен, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бұл қиындық та ұйымшылдық пен іскерліктің арқасында, артта қалған сияқты. Мысалы, Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Н.Нұржігітов осы жазда Шиеліге үш рет келіп кетті.
Біраз жылдан бері пайдаланбай тұрған үрмелі тоспа іске қосылып, оның үрметін көрген диқан қауымның осы тірліктің басында жүрген азаматтарға алғыстан басқа айтары жоқ.
– Күріш судан қалмасын деп өзімізде бар бес су насосын да пайдаландық Оған 40 тоннадай дизель отынын жұмсадық, – дейді Б.Көпеев.
Әрине, мұндай жағдайда артық шығынсыз болмайтыны да рас. Дегенмен диқандарымыздың маңдай тері ақталып, күзгі салым жақсы пайдаға шығып, жерден терген несібе мол болсын демекпіз.

Айдар Бақытжанұлы
25 тамыз 2025 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (9329)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (9328)

16 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031