Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзіңе, айналаңа қауіп-қатер төндіру жақсы нәрсе емес

Өзіңе, айналаңа қауіп-қатер төндіру жақсы нәрсе емес

Жаппай блмаса да, ара тұра көшеде қатты масаң күйде жүрген, не болмаса құлап қалып, ұйықтап жатқан азаматтарды көріп қаламыз. Кейбір кезде еш қысылмай, қымтырылмай мекеме алдына келіп жатып, жантайып ішетіндерді де көзіміз көрді.
Жақында Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан бір мекеме алдына түн ортасында келіп «отырыс» ұйымдастырған бір топ азамат бейнекамераға түсіп, аудандық полиция бөлімі қазіргі уақытта сол факт бойынша іс-шара жүргізуде.
Дәл осы мәселемен біз Шиелі аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Алтай Бұйрабековке хабарласып, төмендегідей мағлұмат алдық.
Жалпы мұндай әректтер Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440- бабы бойынша ( Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) жазаланады.
Жергілікті атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді деді.
Осы бап бойынша аудан жыл басынан бері 371 дерек анықталып әртүрлі дәрежедегі жаза қолданылыпты. Т.Рысқұлов көшесіндегі оқиға бойынша бір азамат анықталып, жаза қаралып, екуіне ескерту беріліп, профилактикалық сұхбат өткізілген көрінеді.
Лауазым иесіне тағы бір сұрағымыз, «глушителін» алып тастап айналаны басына көтеріп жүрген мопед немесе мотоцикл жүргізушілері жайлы болды.
Осы жылдың шілде айында «Мопед» атты жедел іс шарасы өткізіліп, 14 көлік иесіне шара көрілген екен. Көліктер айыппұл тұрағына тоғытылыпты. Содан бері түнгі мотобайкерлердің қарқыны бәсеңсіген. Дегенмен Жақаев ауылымен шектесіп жатқан халық кезінде «Жетім ауыл», «Мультфильм ауыл» деп лақап ат қойып алған, кенттің «Береке» мөлтек ауданында түнделетіп үш-төрт жігіт әлі де болса шығып жүргенге ұқсайды.
Бұл құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік кодексі не дейді?
612-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы
1. Жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, өзімен бірге басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі; Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, көлік құралына тіркеу құжаттары; көлік құралына заңнамада белгіленген өзге де құжаттары жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруы – ескерту жасауға не бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралын басқару құқығынан айырылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
5. Басқару құқығы жоқ адамға (белгiленген қағидаларға сәйкес жүргiзуге оқыту жағдайларын қоспағанда) не көлiк құралын басқару құқығынан айрылған адамға көлiк құралын басқаруға беру – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Көріп тұрғанымыздай бұл бап бойынша жаза алдыңғыға қарағанда қаталдау. Дегенмен де мына шіліңгір ыстықта арақ ішіп, көшеде мас боп жату да немесе құжатсыз көлік жүргізіп өзіңе, айналаңа қауіп-қатер төндірген де жақсы нәрсе емес.
Сондықтан, ағайын, абай болайық. Заңды, өзімізді сыйлайық.

Айдар Бақытжанұлы
18 тамыз 2025 ж. 47 0

Қоғам

ҚАЛТАНЫ ҚАҒАР ҚЫРКҮЙЕК
16 қыркүйек 2025 ж. 21

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930