Болат АХМЕТОВ: Жұмысшы мамандықтарды даярлаудың жауапкершілігі жоғары
Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Ал мұндай мамандарды даярлап, кәсіби білім беруде өңірдегі Мұрат Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің жұмысы жолға қойылған. Соған сәйкес Мұрат Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис коллледжінің директоры Болатбек Ахметовпен әңгіме өрбіттік.
– Болатбек Әбиұлы, ең әуелі жұмысшы мамандықтар жылының маңыздылығына тоқталып өтсеңіз.

– Жаңа оқу жылы басталуға жақын. Жұмысшы мамандық иелерін даярлайтын оқу орнының алдағы жоспары қандай? Колледж қандай мамандықтар бойынша білім береді? Мамандықтарды талапкерлер өздері таңдап келе ме?

– Колледждің материалдық-техникалық базасы қандай және басқа қандай жаңа тың жаңалықтарды әкелу жоспарларыңызда бар?

– Сұранысқа сай мамандық иелерін даярлауда оқытушылық құрамның жұмысы маңызды рөл атқарады. Қазір білімі мен біліктілігі ұштасқан қанша инженер-ұстаздар жұмыс істейді?
Әңгімелескен Нұр БАҚЫТ
– Болатбек Әбиұлы, ең әуелі жұмысшы мамандықтар жылының маңыздылығына тоқталып өтсеңіз.
– Өздеріңізге белгілі, биылғы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл жыл еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлап, жастарды осы салаға көптеп тартуға мүмкіндік береді. Президентіміздің бұл шешімі мемлекетімізде бірқатар бағыттар бойынша нақты шараларды жүзеге асыруды көздейді. Мәселен, бірінші кезекте кәсіби білім беруді дамыту жоспарға қойылып отыр. Яғни жұмысшы мамандықтарына арналған колледждер мен оқу орталықтарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, білім беру бағдарламаларын заманауи талаптарға сәйкестендіру қайта қаралады. Сондай-ақ өндірістік тәжірибе мен дуальды оқытуды күшейту арқылы түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері артып келеді. Оған қоса жалақы мен еңбек жағдайларын жақсарту да басты назарда. Мамандардың әлеуметтік қорғалуы мен еңбек жағдайларының жақсаруы олардың жұмысқа деген ынтасын арттырады. Осыған байланысты мемлекет еңбек ақыны көтеру, әлеуметтік пакеттерді кеңейту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді шараларды іске асыруға басымдық бермек.Қазір қоғамда еңбегі еленбей қалатын маман иелері өте көп. Осындай еңбек адамдарының бейнесін қоғам алдында көрсетіп, құрметке бөлеу, жастар арасында жұмысшы мамандықтарына қызығушылық ояту мақсатында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу маңызды рөл атқарады. Мәселен, еңбек ардагерлері мен үздік жұмысшыларды марапаттау, олардың жетістіктерін елге көрсету арқылы жастарға үлгі етуге болады. Сонымен қатар жұмысшылардың өмір сүру сапасын арттыру мәселесі де күн тәртібінен түспей келеді. Яғни, қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, балаларға арналған білім беру және бос уақытты тиімді өткізу орындарын ашу арқылы жұмысшылардың өмір сапасын көтеру жоспарлануда.

– Жаңа оқу жылы басталуға жақын. Жұмысшы мамандық иелерін даярлайтын оқу орнының алдағы жоспары қандай? Колледж қандай мамандықтар бойынша білім береді? Мамандықтарды талапкерлер өздері таңдап келе ме?
– Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі – жарты ғасырлық шежірелі бай тарихымен, көпжылдық білім және ғылым саласындағы тәжірибесімен ерекшеленген аймақтағы білім ордасы. Біз, бәсекеге қабілетті, заман талабына сай жаңаша ойлайтын жоғары деңгейлі білікті мамандар даярлауда отансүйгіштік бағытта тәрбиеленген мамандарды дайындап жатқандығымызды сеніммен айта аламыз. Сондай-ақ ол техникалық және кәсіптік білім беру саласының имиджін көтеруге септігін тигізетіні сөзсіз.Әр өңір өзінің экономикалық әлеуетіне қарай қажетті маман иелерін даярлауда түрлі деңгейдегі бағдарламалар бойынша жастарды ынталандырып, кәсіби білімін жетілдіруге күш салады. Біздің де жоспарлы жұмыстарымыз жоқ емес.
Бүгінде колледжде 7 мамандық 9 біліктілік бойынша білім береді. Ол мамандықтардың барлығы еңбек нарығына қажет және сұранысқа ие. Нақтылап өтсем, «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Сандық техника (түрлері бойынша)», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары бойынша)», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Маркетинг (салалар бойынша)», «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану» бойынша білім береді. Яғни осы мамандықтар арқылы талапкерлер «Кондитер-безендіруші», «Аспаз», «Электронды және сандық техникаларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі механик», «Телекоммуникациялық жабдықтар мен байланыс арналарын электромонтаждаушы- реттеуші», «Жабдықты баптаушы», «Арнайы тігінші», «Модельер-пішуші», «Сатушы» мен «Жол-құрылыс машиналарының машинисі» бойынша біліктілігін арттырып, нағыз маман иесі болып шығады.
Шыны керек, қазір ата-аналар мен 9 сынып оқушылары әрбір оқу орнының жетістігіне үңіліп, оқытушылар құрамына қарай таңдау жасау қажет екенін енді түсініп келе жатыр. Әлеуметтік желі арқылы кез келген ақпаратты жылдам әрі тез ала алады. Сол арқылы колледждің жұмысымен танысуға келеді.
Оның үстіне колледж тарапынан жыл бойы кәсіби бағдар жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Біз баламен қатар ата-анамен де кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізуіміз қажет.
Мектепте жасөспірім шақта оқуға ынтасы болмай жүрген балаға «Колледжге түссең, шәкіртақы аласың» десең, бала ерекше өзгеріп жаңадан дем пайда болып, мамандыққа деген ынтасы ашылады. Яғни, біз баланы «Сен жамансың! Сенің қолыңнан келмейді!» деп емес, оның бойындағы ашылмай жүрген жаңа қырларын оятып, оны дамытуға көмектесуіміз керек.

– Колледждің материалдық-техникалық базасы қандай және басқа қандай жаңа тың жаңалықтарды әкелу жоспарларыңызда бар?
– 2013 жылы Қызылорда облысы еңбек ресурстары балансы негізінде колледж қызмет көрсету және сервис бағытындағы мамандар даярлауға салаландырылды. Соған сәйкес «Электргазбен пісіруші», «Жол құрылыс машиналарын техникалық пайдалану», «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету», «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандықтары қысқартылып, нәтижесінде «Тоңазытқыш-сығымдағыш машиналар және қондырғылары», «Радиотехника және байланыс», «Телекоммуникациялық құралдармен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Одан қала берді 2012 жылы жергілікті бюджет есебінен – 10 миллион теңге қаржы бөлініп, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша зертханасы жаңа үлгідегі жабдықтармен жабдықталды. Оған қоса «Best – Service LTD фирмасы» ЖШС демеушілігімен – 10 миллион теңге көлемінде абаттандыру жұмыстары және «Аспаз» зертханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жол құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша 10 миллион теңгеге «Автокран» автокөлігі алынды.
2014 жылы жергілікті бюджет есебінен «Радиотехника және байланыс» және «Телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша)» зертханасы құны 13085,0 мың теңгенің жаңа қондырғы, құрылғылармен толықты.
Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен 25000,0 миллион теңге қаржы бөлініп, «Тоңазытқыш-сығымдағыш машиналар және қондырғылары» мамандығы бойынша зертханалық құрал-жабдықтар алынып толық жабдықталды. Колледждің ішкі және сыртқы бөлігінде 24 бейнебақылау орналасқан. 2016 жылы толық күрделі жөндеуден өтіп, 360 орындық оқу орнында 17 теориялық оқу кабинеті жұмыс жасап тұр. Қазір облыстың мамандықтар атласына сәйкес жаңа мамандықтар ашу жоспарлануда, сол себепті колледж аумағынан өз қаражатымыз есебінен жылыжай құрылысын бастадық. Ондағы мақсат – алдағы уақытта жылыжай шаруашылығы мамандығына лицензия алу, жаңа мамандық ашу. Осы себепті біз жастарды жаңа мамандыққа бағыттап, теориямен тәжірибені ұштастыра отырып үйретуіміз керек.

– Сұранысқа сай мамандық иелерін даярлауда оқытушылық құрамның жұмысы маңызды рөл атқарады. Қазір білімі мен біліктілігі ұштасқан қанша инженер-ұстаздар жұмыс істейді?
– Иә, білім беруде педагог мамандардың жұмысында жауапкершілік болуы шарт. Өйткені білім алушыда соның ырқына қарай қозғалып отырады. Қазіргі студенттермен де тіл табысу оңай емес. Шындығында ұстаздардан бөлек, мен өзім де үнемі білім алушылармен бірге боламын. Кез келген ұйымдастырылған шараның басында болып, жас болмасам да солармен бір толқында тілдесіп отырамын.– Сұхбатыңыз үшін рақмет!
Бұдан бөлек, колледжде барлығы 57 инженер педагог жұмыс істейді. Оның ішінде 3 магистр, 1 кандидат, 2 зерттеуші, 12 сарапшы, 24 модератор бар. Өз кезегінде белгіленген мамандықтарына сәйкес сағаттық тағылымдамадан өтіп, білімдерін тұрақты жетілдіріп отырады.
Осы ретте білім алушылар туралы да айтпай кетуге болмас. Себебі жоғарыда айтқан ұстаздардың еңбегінің арқасында ерекше көзге түсіп, білімге құштарлығы артқан студенттеріміздің арасында колледж абыройын асқақтатып жүргендері де бар.
Мәселен, жыл сайын аймақта «Worldskills Qyzylorda – 2025» кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылады. 2022 жылғы «WorldSkills» чемпионатында білім алушыларымыз «Аспаз ісі», «Кондитер ісі», «Сән технологиясы» құзыреттіліктері бойынша қатысып, аймақтық деңгейден «Аспаз ісінен» Арайлым Дастанова І орын, «Кондитерлік ісінен» Динара Туремурат ІІІ орын иеленді. Сол секілді 2023 жылы да аталған чемпионатта «Аспаз ісі», «Сән технологиясы» құзыреттіліктері бойынша қатысып, аймақтық деңгейден «Аспаз ісінен Арайлым» Дастанова І орын, «Сән технологиясынан» Әйгерім Кенжеғалиева ІІІ орын иегері атанды. 2024 жылы Азамат Нәни «Аспаз ісі» бойынша І орын, Гүлбану Асылбекова «Кондитерлік іс» құзыретінен І орын, Әйгерім Кенжеғалиева «Сән технологиясы» құзыретінен ІІІ орын иемденді. Сондай-ақ 2025 жылы жуырда ғана Зейнулла Бақытбек «Аспаз ісі» құзыретінен І орын, Гүлбану Асылбекова «Кондитерлік іс» құзыретінен І орын, Гүлім Тұрсынбай мен Нұрай Мәлікқызы «Сән технологиясы» құзыретінен ІІ орын иегерлері атанды.
60 жылға жуық тарихы бар колледжден талай түлек түлеп ұшып, бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етіп келеді. Қоғамдағы орнын тауып, тұлға болып қалыптасып, ел дамуына зор үлес қосып жүр.
Құрметті, талапкер! Бүгінгі сенің таңдауың – сенің жарқын болашағың! Сондықтан келешегіңе көз тастап, өзің қалаған мамандығыңның майталманы болудың кірпішін осы бастан қала. Келіңіз, Мұрат Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі есігін айқара ашады.
Әңгімелескен Нұр БАҚЫТ