Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда күн суытады

Қазақстанда күн суытады

Қазақстанда күн суытады«Қазгидромет» РМК 31 шілдемен, 1-2 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz. Ел аумағында бірнеше күн бойы сақталған ыстық ауа райын циклон ауыстырып, жауын-шашынды кезең басталды. Синоптиктердің мәліметінше, тіпті оңтүстік өңірлерде де күн салқындай бастады. «Алдағы тәуліктерде баяу қозғалатын циклон Қазақстанның көп бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Ел аумағында жаңбыр жауады, солтүстік пен шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі, кейбір өңірлерде бұршақ түсуі де мүмкін», дейді мамандар.
2 тамыздан бастап солтүстіктен антициклонның келуімен ауа райы өзгере бастайды. Атмосфералық қысым көтеріліп, жауын-шашын тоқтайды.  Солтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы төмендеп, +15…+20 градусқа дейін салқындайды.
30 шілде 2025 ж. 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930