Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СІБІР ЖАРАСЫ САҚТЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

СІБІР ЖАРАСЫ САҚТЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

Қазақ халқы қашанда төрт түлігін өргізіп, оның қадірқасиетін жақсы түсінген. Мінсе – көлік, жесе – тағам, ішсе – сусын болған төрт түліктің күтіміне де ерекше назар аударған. Өйткені тазалық сақталмаған, тексерістен өтпеген қорадағы малдан түрлі ауру тарауы әбден мүмкін. Сол үшін де қора-жайды залалсыздандырып, малды дәрілеуді де уақытылы қолға алған жөн.

Төрт түлікте кездесетін инфекцияның бірі – сібір жарасы. Ол – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақталады. Ауру жеке органды ғана емес, тұтас ағзаны да зақымдайды. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. Ауырған жануардың зәрі мен нәжісінде ауру қоздырғышы анықталады. Ауру – су және жем арқылы жұғады. Жануарлардағы сібір жарасы келесі ерекшеліктермен сипатталады: дене қызуының көтерілуі, қан қысымының төмендеуі, қанды іш өту және құсу. Ал жануарлар құлайды, ауыз қуысынан, мұрыннан, анустан қан бөлінеді. Өлім 30-60 минуттан соң туындайды. Басқа неғұрлым ұзақ өтетін формаларында алдымен малдың тәбеті төмендейді, сиырлардың саумасы азайып, сүттің дәмі ащы, консистенциясы шырышты, түсі қанды болады. Жануардың терісінде жара, ісіну болуы мүмкін. Өлген жануардың қаны қара май түсті болады, ұйымайды. Ол жиі мұрыннан, анустан ағуы мүмкін. Мәйіттің сіресуі болмайды. Адам ауру жануарлардан, мал сойғанда, малға күтім көрсеткенде, асқа ауру малдың етін, сүтін қабылдағанда, споралары бар терісін қолданғанда жұқтырады. Аурудың формасына байланысты адамда дене қызуының көтеріліуі, тері жарасы, ісіну; ауыр формаларында қанды іш өту және құсу, ішінің ауыруы, өкпе аурулары, жүрек әлсіздігі пайда болады. Емдеусіз ауру өліммен аяқталады. Мал сою кезінде еттің және басқа өнімдердің қауіпсіздігін растау үшін міндетті түрде лабораториялық зерттеулер өткізу қажет. Үй жағдайындағы мал сою кезінде терілерді, тері шикізатпен айналысатын мекемелерге өткізу алдында, оларды сібір жарасына лабораториялық зерттеу өткізу қажет. Өзіңіздің денсаулығыңызды қауіп-қатерден сақтау үшін тағамға қолданылатын мал өнімдерін, оларды өңдеуден өткізу тек қана ветеринар сараптамасынан кейін ғана қолданғаныңыз жөн! Сараптамадан өткен етті сатып алсаңыз да, өзіңізге ереже етіңіз: етті үйде қолғаппен бөлу керек, тақтай, пышақ тек қана шикі етке ғана арналған болуы керек. Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда міндетті түрде тез арада медициналық көмекке жүгініңіз, себебі ем неғұрлым ерте басталса, нәтижесі де қолайлы болады.

Н.ОСПАНОВ, аудандық СЭББ бас маманы

26 мамыр 2025 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9306)

28 мамыр 2025 ж.

№38 (9305)

24 мамыр 2025 ж.

№37 (9304)

20 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031