Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сібір жарасы инфекциясынан сақ болыңыздар!

Сібір жарасы инфекциясынан сақ болыңыздар!

Қостанай облысында Сібір жарасы анықталды Сібір жарасы – Bacillus anthracis бактериясынан туындаған жіті инфекциялық ауру. Оған адамдар да, жануарлар да шалдығады. Сібір жарасы адамдар арасында сирек кездеседі. Дегенмен, ауру жануарлардан немесе олардан алынатын өнімдерден инфекция жұқтыру қаупі бар. Сібір жарасы уақтылы емделмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Бірақ, қазіргі заманғы медицина мен алдын-алу әдістерінің дамуы ауруды бақылауға алуға мүмкіндік береді.
Сібір жарасының адамдарға жұқтырушы көзі – үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа, жылқы, бұғы) болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбіне жанасу арқылы (малды сою кезінде немесе мал терісін өңдеуде) және бактерияның спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішкенде жұғады. Сонымен қатар, ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін. Ауру адамнан адамға жұқпайды.
Инфекцияның берілу жолдары:
Байланысты – ауру жануарларға күтім жасау кезінде зақымдалған тері немесе шырышты қабықтар арқылы:
ұшаны өңдеу, терісін алу және өлген жануарлардың өлекселерін көму кезінде;
сібір жарасы даулары бар топырақпен жұмыс істеген кезде;
Алиентарлы – ауру малдардан алынған ет тағамдарын дайындау және тұтыну жолы арқылы.
Аэрогенді (ауа — шаң) – спорды ингаляциялау жолымен.
Трансмиссивті-жәндіктердің шағуы (соқыр, шыбын, масалар) арқылы.
Ауру тез басталады: алғашқы сағатта – дене температурасы 38-40 градусқа дейін күрт жоғарылайды және әлсіздік пайда болады.
Сібір жарасының белгілері
* Дене температурасының жоғарылауы, қалтырау.
* Бас ауруы.
* Қатты әлсіздік.
* Төменгі арқадағы ауырсыну.
Ауру тері жамылғысын зақымдайтын және сирек түрде ішкі мүшелерді де зақымдайтын түрде өтеді. Инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік формада бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күнге дейін созылады. Аурудың терілік түрінде қабыршақ (карбункул) айналасындағы қызарған терінің ортасындағы қара дақ қызыл шоқтың ортасындағы көмір тәрізді көрінеді. Оның айналасында сезімталдық мүлде болмайды. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы болады. Адамда ауру көп жағдайда терілік формада болады. Үрдістің сепсиске ұласуы (теріден тыс түрі) қоздырғыштың тыныс алу, асқазан-ішек жолдары арқылы енген жағдайында дамиды. Терілік формада оның сепсиске ұласуы сирек кездеседі. Дер кезінде емделмеген жағдайда ауру өлім жағдайымен аяқталады. Аурудың бастапқы кезеңіндегі айтылған белгілер байқалған жағдайда науқас міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуі қажет. Сібір жарасының ең тиімді алдын-алу шарасы — жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Ауруға қарсы вакцинацияға ет комбинаттарында, мал шаруашылығында жұмыс істейтіндер, тері-жүн өңдеумен айналысатындар, етті тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, қатысатын адамдар жатады. Сонымен қатар, егумен үй жануарлары да егіледі. Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарлардың барлығы қамтылуы тиіс. Жануарларды егу жұмыстары тегін жүргізіледі. Өлген жануарды тиісті құзырлы мекеме өртеп, жояды. Ауру мал жатқан немесе сойылған орынға басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде жұмыс істеуіне тыйым салынады. Дәрігерге дер кезінде қаралғанда және арнайы емдеу шараларын жүргізгенде дерттен толығымен айығып кетуге болады.
Н.Оспанов
Шиелі аудандық СЭББ бас маманы
21 мамыр 2025 ж. 50 0