Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тағы 29 жол учаскесі ақылы болады

Қазақстанда тағы 29 жол учаскесі ақылы болады

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Сенатта жолдардың мәселесін талқылауға арналған Үкімет сағатында айтты.

- Жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, жолдарды нормативтік күтіп ұстауды тұрақты қаржы көзімен қамтамасыз ету үшін ақылы жүйе кезең-кезеңмен енгізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ұзындығы 3,2 мың шақырымды құрайтын 17 ақылы жол учаскесі бар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ақылы жолдардан 48 млрд теңге мөлшерінде төлем жиналды. 2025 жылы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, жалпы ұзындығы 6,2 мың шақырым болатын 29 учаскеде ақылы жүйе енгізіледі, - деді М. Қарабаев.

Осы орайда министр жоспарланған кіріс көлемі жылына 100 млрд теңгеден асатынын айтты.

"Болашақта барлық жолдарды күтіп ұстау, арнайы техника сатып алу және қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жабу ақылы жүйе есебінен қаржыландырылады", - деді ведомство басшысы.

Сурет: ҚазАвтожол

23 мамыр 2025 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031