Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстау облысында 16 баладан А гепатиті анықталды

Маңғыстау облысында 16 баладан А гепатиті анықталды

Маңғыстау өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің басшысы Гүлшат Шорбасова жыл басынан бері А гепатитінің 20 жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Гүлшат Шорбасованың айтуынша, ауру көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмендеген. 2024 жылдың алғашқы үш айында өңірде 29 адамнан А гепатиті анықталған, оның 16-сы балалар. Гүлшат Шорбасованың сөзінше, көбінесе бұл ауру 14 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Ауру деректері барлық қала мен аудандарда тіркелген, тек Бейнеу ауданынан басқа.
"Қарақия ауданында 10 бала ауырған. Жаңаөзенде 3 бала, ал Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарында бір-бір жағдайдан тіркелді, – деді маман.
Сондай-ақ дәрігер сырқаттанған балалардың жартысы вакцина алмағанын атап өтті.
"А гепатитінен қорғанудың ең тиімді жолы - алдын ала вакцина салдыру. Екі жасқа толған балалар мен бұған дейін екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар иммундауға жатады. Қытайдың "Хеолайф" вакцинасы екі кезеңнен тұрады: алғашқысы мен екіншісі арасында алты ай үзіліс болады. Жыл сайын Маңғыстау облысында 18 мың балаға вакцина салынады, – деп қосты дәрігер.
28 сәуір 2025 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031