Қазақстан мен БАӘ арасындағы әуе қатынасы кеңейеді
1 маусымнан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңа «Air Arabia Abu Dhabi» әуе компаниясы Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына ресми түрде кіреді. Бұл компания Абу-Даби мен Алматы қалалары арасында тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz. Жоспарға сәйкес, рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Екі ел арасындағы әуе қатынасының кеңейтілуі азаматтар үшін қолайлы әрі тиімді халықаралық бағыттардың артуына жол ашады.«Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек», деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Air Arabia Abu Dhabi – Таяу Шығыстағы жетекші лоукостерлердің бірі болып саналатын Air Arabia компаниясының еншілес кәсіпорны.








