Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Облыс аумағындағы орман қоры жерінің жалпы көлемі 7,0 млн гектар болса, оның 3,8 млн гектары орманды алқаптарды құрайды. Биыл аймақтағы орман өрті 50 пайызға азайған. Қазіргі таңда оның табиғатқа келтірілген шығыны анықталу үстінде. Бұл туралы Өңірлік коммуикациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Түйменов айтты.
– Биыл өрттің алдын алу және болдырмау мақсатында облыс бойынша құрамында 78 адамы бар 15 мобильді топ құрылды. Олармен бірге қала мен аудандар бойынша 28 рет рейдтік шара жүргізілді. Орман және тоғайлы алқаптарда табиғи өрттің алдын алу бағытында қала, аудан төтеншеліктері тарапынан ауылдық округ әкімдері мен орман шаруашылығы қызметкерлері, шаруа қожалық иелерімен бірлесіп 64 іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға барлығы 628 адам қатысқан. Сонымен қатар, «Қазақстан Ғарыш Сапары» мекемесінің сайты арқылы департаменттің жедел кезекшісі күнделікті космомониторинг жұмыстарын жүргізеді. Космомониторинг кезінде анықталған белгілер бойынша координаттары нақтыланып, аталған елдімекеннің жергілікті атқарушы органдарынан ақпарат алынады. Жалпы облыс бойынша орман алқаптарында барлығы 6 503 шақырымға минералды жолақтар жүргізу жоспарланса, қазіргі таңда 500 шақырымына жүргізілген. Аймақта жергілікті атқарушы органның есебінен 31 өрт сөндіру бекеті құрылған. Ол бекеттер 118 298 тұрғыны бар 76 елді мекенді өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда өрт қауіпті кезеңі бойынша профилактикалық шаралар жүргізіліп, тиісті мамандардың қатаң бақылауында, - деді Жасұлан Қалдыбайұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
08 сәуір 2025 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930