Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ИГІ ІСТІҢ ЖАРШЫЛАРЫ

ИГІ ІСТІҢ ЖАРШЫЛАРЫ

Қасиетті рамазан айында ауызашар беру үлкен сауапты іс саналады. Бұл ізгілікті істен кәсіпкерлер қауымы да шет қалып жатқан жоқ. Жақында орталық мешіт пен аудан кәсіпкерлері ораза ұстаған жандар мен атаанасының қамқорынсыз қалған балаларға ауызашар ретінде рухани кеш ұйымдастырды. Басқосуда аудан әкімі Айтбай Жандарбеков сөз сөйлеп, мешіт ұжымы мен кәсіпкерлерге толағай табыс тіледі. Сондай-ақ облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің іс басқарушысы, «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс бойынша жетекшісі Жидебай Оңталап игі шараға куәгер болып, зекеттің қоғамдағы пайдасы турасында уағыз айтты.

Ораза – тән мен жанның тазаруы. «Он бір айым бір төбе, бұл бір айым бір төбе» дегендей ауыз бекітудің адам денсаулығы мен жан дүниесінің жаңаруына пайдасы зор екендігін айтқан аудан басшысы ауызашар ұйымдастырған жандарға ризашылығын білдірді. Жалпы берекелі дастарқанға 142 кәсіпкер атсалысты. Оның ішінде Шиелі аудандық орталық мешіт халықтың берген пітір садақасынан 150 отбасыға азық-түлік, 200 адамға «Рамазан тәттісін» таратып, «Өмірге үміт сыйла» акциясына қатысты. Яғни ІІ топ мүгедек кент тұрғынына мүгедек арбасын сыйға тартты. Жомарт жандардан құралған кәсіпкерлер қауымы 1 млн теңге ­медресе құрылысына берсе, ­Сейтенов көшесіндегі өртенген үйге 1,5 млн теңге көлемінде қаржылай көмек табыстады. Жиналған халыққа орталық мешіттің бас имамы Рахат Қожанов отыз күн Оразаның қадір-қасиеті туралы насихат-уағыз айтып, Құран оқыды. Он екі айдың сұлтаны – Рамазан айы Алла Тағаланың мейірім нұры жауатын, сабырлыққа шақыратын кешірім айы екеніне кеңінен тоқталды. – Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа и е б о л а д ы . П а й ғ а м б а р ы м ы з (с.ғ.с.):«Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ­ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» дегенде, сахабалардың біреуі бір адамға да ­ауызашар беретін мүмкіндігі жоқтығын айтты. Оларға жауап ретінде: «Бір құрмамен ауызашар берген адамға да, тек сумен ғана ауыз аштырған адамға да, аздаған сүт берген адамға да бұл сауап жазылады», – деп жауап береді (Бәйһақи). Тағы бір хадисте: «Ауыз бекіткендер тамақ жеп отырған уақытта тойғанға дейін ауызашар берген адамға игілік тілеп тұрады» делінген. Міне, бұл ­хадистерден байқағанымыздай, ­ауызашарда дастарқанның ас та төк болуы міндетті емес, әркім жағдайына қарай берсе болады. Ең бастысы – Алланың разылығын табу ниеті болса болғаны, – деді Р.Серікбайұлы. Осылайша, имандылық үйіндегі ақ дастарқанның соңында ауызашарға жиналғандар мешіт қызметкерлері мен кәсіпкерлерге алғысын айтты.

Айнұр ИБРАШЕВА

31 наурыз 2025 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930