Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » НАУРЫЗНАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ТАЗАРУ КҮНІ

НАУРЫЗНАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ТАЗАРУ КҮНІ

Елімізде өткен жылдан бастап Нау рыз мерекесі жаңа форматта аталып өте бастады. Ұлыстың ұлы күні жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында тойланады. Осылайша, қазақстандықтар көктем мерекесін екі-үш күн емес, он күн бойы тойлайды. Себебі Ұлы даланың халықтық мерекесі кем дегенде 8 күнге созылған. Оны тарихи деректерден де көре аламыз.
НАУРЫЗНАМА ТАРИХЫ
Қазақ халқының Наурызды тойлау дәстүрі бір күнмен шектелмеген. Ұлы далада көктем мерекесі кем дегенде бір аптаға созылды. Бұл туралы этнограф-ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Наурызнама» атты еңбегінде жазған. «Жиырма тоғыз жасымда Бұқари шәріпте Ғабдолла ханның Наурызнама тойының ішінде сегіз күн болдым» дейді Көпейұлы. Ал тағы бір жазбасында «Үйсін Төле бидің заманында Наурызнаманың қадір құны астан, тойдан ілгері (жоғары) болған» деген сөздер бар.
Ол кезде Наурызнаманың ұйымдастырушысы – бай және ауқатты адамдар, негізгі көркі – жастар, берекесі – ауыл ақсақалдары, ал ризығы – ақ дастарқан болған. Наурыз мерекесінің бір ерекшелігі – оны кезінде ауқатты, бай адамдар өткізген.
НАУРЫЗНАМА ЖАҢҒЫРДЫ
Жоғарыда айтқанымыздай, бұдан былай Ұлыстың ұлы күні жыл сайын 14-23 наурыз аралығында тойланады. Оны жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігі деп атады. Негізгі мақсат – көпкүндік мерекенің қыр-сырын ашып, дәстүрлі сипатын дамыту. Ол үшін онкүндіктің әрбір күні белгілі бір шаралар ұйымдастырылады.
23 наурыз – Тазару күні. Наурызнама онкүндігінің қорытындысы болып отырған атаулы күн ұлттық экологиялық науқанға арналған. Қыстағы жаңа жылды әртүрлі отшашумен қарсы алсақ, қазақтың жаңа жылы бірінші наурыздан басталған. Бұл күні барша жұрт жаңа жылдың келуімен бір-бірін құттықтап, амандық сұрасады.
Тазару күні – жеке адам ғана емес, қоғам тазаратын күн. Бұл күн еліміздегі экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай қағида бұрында да қазақ қоғамында болған. Мысалы, Наурыз мейрамында тұрғындар бірлесіп, бұлақтың көзін ашатын, ағаш егетін, арықтарды тазалайтын. Сөйтіп, қоғамға да, табиғатқа да пайдалы іспен шұғылданған.
Бұл күні халық үйді, ауланы қыстан кейін тазалап, қалпына келтіріп, керек емес заттарды тастайды. Психология тұрғысынан қарасақ, айналада тәртіп орнаса, заттар ретімен орналысып, қоршаған ортамыз таза болса, біздің өмірімізде де тәртіп пен жүйе болады.
Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – көктемнен қысқа көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны.

Асылым ДҮЙСЕНБАЙ
27 наурыз 2025 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930