Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ВОКЗАЛ КЕЗЕКШІСІ

ВОКЗАЛ КЕЗЕКШІСІ

«Құрметті жолаушылар мен күтіп алушылар. Абай болыңыздар. №22 Қызылорда-Семей жүрдек пойызы екінші жолға қабылданады. Вагондардың реттік саны пойыздың басынан саналады. Пойыз толық тоқтағанша вагондарға жақындамаңыздар. Сақ болыңыздар».
Бұл – Шиелі стансасына келіп тоқтаған әрбір жолаушылар пойызынан түскен немесе жолаушылап бара жатқандарға сәттілік тілеген вокзал бастығының кезекші көмекшісі Гүлшат Шүлтікованың дауысы. Шынында, бұл тек Гүлшаттың ғана емес, барлық кезекшілердің міндеті. Иә, сәттілік тілеу кімге де болса, жақсылық тілеумен бірдей. Міне, 35 жыл қызметте абыройлы еңбек етіп келе жатқан кейіпкеріміз Шиелі вокзалындағы тәжірибелі маманның бірі. Қызылорда қаласындағы теміржол техникумын тәмамдаған Г.Көлбайқызы жұмыстан еш қажыған емес. – Ұжымым шағын болса да, өте ұйымшыл, бірлігі де жарасқан. «Еңбегіне қарай өнбегі» дегендей, басшыларымыз да еңбегімізді бағалап, түрлі марапаттарға ұсынуда. Сый-құрметтен де кенде емеспіз, – дейді Гүлшат. Расында, өз ісінің білгірі атанған сала майталманы отбасында да қадірлі. Отағасы Назарбек Махамбетовпен бірге 2 ұл, 2 қыз, 7 немере тәрбиелеп отырған бақытты жан.

А.ИБРАШЕВА
08 наурыз 2025 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031