Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, төрт адам көз жұмды

Жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, төрт адам көз жұмды

5 маусым күні Чехияның Пардубице қаласында Regiojet жолаушылар және жүк пойызы соқтығысты, деп жазады Egemen.kz.
Апат салдарынан 4 адам көз жұмып, 26 адам зардап шекті. Бұл туралы Қала губернаторы Мартин Нетолицки жазып, құтқару жұмыстары әлі де жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Жараланғандардың ішінде 20 адамның жарақаты жеңіл екені мәлім болды, ал үш жолаушының жағдайы орташа ауыр.

Regiojet жеке теміржол компаниясының түнгі экспрессі Чехия астанасы Прагадан Словакияның Кошице қаласына бара жатқан.

Жүк пойызы кальций карбидін тасымалдап бара жатқан. Апаттан химиялық қосындылар төгілмеген.

ČT24 ақпараттық арнасының хабарлауынша, апат Прагадан шығысқа қарай 100 шақырымдай жерде орналасқан Пардубице қаласындағы бас вокзал маңында болған.

Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Ал Zdopravy.cz порталы апаттан екі пойыз машинисі де аман қалғанын және төтенше жағдайға RegioJet пойызының қателігі себеп болуы мүмкін екенін жазды.

Фото: SCANPIX/EPA/JIRI SEJKORA
06 маусым 2024 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930