Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САЛЫҚ ТӨЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ АУДАН ТАЗАЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

САЛЫҚ ТӨЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ АУДАН ТАЗАЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жақында облыс әкімінің міндетін атқарушы Данияр Еренғалиұлы өткізген мәжілісінен кейін, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков салық мәселелері мен аудан тазалығы туралы арнайы мәжіліс өткізді. Салық мәселесі бойынша аудан басшысы тұрғындарға салық төлеу мәдениетін арттыру қажеттілігіне назар аударды. Әсіресе, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін уақытында орындауы маңызды екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде аудан бюджетінің қалыптасуына және қоғамдық қызметтердің сапасын арттыруға үлес қосады. Сонымен қатар, аудан тазалығы мәселесі де басты назарда болды. Аудан әкімі мекеме басшылары мен жауапты тұлғаларға қысқы кезеңде қардан тазарту, көше бойындағы қоқыстарды жинау және қоғамдық орындарды таза ұстау бойынша нақты тапсырмалар берді. Тазалық тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір тұрғынның да ортақ міндеті екені айтылды.

@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

27 ақпан 2025 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9282)

25 ақпан 2025 ж.

№14 (9281)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (9280)

18 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728