КӨПШІЛІКТІ ҚЫЗЫҚТЫРҒАН ҚҰРЫЛҒЫ

Ғылыми бағыт десек, бірден ойымызға күншығыс елі елестейді. Жапония – әлемдегі озық технологияларды меңгерген елдің бірі. Олар ғылым мен жаңа технологияларға ерекше көңіл бөліп, үнемі жүйені жаңартып отырады. Жапон оқушылары мектеп қабырғасында шағын кәсіп ашуға дағдыланып, инновациялық жобаларын өндіріс орындарына ұсынады. Жапон педагогикасының мақсаты – ұжымда бірлесіп жұмыс істей алатын еңбек адамын тәрбиелеу. Олар тек еңбек арқылы ғана қоғамда жоғары орынға жетуге болатынына сенеді. Білім ордасының тыныстіршілігімен танысқанда, б і з з а м а н а у и құрылғыларға айрықша көңіл бөлдік. Робототехникадан бастап түрлі құрылғыны көрдік. Алайда ерекше назарымызды аударған құрылғы өсімдіктерді суаратын көлік болды. Алтынаймен сұхбаттасқанымызда ол бізге осы жобаның мәні мен ерекшеліктерін былайша түсіндірді: – Оның негізгі қызметі – үй а у л а с ы н д а ғ ы г ү л д е р д і д ә р у м е н д е р м е н қоректендіру. Құрылғының тағы бір ерекшелігі – н а м а з ш а м секілді түнде г ү л д е й т і н өсімдікті жарық көзін пайдалана отырып, суаруға көмектеседі. Сондай-ақ судың қысымын қолдана отырып ауыр заттарды көтеруге де пайдасы зор.
–Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынды алады. Десек те, сол кең байтақ жерімізді игеру жағы кемшін түсіп жатады. Ал көрші мемлекеттерге қарайтын болсақ, күнделікті тұтынатын жемісжидектер мен дәнді-дақылдардың түрлерін көбейтуде. Біз де осы қарқыннан қалмай, жаңа жобаларды жүзеге асыруымыз қажет. Сол себептен егістік алқабы мен үй шаруасында пайдалануға болатын осындай құрылғыны жасап шығаруды мақсат еттім, – дейді дарынды оқушы. «Жақсы ұстаз жақсы шәкірт тәрбиелесе ғана, шын ұстаз бола алады» деген ұлағатты сөздің терең мәнін Алтынайдың өмірінде Гүлжауһар Қаппарқызы дәлелдеген. Ол Алтынайды ғылым әлеміне алғаш қадам басуға ынталандырған ұстаз болды. Гүлжауһар Қаппарқызының ақыл-кеңестері мен қолдауы Алтынайдың шығармашылық ізденістеріне негіз қалап, жас өнертапқыштың ғылыми жолға деген қызығушылығын арттырды. – Алтынай өсімдіктерді суаруға арналған құрылғыны бір айда жасап шықты. Бөлме гүлдеріне кейде су құйылмай қалады. Әр гүлдің өсу жолы да әртүрлі. Мәселен, бір гүлді күнде суару керек, ал енді бірін күнде суарса, тамыры солып қалады. Сол себепті бұл құрылғының маңызы айрықша. Сонымен қатар оқушым түрлі ғылыми жобаларға қатысып, өз білім-біліктілігін арттыруда. «Зерде», «Тапқыштар», «Жас өнертапқыштар» атты байқауларда бағын сынап, жүлделі орындарды алып жүр. Ғылыммен қатар, шығармашылыққа бейім. Қылқаламмен бала кезден дос. Сабақта суретті салу арқылы әртүрлі құралдарды пайдалана отырып, бұйымдар жасайды, – дейді ұстазы. Әрбір адам жас шағында ақпарат пен білімді қабылдауға өте бейім келеді. Шынайы ғалым болу үшін, бала кезден бастап, қоршаған ортаны, табиғатты, ғажайып құбылыстарды зерттеп, таңданыспен қарай білу керек. Бұл кезеңде өзіңе бағыт-бағдар алып, қандай маман болатыныңды айқындайсың. Ал біз Алтынайдың бойынан дәл осы ғылымға деген терең қызығушылықты байқадық. Оның әр қадамы мен ізденісі – болашақ ғалымның алғашқы белгілері.
– Өсімдіктерді қарау, баптау – менің сүйікті ісім. Құрылғыны жасауыма осы қызығушылығым әсер етті. Бірде бөлмемнен жапырақтары сарғайған, топырақтың табиғи құрылымы өзгеріске ұшыраған гүлдерді көрдім. Оған басты себеп – дұрыс суарылмауы. Осы жайтты дереу информатика пәнінен беретін Гүлжауһар апайыма айттым. Сөйтіп апайыммен ақылдасып, бірнеше идеяларды жүзеге асырдық. Бір ерекшелігі, құрылғыны медициналық сымдар мен сызғыш құралдары арқылы құрастырдық. Судың қысымы арқылы гүлдердің өсуіне ықпал жасадым. Жалпы гидравликалық құрылғының адам денсаулығына ешқандай кері әсері жоқ. Менің ендігі мақсатым – құрылғыны тек гүлді емес, бірнеше өсімдікті суаратын деңгейге жеткізгім келеді, – дейді А.Бейсенбек. Жаңа технологияларды меңгеріп, өндіріске жол ашуды көздеген Алтынай ғылыми жобалардан қол үзбей, үнемі дамуды мақсат етіп отыр. Оның осы ұмтылысы бізді таңқалдырды әрі қуантты. Жас ғалымның алға қойған мақсаттары айқын, ал талпынысы табысқа жетелейтіні сөзсіз. Сондықтан біз тек сәттілік тілеп, болашағына зор үміт артамыз!
Айнұр ИБРАШЕВА