Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «КҮРІШШІДЕН» «НАМЫСҚА» ДЕЙІН

«КҮРІШШІДЕН» «НАМЫСҚА» ДЕЙІН

Шиелі ауданының футбол тарихы өте бай. Бұл туралы жазу аса қиын болған жоқ, себебі 1980-2000 жылдар аралығында мен аудан құрамаларының әртүрлі деңгейлерінде, жасөспірімдерден бастап ардагерлер құрамына дейін ойнадым. Ал 1960-80 жылдар аралығын зерттеу әлдеқайда қиын болды. Дегенмен, кезінде футболдан аудан намысын қорғаған ардагерлеріміз Рахым Мауяев, Сұлтанбек Оразымбетов, Сейітқали Ділімбетов, Қасым Иманбердиев, Нұрмаш Аманқұлов және басқа да көптеген футбол сүйер жандардың естеліктері арқасында осы кезеңнің кейбір тұстарын қалпына келтіре алдық. Өкінішке орай, ол уақыттағы көп суреттер отбасылық альбомдарда сақталмаған. Бірақ есесіне бұрын еш жерде жарияланбаған естеліктер бар.
Сұлтанбек Оразымбетовтың естелігі: 1960 жылдың соңында, 1970 жылдың басында мен «Қызыл ту» колхозының комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істедім. Сол кездегі колхоз төрағасы Әбутәліп Бижановтың қолдауымен біз футбол командасын құрдық. Команданың атауын таңдаған кезде біз академик, дала академигі Ыбырай Жақаевқа жүгіндік. О л а з - к е м о й л а н ы п : « Б і з д і ң командамыздың атауы «Күрішші» болғаны дұрыс. «Өйткені күріш – біздің басты байлығымыз әрі Сыр жерінің мақтанышы» деді. Осылайша, Еңбек Ері батасын берген команданың атауы «Күрішші» болып бекітілді. Футбол формасы, доптар, бутсылар мен басқа да керек-жарақтарды алу үшін Ташкентке бардық. Колхоз бізге сол уақытта өте қомақты қаражат – 500 рубль бөлді. «Күрішші» командасы үш рет ауыл спортшылары арасындағы облыстық біріншіліктің жеңімпазы атанып, республика біріншілігінде облыс атынан ойнады. Бұл жарыстар «Қайрат» спорт қоғамының аясында өткізілді. Кейіннен «Күрішші» бірнеше маусым бойы облыстық чемпионаттың бірінші лигасында сәтті өнер көрсетті. Қазір, өкінішке қарай, облыс пен аудан чемпионаттары толыққанды өткізілмейді, өз және сырт алаңдарда өтетін ойындар жүйесі жоқ. Осыған байланысты ауыл стадиондары қаңырап бос тұр. Жергілікті билік бұл мәселеге назар аударуы тиіс. Себебі қазір бұрынғыға қарағанда мүмкіндіктер әлдеқайда көп. Қ а с ы м И м а н б е р д и е в т і ң естелігінен 1966 жыл мен үшін Англияда өтетін әлем чемпионатын асыға күткен жыл болды. Өзім де байқамай, футболға қызығылушығым арта түсті. Әрине, біз алаңқайларда, аулаларда резеңке және басқа да арзан доптарды теуіп, терезелерді сындырып, тізе мен шынтақтарды қан-жоса қылып жүрдік. Бұл жабайы футбол еді. Ал жылдар өте футболға деген көзқарасым өзгере бастады. Ол кезде Шиеліде әлі теледидар жоқ еді. Радиодан «Қайраттың» ойындарын тыңдадық. Тимур Сегізбаев пен Вадим Степанов бастаған команда жанкүйерлерін ерекше қуантатын. «Советский спорт» газетіне жазылып, «Футбол» апталығын оқи бастадым. Екі рубльден артық ақшаға Латышевтің «Футбол төрешілігі» кітабын сатып алдым. Кейінірек «Футбол техникасы» атты кітап қолыма тиді. Мектептен кейін бірден стадионға асығатынбыз, дәлірек айтсақ, қазіргі әкімдік тұрған орында орналасқан алаңға. Кеш батқанша, алғашқы аязға дейін доп тебетінбіз. КСРО құрамасының матчтарын 10-15 адам болып ретрансляциялық пункттен тамашалайтынбыз. Бұл станция Ташкент, Алматы, Душанбе және басқа қалаларға сигнал беретін «Коммунизм» колхозында орналасқан еді. 1966 жылғы чемпионаттың есте қалған сәттерінің бірі – КСРО мен ГФР арасындағы жартылай финал. Немістер есепті ашты. Тайм соңында Игорь Численко қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Екінші таймда Беккенбауэр Яшин қақпасына гол соқты. Бірақ Поркуян оған жауап қайтарды. Англия баспасөзі: «Он бір батысгермандық футболшы он кеңестік ойыншының рухын сындыра алмады!» – деп жазды. Осылайша, футболдың жай ғана спорт емес, саясат екенін түсіндім. Өз командамыз бен чемпионатымыз, командамыз болғанын қаладым. Алдымен атау таңдау керек болды. «Қайрат» пен «Спартак» арасында пікірталас жүрді, ақыры «Қайратқа» тоқтадық. Форма алу үшін әркім екі рубльден жинады. 1967 жылдың көктемінде мен Ташкентке жол тарттым. Сол кезде қала 1966 жылғы жер сілкінісінен кейін қайта қалпына келтіріліп жатқан еді. «Пахтакор» мен «Торпедо» матчына бардым. Геннадий Красницкий, Берадор Абдураимов және Эдуард Стрельцов ерекше есте қалды. Командалық форманы ашық жасыл түсте алып, қызыл бояумен нөмірлерді салдық. Маған 11-нөмір бұйырды – бұл Джордж Бестің нөмірі еді. 10-нөмір (Пеле) – Витька Атлетовке, 7-нөмір (Гарринча) – Сашка Горинге, 4-нөмір (Альберт Шестернев) – Мишка Киселевке, 5-нөмір (Валерий Воронин) – Костя Юферовке, 8-нөмір (Эдуард Стрельцов) – Коля Лиге, 3-нөмір (Франц Беккенбауэр) – Қалтай Мырзахметовке берілді. Нағыз әлемдік жұлдыздар құрамасы сияқты едік! Жаттығуға жан-тәнімізбен кірістік. Солақай ойыншылар аз болғандықтан, өзім сол аяқпен ойнауды үйрендім. Күнде 8-10 шақырым жүгіріп, штанга көтердім. Бірақ басты мәселе – кіммен ойнаймыз? Әкеммен кеңестім. Ол ойланып: «Бірдеңе ойлап табамыз», – деді. Шиелі – Қызылорда тас жолының бойындағы «Тартоғай» станциясынан 2-3 шақырым жерде көпқабатты ғимарат бой көтеріп тұрды. Кейін белгілі болғандай, бұл ғарыштық байланыс станциясы екен. Сол жердегі әскери бөлімнің командирімен әкем келіссөз жүргізіп, бізге «Звезда» командасы келетін болды. Үш күн бойы афишалар ілінді. Бірнеше жүздеген адам жиналды. Бұл Шиелі футбол тарихындағы алғашқы «халықаралық» матч еді. Әскери команда 15-17 жастағы жасөспірімдерді 3:1 есебімен жеңді. Бірақ біз де жауапты ойын өткіздік. Қонақта 2:2 есебімен тең түстік. Футболға деген қызығушылық артып, аудандық атқару комитеті футболды дамыту туралы қаулы қабылдады. Әр кәсіпорында, шаруашылықта спорт ұжымдары құрылып, аудан біріншілігіне қатысу міндеттелді. Кейіннен облыстық чемпионатқа да қатыса бастадық. 1970 жылы «Алтын дән» кубогының финалында Аралдың «Чайка» командасын 5:1 есебімен жеңіп, облыс чемпионы атандық. Ол – Шиелі ауданы құрамасында он жылдан астам уақыт ойнады. Футбол сүйер қауым оны «Турка» деп атайтын. Тұрматтың қақпадағы батыл ойыны команданы бірнеше рет жеңіске жеткізді. Оның стилі мен келбеті КСРО құрамасының аты аңызға айналған қақпашысы Ринат Дасаевқа ұқсайтын. Тұрмағамбет Жағыпбаровтың естеліктері: «1980 жылдан 1995 жылға дейін Шиеліде нағыз футбол бумы болды. Чемпионаттар, кубоктар тұрақты түрде өткізілетін. Ауданға шебер командалар, Кеңес Одағы мен Қазақстанның футбол жұлдыздары жиі келіп ойнады. 1987 жылы Шиелінің «Колос» командасы өз тарихындағы ең үлкен жетістіктерінің біріне қол жеткізді. Біз облыс кубогын жеңіп алып, қызылордалық «Орбита» командасын 7:2 есебімен жеңдік және Қазақстан Кубогының 1/32 финалында ойнау құқығына ие болдық. Шиелі футболының өрлеуі Нұрмаш Аманқұлов есімімен тығыз байланысты. Ол ұзақ жылдар бойы біздің командамыздың ойнаушы жаттықтырушысы болды. Оның тәрбиесінен өткен жиырмадан астам футболшы қазақстандық кәсіпқой клубтарда ойнады, елдің жасөспірімдер және жастар құрамаларының негізгі ойыншылары. Сол кездегі Шиелі құрамасында ағайынды Сайдаш және Саидселім Хазуевтар да ойнады. Сайдаш – шабуылшы, оның 195 см бойы мен ірі дене бітімі қарсылас командалардың қорғаушыларына үлкен қиындық тудыратын. Оны қызылордалық «Мелиоратор» командасы шақырғанымен, отбасылық жағдайларға байланысты ол Қызылордаға кете алмады. Саидселім, шиеліліктерге «Зико» атымен танымал, бастапқыда қорғаушы болып ойнады, кейін «Түркі» футболдан кеткен соң қақпашы болды. 1990 жылдардың басында Саидселім Шешенстанға көшіп, сол елдің бірінші лига командасында қақпашы болып ойнады. Алайда, әскери қақтығыстар басталған соң, Шиеліге оралып, «Локомотив» футбол клубында ойнауды жалғастырды. Сайдаш Хазуевтың естеліктері «Ол кездері Шиеліде бұқаралық футболдың алтын дәуірі болды. Аудан орталығында да, ауылдарда да стадиондар көрермендерге толы болатын. Біз барлық облыс қалалары мен аудандарына барып, ойын өткіздік. Сол кезде мен алғаш рет Ленинск қаласын көрдім, онда облыстық чемпионаттың ойыны өтті. Қызылорданың «Орбита», «ЦКЗ», «Локомотив», «РМЗ» сияқты командаларымен бәсекелестік өте жоғары болатын. Облыс чемпионатының жоғары лигасында ауданнан екі команда ойнады – «Колос» (Шиелі) және «Алға» (Алғабас ауылы). Мен «Колос» сапында сегіз маусым, «Алғада» екі маусым ойнадым. Кейін команда «Сұңқар» атауымен өнер көрсетті. Сонымен қатар, аудан чемпионатында да ойнадық. «Локомотив» (локомотив депосы), «Құрылысшы» (ПМК-7), «Күрішші» (Жахаев ауылы), «Еңбек» (Төнкеріс ауылы) сияқты көптеген қызықты командалар болды. 1980 жылдары футбол ауданымызда жаңа белеске көтерілді. «Колос» командасы 1986 жылы Қазақстан кубогының 1/16 финалына дейін жетіп, Жамбылдың «Химигінен» 1:2 есебімен ұтылды. Нурмаш Аманқұлов баптаған жастар «Кожаный мяч» республикалық турнирін жеңіп, КСРО деңгейінде 24 команданың ішінен 6-орын алды. Осы жылдар ішінде Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамасында, сондай-ақ ,«Қайрат», СКА (Ростов-наДону), СКА (Хабаровск), «Динамо» (Киров), «Қайсар», «Тараз», «Екібастұзец», «Намыс», «Тобыл», «Ордабасы», «Шахтер», «Оқжетпес». клубтарында Шиеліде туып өскен футболшылар ойын көрсетті. Олардың қатарында Геннадий Войцехов, Нурмаш Аманқұлов, Нурлан Сыздыков, Қанат Мусатаев, Жалғас Алтаев, Сүйіндік Көшеков, Олжас және Елжас Менлібаевтар, Бағдат Ерденов, Бектас Ертаев, Дархан Бекішев, Жалын Әзімхан, Жасұлан Молдақараев, Қайсар Майраш және басқа да футболшылар бар. 1980 жылдан бері шиелілік футболшылар бірнеше рет чемпион атанып, аудан және облыс кубоктарын жеңіп, 15 рет «Алтын күз» ауыл спартакиадасының жеңімпазы атанды. Өкінішке қарай, былтырғы облыс біріншілігінде шиелілік «Намыс» өз деңгейіндегі ойын көрсете алмады. Жарысқа қатысқан 8 команданың ішінде, тек бесінші орынға ғана табан тіреді. Бұл әрине, тарихы бай, өзіндік қолтаңбасы, ойын стилі бар командамызға лайықты көрсеткіш емес. Аудандық спорт және туризм бөлімінің басшысы Нариман Сапарбаев биыл облыс чемпионаты мамыр айында басталатынын айта келе, қазір «Намыс» командасын жаттықтыратын бірнеше бапкердің кандидатуралары қаралып жатқанын баяндады. Айдар БАҚЫТЖАНҰЛЫ,
Суреттер Шиелі адандық
өлкетану музейі мен
жеке архивтерден алынды
17 ақпан 2025 ж. 72 0