Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көкшетауда «Тұқым-2025» тұқым күні өтті

Көкшетауда «Тұқым-2025» тұқым күні өтті

Көкшетауда агрономдар, сарапшылар және Қазақстан, Еуропа мен жақын шетелден келген зерттеушілерді жинаған «Тұқым-2025» халықаралық конференциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.Сапалы тұқымдар жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады. Өткен жылы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы мамандары агрономиялық технологияларды қатаң сақтаудың, элиталық тұқымдардың егіс алқаптарын ұлғайтудың және мемлекеттік қолдау бағдарламаларын табысты іске асырудың арқасында айтарлықтай жетістіктерге жетті.
Тұқым сұрыптау бұл үдерісте маңызды рөл атқарады. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын шығарумен белсенді айналысады. Орталық ғалымдарының еңбегінің айқын нәтижесі ретінде «Таймас» жаздық жұмсақ бидай сорты атап өтуге болады. Өткен жылы бұл сорт Қазақстанның климаттық өзгерістеріне бейімделуімен және селекциядағы инновациялық жетістіктерімен ерекшеленіп, үлкен маңызға ие болды, – деп жазылған мәліметте.
Конференция барысында ғалымдар мен мамандар тұқым сапасын арттыру, қазіргі заманғы селекциялық технологияларды енгізу, өңдеудің инновациялық әдістерін қолдану және өнімділікті арттыруға бағытталған сорттарды жетілдіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ шетелдік және отандық селекционерлер әзірлеген болашағы зор жаңа ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары туралы ақпарат ұсынылды.

08 ақпан 2025 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031