«ҚР Қызыл Ай Қоғамына» мүше болып кіру және купондарын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Қызыл Ай Қоғамы гуманитарлық салада мемлекетімізге белсенді жәрдемдесетін бірден бір қоғамдық мекеме. Атап айтқанда Қазақстан Қызыл Ай қоғамын 18 филиалды біріктіріп отырған, гуманитарлық салада белсенді іс-қимыл атқаратын Қазақстандағы модераторлардың бірі есебінде өзінің қатарында еріктілері бар ұйым болып табылады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Қызыл Ай Қоғамы – Халықаралық Қызыл Ай және Қызыл Крест қоғамдарымен және Қытай, Германия, Испания, Швейцария, Бельгия, БАӘ қоғамдық ұйымдарымен, сонымен қатар әлеуметтік – серіктестік негізде. Білім, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Төтенше Жағдай Министірліктерімен, Болат Өтемұратов қоры, «The Coca-cola Foundation» ЖШС, «Байерсдорф Казахстан» ЖШС, «Газпром нефть-Казахстан» ЖШС, «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ сияқты ірі компаниялармен әрдайым тығыз байланыста.
2024 жылы Қызыл Ай Қоғамы су тасқынынан зардап шеккен Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, және Қарағанды облыстарында 26 мыңнан астам адамға (5,3 мың жанұя) қайырымдылық көмек көрсетті. Соның ішінде киім, аяқ-киім – 13 650 адамға, санитарлық гигениалық заттар (памперс, сабын, т.б) – 25 400, азық – түлік – 18 900 кг, ассуы – 3400 л, матрац, одеяло, жатын комплект – 4265 комплект. LC WAIKIKI компаниясының 10 тонна киімдерін таратуда 712 ерікті, 24 қызметкерлер тегін жұмыс атқарды.Нақты айтқанда, Қызыл Крест және Қызыл Ай Халықаралық федерациясының төтенше жағдай қоры арқылы жоба ұйымдастырылып, Ақмола, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарына 285,5 млн теңгеге, 5000 адамға жәрдем берілді.
Шеврон компаниясының демеушілігімен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына (11 801 адам) 895,8 млн теңгеге азық-түлік, санитарлық-гигиеналық заттар, көрпе-төсектер мен жамылғыштар алуға қайырымдылық көмек көрсетілді.Қазақстан Республикасы Қызыл Ай Қоғамының Қызылорда облыстық филиалының атқарып жатқан жұмыстарына назарыңызды аудара отырып, филиал облыс көлемінде әлеуметтік-серіктестік негізінде. Облыстық денсаулық басқармасы, Білім басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Облыстық төтенше жағдайлар департаменті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қызылорда филиалымен және облысымыздағы үкіметтік емес ұйымдармен меморандумға отырып, бірлесіп жұмыс атқарып отырғандығын мәлімдеймін. Филиал 2015 жылдан бері үкіметтік емес ұйымдардың «Азаматтық альянс» қауымдастығына мүше. 2024 жылы облыстық филиал ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, біршама қайрымдылық шаралар өткізді.
Атап айтқанда №43, №144 мектептерге бастауыш сыныптарына заманауи тезнологиямен өткізілетін, құны 70000 теңге тұратын әдістемелік оқу құралдарын табыс етті. Сәуір айында Қазақстанның біраз облыстарында орын алған су тасқыны кезінде облыстық филиал ішкі мүмкінділігін пайдалана отырып Атырау қаласына 100,0 мың теңгеге азық-түлік заттар жіберді. Сол сияқты Құрбан айт – дәстүрлі мерекесіне 1 млн. 123 мың теңге екі қара мал сойып, 40 мұқтаж отбасына, 20 балаға аяқ-киім, оқушы формалары, аталған акцияға Біріккен Араб Әмірлігі Қызыл Ай Қоғамы мұрындық болды, тамыз айында «Мектепке жол» акциясы аясында 12 оқушыға 92,0 мың теңгеге сумка, оқу құралдары алынды. Қыркүйек айында әлеуметтік көмекке мұқтаж 16 отбасыына 376,0 мың теңгеге азық – түлік берілді.
2024 жылы қараша айында Біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл Жарты Ай қоғамының демеушілігі және Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамының ұйымдастыруымен облысымызға құны 1,8 млн тұратын ұңғымадан су тартатын үш насос алынып беріліп Қызылорда қаласының Белкөл, Қармақыш ауданы III Интернационал, Сырдария Ауданының Шіркейлі елді мекендеріне орнатылды. Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамы 2007 жылдан бері асыраушысынан айрылған балаларға Біріккен Араб Әмірлігінің Қызыл Ай Қоғамының демеушілігімен, соның ішінде Қызылорда облысының балаларына жәрдемақы беріп келеді. Бүгінгі күні облыс бойынша 600-ге жуық бала ай сайын 50 АҚШ доллары есебінен жәрдемақы алуда. Осы жылдың маусым айында 500 балаға 55,0 млн. теңге жәрдемақы берілді.
Сол сияқты филиал, төтенше жағдайлардың (табиғи және техногендік) алдын алу, судан құтқару, зілзала зардаптарын жою шараларын оқытуды жүзеге асыруда. Осы шара барысында үстіміздегі жылы 900 жоғарғы сынып оқушылары және 50 мектеп қызметкерлері қамтылды және Төтенше жағдайлар департаментінің Жалағаш ауданында ақпан айында өткізген командалық – штабтық оқу жаттығуына қатысты. Облыстық филиалдың ұйымдастыруымен «Үздік санитарлық жасақ» сайысы жоғары сынып оқушылары арасында дәстүрлі түрде 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді. Сайыстың қорытындысы бойынша оқушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сайыстың негізгі мақсаты Салауатты өмір салтын қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарын насихаттау және патриотизмге тәрбиелеу. Биылғы іс-шараны Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап өткізілу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, жыл сайын облыстық қан орталығы мекемесімен бірлесіп, ақысыз қан донорлықты насихаттау акциялары тұрақты ұйымдастырылуда. 2024 жылы 14 маусымда өткізілген акцияға 93 еріктіміз ақысыз қан тапсырды. Қазақстан Республикасы Қызыл Ай Қоғамы Қызылорда облыстық филиалы аймақта гуманитарлық жәрдем беру, алғашқы көмекті ұйымдастыру, донорлықты және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстарын алдағы уақытта жалғастырады.
Қазақстан Республикасы Қызыл Ай Қоғамы жоғарыдағыны мәлімдей отырып Қызылорда облыстық филиалдың негізгі табыс көзін қайырымдылық купондар, мүшелік жарна, демеушілік көмектер құрайтынын атап өтіп, осыған байланысты Сізден 2025 жылы ҚР Қызыл Ай Қоғамының қайырымдылық купондарын аймағымыздың білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелері мен бизнес құрылымдарына таратуға және Қызыл Ай Қоғамына мүше болып кіріуіне қолдау көрсетуіңізді өтінеді.