БҰЛ ОРТАЛЫҚ – БІРЛІКТІҢ ОРДАСЫ
Бүгінде бизнес, сауда, автокөлік орталығы дейсіз бе, әйтеуір неше түрлі орталықтардан аяқ алып жүре алмайсыз. Әрине, ашылсын, артығы болмайды. Оны көпсініп отырған жоқпыз. Барлығы өмірдің бүгінгі қойған талабынан туындаған нысандар екеніне талас туғыза алмаймыз. Алайда қазіргі қоғамға адам жанының азығына айналатын орталықтар керек секілді. Сізге сауал қояйыншы. Осы сіз жаныныңызға демеу беретін мекенде соңғы рет қашан бардыңыз? Жақында ғана ашылған Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан Руханият орталығына бару туралы ойланып көрдіңіз бе? Сұрағыма ойланып қалдыңыз ба? Оны да түсінуге болады. Себебі руханият орталығы деген атаудың өзі айрықша мән береді. Бұл орталық қызмет жасай бастағанына куә болғанымыз біздің сол күні тапқан басты құндылығымыз. Үлкен олжамыз. «Руханият орталығы – бірліктің бастауы» деген атауының өзі үлкен маңызға ие екенін де айқын аңғардық. Сонымен әлқисса, Руханият орталығында өткен журналистің бір күнімен сіздер де таныс болыңыздар.
ТАТУЛЫҚ МЕКЕНІ
Дүйсенбі күні. Сағат 09.30. Қойын дәптерімді қолыма алып, ерекше нысан «Руханият» орталығына қарай бет алдым. Ауа райы да тамаша. Дәл алдымда сәні мен салтанаты жарасқан ғимарат көздің жауын алып тұр. Хош, жаңа ғимараттың ішіне кіріп көрелік. Есікті ашқан сәттен бастап, ішкі аурасы ұнай бастады. Жылы, жарық әрі заманауи түрде безендірілген. Бірінші қабатында тарихи өлкетану музейі, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес, үкіметтік емес ұйымдар, әйелдер кеңесі, қоғамдық келісім, неке сарайы орналасса, екінші қабатында аудандық кітапхана, жастар ресрустық орталығы, қызметкерлер және әдістемелік, қабылдау бөлмесі, балалар кітапханасы, сондайақ оқырмандар кітап оқитын оқу залы да қарастырылған. Тағы бір ерекшелігі, мұнда электронды оқу залы да бар. Ал төменгі қабатында қорлар сақталған. Аудандық архив қайда десеңіз, міне дәл осы жерден табасыз. Бірліктің ордасына айналған орталықта еркін, алаңсыз аралап жүргің келе береді. Қабырғаға ілінген суреттер де ерекше көзге түстетіні рас. Алдағы уақытта ғимарат ішінде мәдени көпшілік шаралар, концерттер, мерекелік кештер көптеп жоспарлануда. Әрі қарай уақытымызды ұттырмау үшін біз әр бөлімге жеке тоқталғанды жөн көрдік. Алдымен бірінші қабаттағы аудандық тарихи өлкетану музейіне бардық.
АУДАН МӘДЕНИЕТІНІҢ МӘЙЕГІ
Музей – тарихтың айнасы, ұлттық қазынаның ошағы. Атабабасынан қалған дүниені «атамның көзі, мұрасы» деп, қастерлеп қарайтын қазақ үшін «музей» ұғымы сонау ықылым заманнан ақ қалыптасқанын аңғарасыз. Бүгінгі таңда музейлердің саны артып, заман ағымына сай ілгерілеуіне күш салынып, тарихи орталықтар өткенімізді айшықтай түсетін жәдігерлермен толықтырылуда. Сондай мәдени орындардың бірі – Шиелі аудандық тарихиөлкетану музейі. Музейге кірерде қатты қуандық. Себебі ол жаққа бір кірсеңіз, шықпай қалатыныңыз анық. Іші сырға толы, ғажайып әлемге кіріп кеткендей күйге енесіз. Әрбір жәдігерлерге сағаттап қарап тұруға болады. Қызметкерлері де өз ісінің білікті мамандары. Барлығын егжейтегжейлі түсіндіріп. сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар алдымыздан аудандық тарихи өлкентау музейі филиалының меңгерушісі Бауыржан Тұрғанбайұлы жылы қарсы алып, жұмыс барысымен толықтай таныстырды. – Шиелі аудандық тарихиөлкетану музейінің экспозиция залынан аудан тұрғындары мен қонақтары ежелгі заман мен орта ғасырлар кезеңі, Ұлы Жібек жолының мол мұрасы мен кейінгі заман жәдігерлеріның сабақтастығын көріп, этнография мен қолданбалы өнер туындыларын тамашалай алады. Музей экспозициясы өлке фаунасы мен флорасынан басталған. Экспозицияға аудан аумағында кездесетін жан жануарлар мен құстардың тұлыптары және өсімдіктердің түрлері қойылған. Әрі қарай залдан республикалық маңызы бар тарихимәдени ескерткіш – Сауысқандық жартасқа салынған бейнелерді көре аласыздар. Келген қонақтардың назарына Бала Сауысқандық шатқалындағы петроглифтердің жалпы көрінісі мен фрагметтерінің фотосуреттері, археологиялық жәдігерлер мен кітаптар, Сауысқандық шатқалынан алынған тау тастары ұсынылған. Сондайақ экспозицияда өлкедегі ортағасырлық қалашықтары – Бестам, Қызылтам және Қазақстанның республикалық және өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген тарихи кешендері – Оқшы ата пантеоны, сәулет өнері ескерткіштері, Қыпшақ мемлекеті, Ақ Орда мен Қазақ хандығының астанасы – Сығанақ қалашығы тарихынан сыр шертетін фотосуреттер мен археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған археологиялық жәдігерлер жайлы тың ақпаттар айтылады. Сонымен бірге Қазақ хандығы мен ұлтазаттық көтерілістердің тарихы жайлы, ХІХХХ ғғ. Ресей империясының отарлау кезеңіндегі Шиелі өңірінің саясиэкономикалық жағдайы, Ресей империясының бекіністерінің салынуы, XIX ғасырдағы Сырдария өзенінің бойындағы Ақмешіт пен Жөлек бекіністерінің тарихы, Түркістан автономиясының президенті, мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі, Ұлы Отан соғысы жылдарында шиеліліктердің майдан мен тылдағы ерліктеріне арналған тағы сол сияқты құжаттар сыр шертеді, – дейді Б. Шығанбаев. Осылай музейді қызықтап жүргенімізде сағатымыз 11.30дан асыпты. Түйгеніміз, экспозиция залы тек құндылықтар сақтайтын көрме ғана емес, ол ұлттық ғылымизерттеу мекемесі. Біздегі келесі бағыт – ардагерлер, ақсақалдар, әйелдер, аналар, қоғамдық кеңес және қоғамдық келісім мен үкіметтік емес ұйымдар.
РУХАНИ ОРТАЛЫҚТАР
Елдің мүддесі талқыға түскенде ақсақалдардан ақыл сұрап, «келісіп пішкен тон келте болмайды» деп айтатынымыз бар. Өнегесін айтып, өрелі істің басықасында жүретін ақсақалдардың ақыл кеңесі қашан да қажет. «Тентегін тезге салып», ауылдың берекебірлігін ұйытып, елді ынтымаққа шақырып, жастарға бағытбағдар көрсететін ардагерлер кеңесі үрдісін үзген жоқ. Сонау қиынқыстау заманнан бері ел басқарған басшықосшылар ақсақалдарға арқа сүйеп келеді. Шиелі ауданында аталған кеңес әкімдікпен бірге тізе біріктіріп жұмыс атқаруда. Тіпті ардагерлер кеңесінің қатысуынсыз өткен шаралар некенсаяқ. Мәселен, мемлекеттік және кәсіби мерекелерде, иә болмаса жастарға, отбасылық жағдайларына қатысты шаралардан қалмай, үнемі қатысады. Ұйым төрағасы Өркен Исмаил бастаған ардагерлердің өздері де түрлі форматта ісшара өткізеді. Елдің мұңмұқтажын аудан әкіміне жеткізіп, халық пен билік арасына алтын көпір салып жүретін ардагерлер жер дауы, ауыз су, мал жайылымы, көше жарығы, отбасылық мәселелердің түйткілін де аналар кеңесі мүшелерімен бірлесіп шешіп жатады. Аудан көлеміндегі білім ошақтарында, ауыл аймақтарға шығып, елдің тыныстіршілігіне етене араласатын да осы ардагерлер мен аналар кеңесі. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Патима Маханбеттің айтуынша, кез келген халықтың арқауы отбасы болып келеді. Халықтың салт дәстүрлері отбасында сақталып, өркендейді және халықтан халыққа жеткізіледі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді қазақ даналығы. Ұлы Даланың төскейін еркін жайлап өскен қазақ халқы отбасы институтының бала тәрбиесіндегі рөлін осы бір жалғыз ауыз сөзбен ғана дәл жеткізе білген. Расымен, отбасы – адам жанының тыныштығы мен жайлы мекені ғана емес, қоғамның да басты негізі. Ондағы жас шыбықтай өсіп келе жатқан ұл мен қыздың тәрбиесін назардан тыс қалдырмау керек. Ауданның «Құрметті азаматы» Нәйлә Палымбетова басшылық ететін әйелдер кеңесін де айтпасқа болмайды. Білесіздер, үйде де, жұмыста да тынбай еңбектеніп, қызметте көшбасшы, тамаша ұйымдастырушы қазақстандық әйелдер легі қалыптасып келеді. – Бүгінде кәсіпкерліктегі әйелдердің үлесі 40 процент. Дегенмен, біздің еразаматтарды басып озу, мықты болуды көздеп отырған жоқ. Шығыс халқы ретінде қазақ әйелі тіпті мықты басқарушы, табыс¬кер болсын еразаматынан қашанда бір қадам төмен тұрады. Ол – табиғат, ол – дәстүр, ол – тәрбие. Бір сөзбен айтқанда әйелдер кеңесінің мақсаты – жүйелі сөзден – нақты іске, – дейді Н. Әбілқасымқызы. «Ата көргеннің ақылы артық» демекші, аудан үшін ақсақалдар кеңесінің маңызы зор. Қазір ел ісінде ақсақалдардың үлес салмағы басым. Тәуелсіздіктен соң қоғамдық институттар қалыптасты. Солардың бірі – ақсақалдар кеңесі және бұл кеңес түрлі деңгейде нәтиежелі жұмыс істеп келеді. Десе де заманның өзгеруіне, қоғамның дамуына қарай жұмыс жүйесі де жаңаланып, жанданып отыруы тиіс. Аталған кеңес өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, ел бірлігін сақтауға атсалысып, ортақ іске зор үлес қосары анық. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исабек Байкенжеев: – Ақсақалдар кеңесі – Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы консультативтіккеңесші орган. Облыстардағы Кеңес өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеялары жанынан, облыс ауданында және қажет болған жағдайда ауылдық округтер мен ауылдарда – тиісті әкімшілікаумақтық бірліктер әкімдіктерінің жанынан құрылады. Кеңес құрамына жергілікті қоғамдастықтың тұрғындарынан, қоғамдық, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың беделді өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары кіре алады. Жалпы жас өсемін деп ұмылсса, қарттың ақылы демеу болады. Жастар үйренемін деп құлшынса, жайсаң ақсақалдар мен қарттар үйретерін бүгіп қалмайды. Сол себепті қазіргі Ақсақалдар кеңесінің жұмысын заманға сай ары қарай дамыта түсу уақыт талабы болып қала береді, – дейді ол. Елде ұлтаралық сыйластық пен дінаралық түсіністікті нығайту жолында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде елеусіз қалдырмаймыз. Мекеменің мақсатміндеті – этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты сауатты да жүйелі жүзеге асыру, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін жандандыру және осы бағытта ұлтаралық достыққа дәнекер, берекебірлік пен ырыс ынтымаққа ұйытқы болар алуан ісшарадарды ұйымдастыру. Аудан бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Нұрсұлтан Сапарбаев: – Этносаралық татулық – түсіністің қоғамның тұрақтылығын қалыптастыратын негізгі фактор. Сол себепті қазақстандық қоғамда ұлтаралық сыйластық біржола салтанат құруы үшін осы жолда жүйелі де жігерлі жұмыс істеп, бәріміз жаппай үлес қосуымыз қажет. Қазір ауданда этностар саны 3098 адамды құрайды. Өңір бойынша негізгі этнос өкілдері орыстар және корейлер көпшілік шоғырланғаны – Шиелі кенті, Ақмая, Байгеқұм, Бәйтерек ауылдық округтері. Олардың дені аудандағы атомөнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, спорт салаларында, ірі кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында қызмет атқарып, ауданның қоғамдық саяси, мәдени – көпшілік өміріне белсене араласуда, – деді. Келесі халық пен билік арасында дәнекер болатын, ел ішіндегі өзекті мәселелерді қозғап, оның шешілуін қамтамасыз ету үшін қажетті мемлекеттік органдарға уәжін жеткізетін ұйымдардың бірі – қоғамдық кеңес. Қаблеш Бекішов жетекшілік ететін ұйым өзекті деген мәселелерді қозғап, оның шешілу жолдары туралы атқарушы органға ұсыныс жасап отырады. Ендігі кезекте үкіметтік емес ұйымдарға бір тоқталып өтейік. Олар – белсенділер. Бірнеше адамдардың бірлесіп, қоғамдасып жұмыс істейтін тобы. Мұндай бірлескен топ пайда табумен айналыспайды. Олардың басты мақсаты – азаматтардың белсенділігін оятып, қоғамға пайдалы жұмыстар атқарады. Орталықтың ішінде тағы бір айрықша бөлім бар. Ол – неке қию залы. Шиелі тұрғындары енді жаңа салтанат залында неке қию рәсімін өткізе алады. Бұл жерде неке қиюдан бөлек, баланың туу туралы куәлігін де табыстайды. – Жаңа, заманауи және кең зал ауданның көрнекті белгісіне айналады деп сенемін. Бұл жерде шиеліліктер жаңа отбасының шаңырақ көтеру күнін ғана емес, сондайақ күміс, алтын және гауһар тойларын салтанатты түрде атап өте алады. Руханият орталығында АХАТ бөліміне арнайы неке қию залы, қалыңдық бөлмесі, қызметтік бөлме және АХАТ мұрағатына арналған бөлме қарастырылған. Айта кетсек, азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі 2023 жылдың шілде айының 1 жұлдызынан бастап жергілікті атқарушы органдардан алынып, азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының құзырына берілді. Қазір Шиелі аудандық АХАТ бөлімі үш штаттық бірлікпен аудан халқына қызмет көрсетіп отыр. Атап айтсақ, бөлім басшысы, бас және жетекші маман. Деректерге сүйенсек, өткен жылы Шиеліде 1870 нәресте дүниеге келіп туу туралы акт жазбасы тіркелсе, 389 жас жұбайлардың некесі қиылды. Ал өкінішке қарай аудан бойынша 197 отбасы ажырасып, 415 азаматқа қатыс болу туралы акт жазба тіркелген. Сонымен қатар азаматтардың өтініштері негізінде жоғалуына, жарамсыздығына, қажеттілігіне байланысты 747 азамат қайталама куәлік берілсе 254 азаматқа түрлі анықтама алған. Әке болуды анықтау туралы 61 өтініш тіркеліп қанағаттандырылса, 2 бала асырап алу туралы өтініш қаралып шешімін тапты. Қазіргі таңда АХАТ мұрағатында 1950 жылдан бері қарай тіркелген азаматтық хал акті жазбалары сақтауда тұр. Мұрағат қоры күнделікті өмірге келген нәрестелер мен некелескен жас жұбайлардың және басқа да түрлі жазбалармен толығып отырады. Дәлірек тарқатсақ, қорда 1138 дана түптелген кітап, яғни 216227 дана акт жазбалар мен 3000 ға жуық мерзімі тұрақты түрде сақталатын іс құжаттар бар, – деді бөлім басшысы Ақбота Бейбітқызы. Маманмен әңгімелесіп болғаннан кейін неке қию залын толықтай бағдарлап шықтық. Салтанатты ісшараларды өткізу үшін кең зал жабдықталған, сондайақ қалыңдық пен күйеу жігітке арналған бөлме бар. Рәсімді АХАТ қызметкері өткізеді. Некені барып тіркеу қызметі де қарастырылған. Бұл қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Ақы төлеу прейскурант бойынша жүзеге асырылады. Некені тіркеу туралы өтінішті АХАТ бөліміне 15 күн бұрын тапсыру қажет. Тіпті электронды үкімет порталы және екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы өтініш беру мүмкіндігі де бар. Жақсы көңілкүймен ғимараттың төменгі қабатына түсіп көрдік. Мұнда ел тарихындағы құнды құжаттар мен дәйекті деректер сақталатын мәдени ошақ – архив бөлімі бар.
БОЯМАСЫЗ ТАРИХ
Архив жайлы айтқанда алдымен ойыңызға не келеді? Бәлкім, шаң басқан сөрелер мен сарғайған құжаттар көз алдыңызға елестеп тұрар?! Егер ойыңызды дәл тапсам, сіз архив туралы ештеңе білмеген болдыңыз. Олай болса, архив, оның ішінде мол мұраны көздің қарашығындай қорғап отырған «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММнің Шиелі аудандық филиалы жайлы айтайық. Бұл туралы бізге қойма меңгерушісі Жанат Ментаева баяндап береді. – Аудандық мұрағат 2008 жылдан бастап облыстық бюджеттен қаржыландыруға көшіп, жұмыс істейді. Штаттық кесте бойынша мұнда архив басшысы, қор қоймасының меңгерушісі, 3 архивист, 1 бағдарламашы, 0,5 бірлікте электр маманымен, 1 кіші техникалық қызметкер еңбек етеді. Ғимаратта 1 қор қоймасы, құжат қабылдау мен құжат өңдеу бөлмелері мен жұмыс кабинеттерімен жабдықталған. Архив қорында 1987 жылдың ақпанында 1148 құжат болса, бүгінгі таңда аудандық архивте 217 қорда 50857, 305 фото құжаттары, жеке тектік 239 сақтау бірлігі сақталып, халықтың игілігі үшін қызмет көрсетуде. Жыл сайын жинақтау көздері болып табылатын аудан көлеміндегі 88 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекеме құжаттарының саны артқан сайын, қор сақтау қоймаларының толу дәрежесі де 100 процентке толыққан, – деді білікті маман. Аудандық архив бөлімі жыл сайын өз деңгейінде түрлі ісшаралар атқарып, экскурсиялар, ашық сабақтар, көрмелер, дөңгелек үстелер, жиналыстар, түрлі семинарлар өткізіп отырады. Арихвтің негізгі мақсаты – құжаттар мен жәдігерлерлі тек жинақтау мен қабылдап сақтау ғана емес, тарихи мол мұраны дәріптеп, халыққа жеткізіп, ел тарихының қазынасы ретінде насихаттау. Осы ретті архив қызметкерлері өлшеусіз еңбек етіп келеді. Олар халықтың санасезімін арттырып, ойөрісін дамытатын, білім көкжиегін кеңейтететін мәліметтердің жария болуына, ел арасына таралып, өз бағасын алуына, әрі тарихи деректердің бұрмаланбай өз орнымен дұрыс пайдалануына аса мән береді. Архивистердің еңбектеріне тәнті болып, келесі орталықпен танысуды жөн санадық. Барлық мекемемен танысып жүргенде сағатымыз 16.25ке таяп қалыпты. Екінші қабатқа көтерілдік. Мұнда сіз жастар ресурстық орталығы, аудандық кітапхана, балалар кітапханасы, оқу және электронды оқу залын көре аласыз.
ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
Аудандық жастар ресурстық орталығы да руханият орталығының ішінде орналасқан. Бұл орталық жастардың әлеуметтік әрі тұлғалық дамуына жәрдемдесетін және жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін мекеме. Оның негізгі міндетіне жергілікті ұйымға қарасты жастарды жұмысқа тұруға дайындау, цифрлық сауаттылығын арттыру, жастар ортасында волонтерлік қызметті дамыту, жас отбасылармен жұмыс істеу, жастарға қатысты мәселелерді анықтау, мемлекеттік бағдарламаларды жастарға түсіндіру, жұмыс мәселесіне қатысты жәрмеңкелер, әлеуметтік желілерде ақпараттандыру, түрлі мәдени шаралар ұйымдастыру, әлеуметтік зерттеулер, талдамалық жұмыстар жүргізу сынды маңызды бағыттар кіреді. Аудан бойынша 1435 жас аралығында 25 442 жас болса, оның ішінде кент жастары –11 836, ауыл жастары –13 606. Жастар аудан халқының 30,2 пайызын құрап отыр. Айта кетейік, өткен жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 40 млн 22 мың теңге бөлінген. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар саясатын дамыту мақсатында 8 млн 645 мың теңге қаржы қарастырылған. – Қазіргі уақытта әртүрлі бағыттар бойынша жастарға жанжақты кеңес беріп, волонтерлік жұмыстарды қалыптастырамыз. Жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу бойынша да әртүрлі іс шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Ендігі мақсатымыз – аудан жастарын еңбекке баулып, патриотыққа тәрбиелеу. Сондайақ жас отбасыларға өнегелі отбасыларды дәріптеп, сыйластықты қалыптастыруға бағытталған шаралар жүргізіліп отырады, – дейді орталық директоры Ержан Әбдешев.
БІЛІМПАЗДАР МЕКЕНІ
Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихын, өмір өткелдерінен туған өзгерістер мен жаңалықтарды ұрпақтанұрпаққа жеткізіп отыратын киелі орта. Сол себепті бір сағатымызды кітапханаға арнағанды құп санадық. Рухани ордаға кіргеннен қазақ ақын жазушыларының еңбектері мен «Руханият және оқырман» деп аталатын бұрыш ерекше көзге түсті. Көрмеге қойылған әр еңбектің авторына, мазмұнына анқытап қарадым. Несін жасырайын, қолыма кітап алып, иісін сезбегелі де көп болыпты ау. Алыстан аптығып келіп, анасының омырауына басын қойып мауқын басқан баладай жаным жайланып сала берді. Бір сәт орнаған үнсіздікті «Сәлеметсіз бе?» деген дауыс үзіп жіберді. Сөйтсем, менің манадан бері қалшиып тұрғанымды байқаған кітапхана қызметкері екен. Жөн сұрасып болған соң, кітапхананың барлық бөлімдерін таныстырып шықты. Әдебиеттерді жабдықтау бөлімі, оқу залы, анықтама бөлімі, әдістемелік библиографиялық бөлімдері оқырмандарға қызмет көрсетеді. Бір байқағаным, тұрақты оқырманнан бөлек, бір күнде 10 шақты адам жаңадан тіркеледі екен. Таң азанмен зейнеткерлер, орта буын өкілдері және мекеме қызметкерлері кітапханаға бас сұқса, түс ауа сабақтан босаған студенттер мен оқушылар ағылады. Келген оқырманның басым көпшілігі жергілікті ақынжазушылардың еңбектерін көп сұрайды. Кітап қоры мол, оқырман сұранысын кітапхана қызметкерлері дер кезінде тауып береді. Қолым қалт еткенде, мекеме басшысы Гүлдана Жақыпованы әңгімеге тартып та үлгердім. – Шиелі аудандық орталық кітапханасы 64 819 дана кітаппен, балалар кітапханасы 32410 дана кітап қорымен жаңадан соғылған Руханият орталығына көшірілді. Жылдық оқырман саны – 8472. 2024 жылы Президент жүктеген міндеттер мен тапсырмасына сәйкес халықтың мәдениет нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында «Адал адам – мәденитәрбие беру орталығы» тұжырымдамасы бойынша «Alem book» оқырмандар клубы ашылып, кітапханалық мәдени ісшаралар 19 клуб мүшелерімен кезең кезеңімен өткізілуде. Кітапханаға келген оқырман сұранысын қанағаттандыру, сапалы қызмет көрсету, кітап берілім жұмысын тездету мақсатында жүйеге қарасты барлық кітапханаларда Республикалық автоматтандырылған кітапханаақпараттық жүйесі «РАБИС» бағдарламасы бойынша электронды каталог қорына 2004 жылдан осы уақытқа дейін 191 791 дана кітап және 1673 мақала енгізілген. Осы тұста «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кітапханада электронды кітапханаларды қалыптастыру үшін өлкетану әдебиеттерін автордың тікелей өзінің немесе туыстарының келісімімен 327 дана кітапты сандық форматқа көшірілді. Тағы бір айта кететін жайт, өңірде 120дан астам зағип және көзі нашар көретін жандарға аудандық бюджеттен 3 млн 100 мың теңгелік проекттік жобаны қорғап, 2020 жылы аудандық орталық кітапхананың жанынан «Жанарсызда жарық әлем» клубын аштық. Қаралған қаржыға Брайль қарпіндегі әдеби кітаптар мен арнайы технологиялар – электронды стацинарлық үлткейткіш, Перкинс Смарт механикалық жазба машинкасы, арнайы дыбыс магнитоласы алынды, – дейді кітапхана басшысы. ...Иә, «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десек, талайдың көзін ашқан білім мен ғылымның қайнар бұлағы қашан да сұраусыз емес екен. Рухани дүниеңді байытатын, дүниетанымыңды кеңейтетін құдірет иесін іздеп келіп оқитындар аз емес. Жастар да, орта буын да, қала берді зейнеткерлер де кітапханашыларды бір мезет тыным таптырмады. Ғимаратқа көшкелі кітапханада оқырмандар үзілмейді. Ол – қуантарлық жағдай. Аудандық балалар кітапханасы туралы да біраз мағлұматқа қанық болдық. Жас оқырмандарға әлеуметтік мәдени ортианың құндылығын насихаттайтын, бала бойына елжандылық пен патриоттық сезімді дарытатын ортаның орны орасан. Балалар кітапханасы қазақ балалар әдебиетін әлемдік балалар көркем әдебиетінің дәстүрімен тығыз байланыстыру арқылы жасөспірімнің санасезімін дамытуда көп ықпалын тигізеді. Өз Отанына, туған жеріне пайда келтіретін, елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын білімді, зерек, жан жақты дамыған, тілі мен дінін, салтдәстүрлерін қадірлейтін, бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды қалыптастыруда өңірдегі балалар кітапханасының рөлі зор десек артық айтқандық болмас. Мұнда сіз «Еркетай» қуыршақ театрын таба аласыз. Тағы да бүлдіршіндер үшін «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесі де жұмыс істейді. Ал оқу залындағы жұмыс мүлде басқа. Түрлі тақырыптарда кітап көрмелері ұйымдастырылып, көпшілік шаралар өткізіледі. Тағы бір ерекшелігі, кез келген оқырманның үстелінде замануи жабдықталған құралсаймандар бар. Мәселен, кітап оқып отырған оқырман шамды қолдана алады. Оқу залынан кейін электронды оқу залын қалайша айтпаймыз? Электронды оқу залы – қолданушылар ғаламтор желісіне қосылған компьютермен жұмыс істей алады. Кітапханашы келген оқырманға ақпараттық ресурстарды қолдану бойынша кеңестер береді. Жаңа электронды ресурстармен таныстыру мақсатында презентациялар ұйымдастырып, семинартренингтер өткізіп отырады. Электрондық оқу залында WIFI қызмет көрсету аймағы бар әрі интернет ресурстарына тегін және шектеусіз қол жеткізу жүзеге асырылады.
ТҮЙІН: Міне, бұл орталық – бірліктің ордасы. Құны 1 млрд 600 млн теңге болатын орталықтың ішіндегі түрлі мекемелер мен ұйымдар жұмыстарын қарқынды бастап кетті. Оған біз де куә болдық. Әрине, мұндағы тіршіліктің барлығын жіпке тізгіндей толық жазу мүмкін емес. Ең бас тысы орталық – адам жанының азығына айналатын қасиетті орда болса дейміз.
Әзірлеген: Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ