Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АНИМАЦИЯ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

АНИМАЦИЯ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

Алдымен «анимация» деген термин сөзге тоқталсақ. Анимация дегеніміз – кино өнерінің бір түрі және оның шығармасы. Сондай-ақ сәйкес технология. Қозғалып жатқан бейне жасау үшін қозғалыссыз кескіндер өңделеді. Анимация қазіргі заманда, әсіресе ойын-сауық индустриясында көркемдік орта ретінде танылды. Міне, қысқаша осындай. Енді Халықаралық анимация күні қашан бекітілді. Жыл сайын 28 қазанда өтілетін бұл мерекені анимациялық киноның Халықаралық ассоциациясы француздық әріптестерінің ұсынысымен 2002 жылы бекіткен еді. Дәл сол жылы алғашқы анимациялық технологияның шығуына 110 жыл болған. Ал 1892 жылы 28 қазан күні Парижде суретші Эмиль Рейно алғаш рет қозғалып тұратын суреттерді көрсететін «праксиноскоп» аппаратын таныстырған. Бұл қазіргі мультфильмдердің шығуына жол ашқан. Бүгінде бұл оқиғаны заманауи мультфильмдердің прототипінің тууы деп атар едік. Себебі осы күн енді анимациялық фильмдер дәуірінің басталу күні болып саналған.
А л Қ а з а қ с т а н д а ш е ? Е л д е г і алғашқы анимация 1967 жылы шыққан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты туынды болды. Режиссер Әмен Қайдаров бұл мультипликациялық фильм үшін Ленинград қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда (1968), Нью-Йорктегі Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде (1975) жүлде алған. Бұл туындыны шығармас бұрын, ол қазақ аңыз-ертегілері мен қисса-дастандарды оқып, қазақ ауыз әдебиетіне үлкен зерттеу жүргізген. «Қарлығаш ұясын бұзуға болмайды!» деген тыйым сөзді естіп өскен ол алғашқы шығармасына халық ертегісін арқау етті. Мультфильм жасауға бес адамнан тұратын шығармашылық топ кіріскен. Аз уақыттан кейін кейіпкерлер бейнелері салынды. Туындының әуенін белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиевке тапсырылды. Қазақтың тұңғыш мультфильмі ұлттық музыкалық аспап домбыра үнімен әрленді. Ұзақтығы 10 минутқа жететін мультфильм жасауға бір жарым жыл уақыт кетті. Әмен Қайдардың ұлттық мультфильм түсіру туралы ойын сол кездегі «Қазақфильм» киностудиясының басшысы Камал Смайылов қолдаған болатын. Сол заманғы тәртіп бойынша, есеп беру мақсатында мультфильмді Мәскеуге жібереді. Бірақ, Мәскеудегі «Қазақфильм» киностудиясының тікелей басшысы Цигеди шағын топтың жасаған үлкен жұмысына сене алмай, қарсылық білдірді. Алайда, Камал Смайылов қазақтың өз ұлттық мультфильмінің болу керектігін алға тартып, басшы наразылығына төтеп берді. Көп ұзамай Мәскеу қаласынан мамандар келіп, жұмыс барысын өз көздерімен көріп, шығармашылық топ еңбегін жоғары бағалады. Өз кезегінде, мультфильм жұмысы жалғаса берді. Мультфильм жасау жұмыстары аяқталған соң, оны 1967 жылы арнайы топ тексерді. Туынды оң бағаға ие болған соң, экранға шығып, қазақтың тұңғыш мультфильмінің тұсауы кесілді. Деректерге сүйеніп қарайтын болсақ, мультфильмдегі бір секунд үшін 24 сурет салынады. Сонда 10 минуттық туындыға 14 мың сурет қажет. Анимация бастауы үшін әуелі тақырыбы таңдалады. Одан соң тақырыпқа сай сценарий жазылады. Басынан аяғына дейін: детальдар, кейіпкерлер, оның ішінде жағымдыжағымсыз кейіпкерлер арасындағы тартыстар, барлығы жазылады. Сценарий дайын болды. Идея жасалды. Әрі қарай сценарийдің диалогтары құрылады. Одан соң сценарийдегі кейіпкерлердің образын жасаумен жалғасады. Мұның бәрі суреттерін салу арқылы жүзеге асады. Сурет – кейіпкердің образын ашу керек. Мәселен, сурет салғанда кейіпкердің бет-бейнесінен, киімінен образ көрінуі қажет. Соған сай детальдар беріледі. Ал жағымсыз кейіпкер болса, оның ортасы құрастырылады. Оның тұратын ортасы қандай болады? Мысалы, жағымды кейіпкерлер ашық аспан астында өмір сүрсе, жағымсыз кейіпкерлердің ортасын қызыл-қоңыр түспен боялады. Кейіпкермен қоса көркемдік шешімдерді қосарлап ойластырылады. Фильмде ойнайтын детальдар да кейіпкер жасау барысында салынады. Кейіпкер сөйлеу барысында қалай қимылдау керек екенін осы кезде тұрақтандырылады. Осы жұмыстардың барлығын жасаған кезде ғана кейіпкердің мінезі толықтай ашылады.
Әзірлеген: Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
29 қазан 2024 ж. 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930