Судьялардың IX съезі сот жүйесінің одан әрі дамуына жаңа серпін береді
Судьялар съезі – сот жүйесіндегі негізгі мәселелерді талқылап, стратегиялық міндеттерді айқындайтын маңызды алаң болып табылады. 1996 жылдан бері үзбей өткізіліп келе жатқан съез төрт жылда бір рет елордамызда өткізіліп келеді.
Естеріңізге салсам, бүгінгі күнге дейін сол уақыттан бері 8 съез өткізіліп, бұл жиындарда көтерілген мәселелердің айтылған жерде қалмай жүзеге асырылып жатқаны мәлім.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 4 қазанында елордамыз Астана қаласында Президент Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы судьяларының кезекті IX съезі өтті.
Тоғызыншы съезге еліміздің түкпір-түкпірінен келген судьялардан бөлек, шетелдік сарапшылар, заң қоғамдастығының, халықаралық ұйымдардың, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиынды Мемлекет басшысы ашып, Заң мен Тәртіп әділетті қоғамның негізгі өлшемі заң алдында бәрі тең екенін, сондықтан сот органдары азаматтардың басты қорғаны болуы қерек. “Елімізде заң үстемдігі орнаса, халықтың билікке деген сенімі нығаятынын атап өтті. Сондай-ақ, кейінгі жылдары сот жүйесінде жүргізілген кешенді реформаларға тоқталды.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық сот жұмыс істеп бастайтындығы туралы жарияланды.
Президент осы мәселе бойынша «кассациялық соттың кадрлық құрам тәжірибелі судьялардан жасақталуы керек» деп пікір білдірді.
Реформа азаматтар үшін сот төрелігінің қолжетімділігін кеңейтуге, инвестициялар мен бизнес жүргізу үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған.
Сонымен бірге, биыл алғаш рет сот процестері ашық көрсетіле бастады. Млн-даған адам алқа билердің жұмысын тікелей эфирде бақылайды. Бұдан судьялар мен прокурорларға талап күшейді. Ал азаматтардың құқықтық сауаты арта түсті. Президент мұны жақсы үрдіске балады. Себебі жастардың заңгер болуға қызығушылығы артқан. Сонымен бірге, сот мамандарын іріктеу мен олардың құзыретін күшейту - басым міндеттердің бірі. Президент Жоғары сот кеңесі дербес әрі кәсіби судьялар корпусын қалыптастырудың кепілі болуға тиіс екенін айтты.
Сөз соңында Мемлекет басшысы судьялардың жаңа Әдеп кодексін қабылдауды қолдады. Бұл құжат соттардың тәртібінде жоғары стандарттарды орнатып, сот жүйесіне қоғамның сенімін арттыруға ықпал ететініне тоқталды.
Н.Н.Бекетаев
Шиелі аудандық сотының
төрағасы