Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Электр қуатына тәуелді болудың алдын алу, сенімді инвестициялық жобаларға негіз

Электр қуатына тәуелді болудың алдын алу, сенімді инвестициялық жобаларға негіз

«Электр қуатына тәуелді болудың алдын алу, сенімді инвестициялық жобаларға негіз» тақырыбында жиналыс өтті.

Ел экономикасының дамуымен көптеген өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар іске қосылуда, сондықтан қосымша энергия қуатын жедел енгізу қажет. Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселені халықпен алдын ала талқылай отырып, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болды.

Қазіргі таңда республиканың барлық аймақтарында АЭС салуға қатысты сала мамандарының қатысуымен жария талқылаулар өтіп жатыр.

Жалпы электр қуатына тәуелді болудың алдын алу үшін қандай шаралар қабылдауымыз қажет екендігін түсіндіру мақсатында, облысымыздағы энергетика саласының үздік мамандары қатысты. Олар Энергетика саласының ардагері Каримбаев Мухитжан Исмилұлы, «Оңтүстік жүйелер электр желілері» филиалының «Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы» АҚ Қызылорда аумақтық электр жүйесінің басшысы Қаныбетов Тілеуберген Сағынышұлы, «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК-ы директорының орынбасары Сатханов Науырыз Асанханұлы баяндама жасады.

Біздің мақсатымыз – барлық азаматтардың мүдделерін ескеріп, еліміз үшін қауіпсіз және тұрақты энергетикалық болашақты қамтамасыз ету.
14 қыркүйек 2024 ж. 214 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930