ҚАРБЫЗ ЕГІП, ҚАРЫЗ БОЛМАСЫН ДЕСЕК
Көктем-жаз айларында қарт Қаратаудың етегін жайлаған елді мекендерге жол түсе қалса, еңбектің қызған сәтіне куә боласыз. Егінші жұрт қырдағы қардың көбесі сөгілгеннен қолына кетпенін алады. Бақша егуді атакәсіпке айналдырғандар да жетіп жатыр. Отбасындағы еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ерте көктемнен егін егудің қамына кіріседі. Алқапта алты ай бел жазбай еңбек ететіндердің басты қорқынышы – шығынға батпай, өнімінің күйі барда сатып үлгеру.
Жер жыртып жемісін жеу оңай емес. Оның үстіне, биылғы науқан шиелілік шаруаларға жайлы болды деуге келмейді. Көктемде күн күрт суытып, егіншілер әбігерге түссе, шілдеде тосыннан жауған жаңбырдан біршама диқанның баптап отырған бақшасы әп-сәтте қурап қалды. Өкініштісі, ала жаздай алқаптан табылатын ағайынның кейде осылай еңбегі ақталмай қалып жатады. Қауын-қарбызы ойдағыдай піскендерде де уайым бар. Иә, қарбыз егу бейнеті бір бөлек, піскен соң оны жинап, өткізу мәселесі өзінше бір жұмыс. Әдеттегідей өнімді өткізу, тасымалдау жағы қиын. Жерден несібесін тергендердің бірі – Бейбіт Дүйсенбайұлы. Ол – 16 жылдан бері жомарт жерді идірген диқан. – Отбасымызда еңбекке жарайтынның барлығы да алқаптан табылады. Таңның атысы, күннің батысы қарбызды егуден бастап, арамшөптен тазалау, суару, содан кейін шірітіп алмай жинап, сатқанға дейін дамыл таппайды. Анығын айтқанда, көктем басталысымен баладан бастап, еңкейген қарияға дейін қарбыз науқанына үлесін қосып, ала-жаздайғы еңбектің сәтті аяқталуына тілекші болады. Шыққан күнмен таласа алқапқа асығамыз. Жаз бойғы еңбегіміз де, тіршілігіміз де осы, – дейді диқан. – Мол өнім алу үшін егінге немқұрайлы қарамау қажет, – деген ол, – Қауын-қарбызбен қатар қызанақ та егеміз. Бір жылдары қарбыз жақсы пайда әкелсе, келесі жылы қызанақтан табыс мол түсіп жатады. Қайткенде де кеткен шығын ақталып, балашағаның несібесін айыру қажет. Сондықтан әртараптандыру ұтымдырақ. Мәселен биыл қарбыздың шығымы дұрыс болмады. Пайда таппақ тұрмақ, кеткен шығынды да шығара алмадық. Есесіне қызанақты ойдағыдай бағаға өткізіп жатырмыз, – деп ағынан жарылды.
ІС БІТПЕЙ, ҚАРБЫЗ ӨТПЕЙДІ
К ө к т е м д е г і а д а л еңбек – көп жылға азық. Осы қағиданы ұстанған диқандар қарбыз дәнін жерге тастауға ерте бастан кіріседі. Мәселен 2 гектар жердің өзіне 1 құты қарбыздың ұрығы кетеді екен. Ал оның бағасы 2022 жылы 14-15 мың теңгенің арасы болса, биыл 20-25 мың теңге шамасында. Тек ол емес, қарыққа тартатын клёнканың 1 рулоны да сондай соманы көрсетіп тұр. 2 гектар жерге кемінде 2 рулон кленка кетеді. Оған кажетті дизель отыны, өнімнің өсіп-өнуі үшін берілетін түрлі дәрумендер, селитра, аммоний сульфаты бар. Айтпақшы жерді жыртып, тармалатудың өзі қып-қызыл шығын екенін қосып қойыңыз. Осындай шығындардың бәрін есептей келе қарбыздың қандай бағада боларын ойлай беріңіздер. Енді, оған алып-сатарлардың да үлесін қосу керек. Себебі, жанар май бағасы да қымбатшылықтың құрығына ілініп тұр. Десе де соңғы жылдары егінге жұмсалатын шығын өскенімен қарбыздың бағасы қымбаттамаған. Жылдағыдай ерте піскен өнімнің келісі 90 теңгеден басталып, кейін 20 теңгеге дейін түседі.
Қарбызы пісе сала өткізсе бір жөн. Диқандар ала жаздай еткен еңбегінің жемісін көрер шақта қауын-қарбызын өткізетін жер таппай әуре-сарсаңға түседі. Алатын адам тапқанның өзінде болмашы тиын-тебенге бағаланып жатады. Дер кезінде жиып-термесе еңбегі күнге күйіп, жарамай қалуы да әбден мүмкін. Осындайда кезінде аудан орталығында дүркіреп тұрған қауын базасын еріксіз еске аласың. Кеңес одағы кезінде бақшашылар әңгелек, ақ жәмбілше, колхозшы, әміре, қара күләбі мен торлама, саржауын аудан орталығында орналасқан теміржол бойындағы аталған ірі қауын базасына өткізген екен. Тәуелсіздік алғаннан кейін жекешелендіру кезінде бұл орындар ескерусіз қалып, жұмысын тоқтатқан. Содан бергі жағдай осы. Бұл туралы бірнеше жыл қатарынан әріптестерімізбен бірге газет бетінде мәселе көтеріп келеміз. Жауаптылар мақұлдағандай болғанымен қозғалған сеңді көрмедік. Әлі күнге үлкендердің аузынан сол қауынбаздың жұмысы қайта жанданғанын қалайтынын жиі естиміз. Иә, ел тілегі орындалса егіншілер қауынын сатып алатын адамды, өнімін тиейтін көлікті іздеп сабылмайтын еді. Тым болмаса Шиелі қауындарын солтүстік аймақтарға үздіксіз өткізуді үйлестіру – заман талабы. Орталық және солтүстік облыстарға өнім тасымалдаудың жолын табу қажет. Мүмкін, солтүстік аймақтан құрылыс заттарын тасымалдайтын жүк көліктері қайтарында бос кетпей, шиелілік қауындарды тиеп кетер. Өзбек атқарушы билігі диқандарының бақша өнімдерін әскери аэродромдар арқылы Ресей нарығына, федерацияның түрлі қалаларына жылдам жеткізуді жолға қойған деседі. Біздің диқандар Ресей түгілі мынау тұрған Қарағандыға, қарбызын жеткізе алмай тасжол жағалап, жабайы сауда да жүйкелеп жүргеніне жаның ауырады. Шешілмейтін түйін емес. Мәселен, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы шаруалармен келісімге келіп, жұмысын нақты жүйелеп алған. Айталық азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл сайын диқандармен келісім шарт жасалады. Егінші келісілген соманың бір бөлігін егін науқаны басталар шақта алса, қалған қаржы жиынтерім аяқталып, өнімін өткізген қолына тиеді. Сонда шаруа да жер жыртып, тұқым алуға ақша іздеп сабылмайды. Ең бастысы маңдайын күнге күйдіріп 6 ай бойы баласындай күтіп баптаған өнімін сататынына сенімді жүреді. Сол секілді әкімдік жанындағы жауапты бөлімдері Қазақстанның солтүстік облыстары мен Ресей Федерациясының іргелес қалаларындағы әріптестерімен іскерлік байланыс орнатып, сол жақтың ірі сауда орындары, орталықтарымен, белді кәсіпкерлерімен бақша өнімдерін жеткізу, өткізу мәселесін пысақтау қажет секілді. Диқандар еккен өнімін қайда, қалай өткіземін деп тіпті басын ауыртпайтын жағдай жасалса құп. Дәл қазір кәсіп ашылды, шаруашылық құрылды, саны пәлен-түген деген ақпардан әрі аса алмай келеміз. Сан қуамыз, сапа сын көтермейді. Сол құрылған шаруашылық, кәсіпкерлер ісін қалай жүргізіп жатыр? Диқан еккен егінін қайда, қалай өткізгелі жүр? Малшы етін, сүтін, теріжүнін нарыққа қалай пұлдамақ? Осы сұрақтарға басын аурытатын бір жауапты орган сұранып тұрғалы қашан. Біздің аймақ ауылшаруашылық оның ішінде диқан, бақташылықты жолға қойған. Ірі шаруашылық құрылымдарының өз инвесторлары бар. Олар өнімдерін қайда өткіземін деп басын ауырта бермейді. Ал, шағын шаруа қожалықтар, диқандарға, бақташылардың мәселесіне кім жауапты? Олардың қай қайсысы болсын – кәсіпкер. Кәсіпкердің ең басты мәселесі өнімін нарыққа шығару. Сол өнімді нарыққа шығаруға, басқа облыстармен байланыс орнатуға жауапты бөлім болуы керек, немесе жаңадан құрылуы керек. Осылайша ел бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Тері-жүн мәселесінде де Өзбек пен Түріктердің тәжірибесін зерделей отырып, өндіріске енгізудің уақыты келгендей. Ауылшаруашылық өніміне сұраныс артса, ұсыныс та өздігінен артады. Бұл нарық заңы.
ҚАЙТКЕНДЕ ДЕ ҚОЛДАУ КЕРЕК
Қауын-қарбыздан қақ, қауын құртты айтпағанда, қазір сұранысқа қарай мармелад, мұз кәмпит, шырын, тосап жасауға болады. Бүгінде мемлекеттен қайтарымсыз несиені алуға ниеттілер көп. Бірақ бизнес жобалары бірсарынды. Комиссияға ұсынылған он жобаның сегізі асыл тұқымды мал өсіріп, құрт-май шығарады не кондитерлік цех ашқысы келеді. Тың идея, көпшіліктің сұранысын қанағаттандыратын жарқ еткен жобаны жолықтыру қиын. Ал екі аттасаң алдыңнан шығатын кондитерлік цехтарда бәсеке жоғары, табыс тауып, істі дөңгелету оңай емес. Сондайда кәсіпкерлер неге қолда барды ұқсатпайды екен деген ойға қаласың. Өзіміздің қарбыздан жасалған тосап пен мармеладты әдемі қаптамамен нарыққа шығарса кез келген жан дәмін көруге асығары сөзсіз. Таза, сенімді құрамы бар азық-түлікке сұраныс артқан дәл қазіргі шақта жергілікті өнімді іздеп жүрген жан көп. Тіпті әкімдік инвесторлар тартып, ауданда қарбыздан түрлі тәттілер шығаратын шағын зауыт ашылса қанекей. Тым болмаса диқандарды кооперативтерге біріктірсек де біраз мәселенің түйіні тарқар ма еді. Қауын-қарбызды сыртқа сату қиын болса, өзіміз кәдеге жаратайық. Әзірге мұндай жоба қолға алынбаған, тәуекел ететін жан да байқалмайды. Қалай болғанда кәсіпкерлікті қолдауға ерекше маңыз берілген тұста еңбектен бел жазбай, қарбыз еккен ауылдың кәсібін көтеру үшін қолдау қажеттігі ешкім айтпаса да сезіледі. Әркім өзі егіп, өзі өткізеді дегеннен гөрі, тиісті орындар тарапынан қолдау болып жатса, елдің кәсібі көркеймес пе еді?! Әкімдік қарбызды өткізудің көзін тапса, өзге облыстармен әріптестік байланыс орнатуға көмектессе, елдегі еңбек адамы бір көтеріліп қалмас па еді?! Қарапайым еңбек адамы мұнан артық қолдау да сұрамайтыны рас.
Гүлхан ЯХИЯ