МӘМС жүйелі жұмысты талап етеді
Бүгінде медициналық әлеуметтік сақтандыру – маңызды мәселенің бірі. МӘМС – денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді. Осы тақырып аясында «МӘМС жүйесінің мәні неде?», «Айтулы жүйені жетілдіру үшін не істеу керек?» «МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін алу тәсілдері қандай?»деген сауалдар көкейімізде тұрғаны белгілі. Ендеше бұл сұрақтарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Жұпар Алтынбекқызы брифинг барысында жауап берді. Келелі кездесуге БАҚ өкілдері, медицина мамандары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру КеАҚ Қызылорда облысы филиалы бойынша бөлім басшысы Ғалымжан Нұртілеуұлы қатысты.
– «МӘМС туралы» заңға сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқық алу үшін 12 ай ішінде үздіксіз төлемдер қажет. Қазір бұл жүйеде сақтандыру мәртебесін алудың 3 жолы бар. Біріншісі – алдыңғы айларға төлем. Егер сіз бұрын ресми түрде жұмыс істемеген болсаңыз, онда жұмысқа орналасу алдында МӘМС-ке өткен айлар үшін төлем жасаған жөн. Бір мысал келтірейін. Егер қызметкер жұмысты шілде айында бастаса, онда төлемдер 2023 жылдың тамызынан бастап 2024 жылдың шілдесін қоса алғанда дербес төлеуші ретінде төлеу қажет. Егер сізде бірнеше төленбеген ай болса, сізге олар үшін әлдеқайда аз мөлшерде төлем жасап, мәртебені алу тиімді болады. Алайда осыдан кейін мәртебеңізді жоғалтпау үшін ай сайын жарналарды төлеуді ұмытпаңыз. 2023 жылы МӘМС-ке дербес төлеуші ретінде ай сайынғы жарналар сомасы 3500 теңгені құрады. 2024 жылы – 4250 теңге. Екіншісі – 12 айға алдын ала төлеу. Бұл әдісті «сақтандырылған» мәртебесі бар, сондай – ақ жүйеге ешқашан төлем жасамаған немесе оны жүйесіз жасаған барлық дербес төлеушілер пайдалана алады. Мәртебені алудың үшінші жолы – азаматтардың жеңілдетілген санаты арқылы. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесі енгізіле отырып, мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін ай сайын жарналар төлейді. Егер сіз ресми жұмыссыз, студент болсаңыз немесе басқа жеңілдікті санатқа жатсаңыз, МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз «сақтандырылған» болуы керек. Тізіммен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайтында танысуға болады, – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директорының міндетін атқарушы Ж.Алтынбекқызы. Айта кетейік, жыл басынан бері ӘМСҚға қызылордалықтардан 500-ге жуық өтініш келіп түсті. Қызылорда облысы тұрғындарының өтініштерінің басым бөлігін медициналық қызметтердің сапасына қатысты мәселелер құрап отыр. Ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 468 өтініш түскен. – Егер медициналық ұйымда қызмет көрсету кезінде түсініспеушілік орын алса, пациент ретінде өз құқығыңызды қорғау үшін қайда жүгіну керектігін еске салғымыз келеді. Ең алдымен медициналық ұйымның пациентті қолдау қызметі және ішкі сараптама қызметіне жүгіну керек. Ол медициналық қызмет көрсетудің, олардың толықтығын және стандарттарға сәйкестігін бақылау үшін құрылған. Бұл қызмет медициналық ұйымның медициналық көмек көрсетуі мен клиникалық қызметіне ішкі талдау жүргізеді, медициналық қызмет көрсету стандарттары мен тәртібінің бұзылуын анықтайды. Ол азаматтардың өтініштерін, шағымдарын қараумен айналысады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кеңес алуға немесе шағым қалдыруға болатын бірнеше кері байланыс арналары бар. Шағымдар мен өтініштердің ең көп саны 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы түседі. Бірінші жартыжылдықта 1414 желісіне 220 шағым келіп түсті. Өтініштер санаты мен күрделілігіне қарай ақпаратты өңдеудің үш деңгейлі моделі бойынша қаралады. Бірінші деңгейге консультативтік сипаттағы мәселелер жатады. Екінші және үшіншіге егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін өтініштер кіреді. Қордың мамандары медициналық ұйыммен байланысады, медициналық көмек көрсетуді немесе көрсетуден бас тарту себептерін тексереді. Одан бөлек,қор мамандары «Qoldau24/7» мобильді қосымшасында 219 өтінішті өңдеді. Мұнда құжаттар қоса берілген мәтіндік форматтағы өтініштер жолданады. Әрі қарай өтінішке реттік нөмір беріледі, содан кейін өңдеу мәртебесі бақыланады, – деді Жұпар Алхожаева. Брифингте МӘМС жүйені жетілдіру үшін бірқатар мәліметтер айтылды. Спикердің айтуынша, қазіргі таңда үкімет және облыстық әкімшілік тарапынан азаматтарды МӘМС жүйесіне мүмкіндігінше кеңінен тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Содан кейін жүйені талдау қажет. Елдің экономикасымен, халықтың ой-өрісімен және басқа да факторларды ұмытпаған абзал. Ең өзекті мәселе – жұмыспен қамтылмаған және өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп жүрген азаматтардың медициналық көмекке деген қолжетімділігін арттыру. Жиында ӘМСҚ-ның филиалының өкілі де МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтарды қордың fms. kz ресми сайтында және Telegram-да Saqtandyrybot арқылы да шешуге болатынын айтты. Сонымен қатар жоғарыда аталған байланыс арналары арқыл Halyk Bank, Kaspi Bank мобильді қосымшаларында және egov.kz электронды үкімет порталында сақтандыру мәртебеңізді анықтауға болады. Қоса кеткен жөн болар, МӘМС-ке қате төленген қаражатты қайтаруға болады. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазып, төлемді растай тын құжаттарды қосу беру керек. Өтінішті мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері арқылы беруге болады. Сонымен мақалаға арқау болып отырған тақырып өзекті мәселе болғандықтан, бір түйінін шешетін сәт келген секілді. Бұл тұрғыда ұсыныстарда жоқ емес. Біріншіден, халық арасында МӘМС-дың маңыздылығын кеңінен насихаттауды жалғастыру қажет. Екіншіден, жарналарды төлеу көбіне әлеуметтік жағдайларына байланысты жүргізілмей тұр. Осыған сәйкес денсаулық сақтау саласы бойынша біршама қиындықтар туындауда. Атап айтқанда: атқарылған жұмыстардың базаға түспеуі (скрининг, профтексеру т.б), науқас тиісті ем-тексеру шараларын ала алмауда (жоспарлы стационарлық ем, диагностикалық шаралар (лабораториялық, аспаптық т.б) Осы түйткілді қолға алмай халықтың бұл жүйеге деген қызығушылығы артпайды. Үшіншіден, уақытша тіркеу изоляторында отырған азаматтардан сот шешіміне сәйкес, тиісті анализі алынып түрмеге ауыстыру барысында қиындықтар туындауда. Себебі сотталушы азаматтарда «сақтандыру мәртебесі жоқ», дер кезінде ДУИС-тің ОАД базасына енгізілмеген. Міне, бұл бағытта ІІБ қызметкерлерімен тиісті жұмыстар атқарылуы қажет. Төртіншіден, жұмыс берушілер тарапынан кезекті еңбек демалысына шығушы қызметкерлердің демалған уақытында медициналық сақтандыру жарналары төленбей қалып жатыр. Сол себепті сақтандыру жүйесінен шығып қалуда, жұмыс беруші тарапынан түсіндірме жұмыстары толық жүргізілсе халықтың әлеуеті жақсарады деген ойдамыз. Брифинг соңында спикер МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін қалай алуға болатынын түсіндірді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – тиімді тәсіл. Бірінші себебі, денсаулық сақтау секторын қаржыландыру сақтандыру жарнасы есебінен өседі. Екіншіден, медицина қызметкерлерінің сапасын бақылау мен күнделікті мониторинг жүргізу жүйелі жүзеге асады. Еңбек өнімділігі артып, экономикалық шығындар азаяды. Үшіншіден, жұмыс уақыты оңтайланады. МӘМС – жүйелі жұмысты талап етеді. Себебі бұл әлемдік деңгейдегі тәжірибе емес пе?!
Айнұр ИБРАШ