СУ СЫРЫНА ҚАНЫҚҚАНДАР
Су шаруашылығының, жалпы су әлеуетінің ахуалы қашан да айрықша мәнге ие. Суды тіршілік көзі деп жай айтпаймыз. Ал тұрғындарды сол тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласын дамытуға жағдай жасап отырған білікті мамандар бар. 9 шілде – еліміздің су ресурстарының игілігі үшін жұмыс істейтін, күн сайын су қауіпсіздігі мен тұрақты дамуды қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген жандардың ортақ мерекесі. Диқан Әубәкіров басқаратын сала қызметкерлері бүгінде үйлесімді жұмыстарының арқасында су шаруашылығы байлығын сақтауға септігін тигізіп келеді.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін су шаруашылығымен айналысатын ұйымдар да құрыла бастағаны мәлім. Олардың қатарында Шиелі аудандық су шаруашылық басқармасы да бар. «Шиелісушар» өндірістік учаскесі 1940 жылдан бастап қалтқысыз қызмет атқарып келеді. «Шиелісушар» өндірістік учаскесі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Қызылорда филиалының бөлімшесі болып келеді. Бүгінде мұнда су ресурстарын тиімді басқару бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Шиелі суландыру жүйелері басқармасын бұған дейін А.Төлтаев, Т.Дүйсенбаев, Жылқыбаев, Сәрсенбаев, Ш.Бәкіров, А.Әбеков, Ә.Мақұлбеков басқарып, өзіндік орнын қалдырды.
2021 жылдан бастап мұнда Д.Әубәкіров басшылық етіп келеді. 2021 жылдан бастап «Шиелісушаруашылығы» еншілес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылды. Кәсіпорын есебінде жалпы ұзындығы 256,6 км 6 қашыртқы, 38 су құрылысы бар. Сондай-ақ магистральді және шаруашылықаралық жалпы ұзындығы 292,8 км болатын 14 канал, 81 км қорғаныс дамбасы, 77 дана су өлшейтін пост пен азаматтық және өндірістік құрылыспен қамтылған. Су пайдаланушылар сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін Жаңа Шиелі, Ботабай, Жаңа Сұлутөбе, Көксу суландыру жүйелері жұмыс істейді. Қазіргі таңда мекемеде 6 бөлімше, 63 қызметкер еңбек етуде.
Өндірістік учаске өзінің жарғысы бойынша аудан көлеміндегі су шаруашылығы жүйелері мен су құрылыстарын пайдалану, суландыру жүйелерін (егістікті) қажетті сумен қамтамасыз ету, экологиялық шараларға бөлінген сумен көл-арналарды толтыру, шабындық, жайылымдарды суғаруды ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады.
Аудандық су шаруашылығы бөлімшесінің есебінше, үстіміздегі жылы Шиелі ауданы бойынша 17 999,5 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде негізгі дақыл күріш – 12 400 га, бидай – 420 га, мал азықтық дақылдар – 3 641 га, бақша дақылдары – 760,5 га, басқа дақылдар – 22 га. Осы дақылдарды суғаруға жоспар бойынша 565,0 млн т.м су қажет. Су бөлу нүктелерінен су пайдаланушыларға 466,13 млн т.м су жеткізіліп беріледі. Шаруашылықаралық каналдардың пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) 0,825, ішкі шаруашылық каналдардың ПӘК – 0,725, жалпы су жүйесінің ПӘК – 0,56 болады деп жоспарланды.
Жоғарыдағы суға қосымша экологиялық шараларға 120,00 млн т.м су алу жоспарланып отыр. Ол су көл-арналарға, шабындық- жайылымдарды суғаруға нақты берілмек.
2024 жылы «Шиелісушар» өндірістік учаскесі арқылы 144 шаруашылық құрылым келісімшарт жасасты. Жасалған келісімшарт негізінде 18 000 гектар егістік жерге су жеткізіп беру көзделген. Оның ішінде 13 мыңдай күріш дақылы, 3 мыңнан аса малазықтық жем-шөп, бақша өнімдері және тағы басқасы бар. Сырдария өзеніне түсетін су көлемін есептей отырып, жыл басында ауданға 565.0 млн м3 су егістікке, 120.0 млн м3 су экологиялық қажеттілікке лимит бөлінген болатын. Бүгінде каналдар арқылы жоспарланған су беріліп отыр. Шаруашылық каналдар мен қашыртқылар кент пен ауылдық округтерге жақын орналасқандықтан, биыл вегетация мерзімі басталғалы Тұран және Иіркөл ауылдық округіне қашыртқы суы қауіп төндірді. Дер кезінде жасалған іс-шара негізінде К-3 қашыртқысына 3 дана электрлі насос қондырғысы орнатылды. Бұдан бөлек К-4 қашыртқысына дизельді насос қондырғысы орнатылуда. Жерасты ыза суының деңгейі үнемі бақылауда. Биыл аудан көлеміндегі 26 көл, жайылым-шабындықтарға экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында су берілді.

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
Кәсіби мерекеге орай «Арман» мәдениет үйінде су шаруашылығында қызмет ететін мамандар марапат биігінен көрінді.
Осындай игі шараның шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Бағлан Сағындықов ашып, сала мамандарын құттықтады.
– Су шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметте табыс және отбасында бақыт-береке тілеймін. Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыздың арқасында аудан халқы тіршілік нәрімен, ал ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласы ел экономикасын дамыту үшін қажет су ресурсымен қамтамасыз етілген, – деді ол.
Айта кетейік, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың Құрмет грамотасымен «Жиделі топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесіне қарасты Тартоғай елді мекенінің насос станция машинисі А.Рахманбаев марапатталса, ҚР АШ қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін «Жиделі топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің аға шебері О.Оржанов иеленді, ал облыс әкімінің алғыс хаты «Шиелі сушар» өндірістік бөлімшесінің жетекші маманы З.Рахметоваға бұйырды.
Салтанатты жиында су шаруашылығы қызметкерлері арасында аудан әкімінің және «Amanat» партиясы Шиелі аудандық филиалының алғыс хатымен марапатталғандар да болды.

Айнұр ИБРАШ,
Таслима ӘЛІШЕР,
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТ