ҚЫР АСҚАН ҚЫЗАНАҚТЫ СЫРДА ӨНДІРСЕК СОЛ ПАЙДА...
Қызанақ – қазіргі уақытта сұранысқа ие, адам ағзасына пайдасы мол, дәруменге бай көкөніс түрі. Бұл көкөніс түрінен адамдар түрлі салат, томат, тосап түрлерін істеп, қыстық азық ретінде пайдаланып келеді. Әсіресе, дәмі тіл үйіретін қызанақ тосабына бүгінде халықтың сұранысы артқан. Бір өкініштісі, оны тек тұрғындар үй жағдайында ғана жасап, тұтынады. Себебі, өңірімізде мол егілетін аталған көкөніс түрінен дайындалатын өнімдерді өрістетіп отырған өндіріс орындары жоқтың қасы.
Әлем елдерінің тәжірибесіне қарасақ, Түркияда жылыжайдың 88 пайызында қызанақ өсіріледі екен. Халық саны бізбен шамалас болса да, жері көлемі әлдеқайда кіші Нидерландыда ауыл шаруашылық өнімін экспорттау көрсеткіші жоғары. Миллиард тұрғыны бар Қытай өзін-өзі қамтып, алыс-жақын елдерге азық-түлікті экспорттап отыр.
Елімізде егін науқаны басталған сәттен бақша өнімін өсіретін бағбандардың да қатары жыл санап артуда. Дегенмен бұл өсімдікті өсірудің, отырғызудың өзіндік қыр-сыры, әдіс- тәсілі бар. Бейнеті де оңайға соқпасы анық. Қазір жаз мезгілі. Еткен еңбек пен маңдай терін сарп еткен шаруалар дайын болған өнімдерін сатылымға шығарып, жемісін көрер шақ. Шиелі ауданының қызанақ егіп отырған шаруалары облыс көлемін түгел қамтып, тіпті Ақтөбе, Шымкент, Алматы қалаларына жөнелту үстінде. Осы жылы егілген көкөніс алқабы туралы білмекке ауыл шаруашылығы бөлімінің бас агрономын сөзге тарттық.
– Биыл аудан көлемінде көкөніс, бақша дақылдарына аса мән беріліп, көлемі ұлғайтылды. Нәтижесінде, 5495 гектар жерге, соның ішінде қызанақ 991,8 гектар жерге отырғызылды. Таңмен таласа оянып еңбек еткен диқандардың жемісін көретін сәтте алыс емес. Жақында дайын болатын өнімдерін нарыққа шығарып, экспорттайтын болады, – дейді Әуелбек Байдалиев.
Көктем шыға кетпенін арқалап, тынымсыз еңбек етіп жүрген азаматтарды осыған дейінгі шығарылымдарда сөз еттік. Жемісін көктен емес, еткен еңбектен сұрайтын диқандардың есіл еңбегі, көпке үлгі боларлық іс. Абайдың «Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» деген өміршең өсиетін жадына сіңірген шаруалар, қазір еңбек даласында күн-түн демей машақаттануда. Қызанақ қызарып, пісер шақта Ақмая ауылының диқаншыларына хабарласып, егіннің жайын сұрадық. Бірнеше жылдан бері 5-6 гектар жерге қызанақ егумен айналысатын Бейбіт Дүйсенбайұлы қызанақтың бірінші терімін бастап кеткенін айтты.
– Осыған дейін түрлі дақылдарды егіп келемін. Соңғы жылдары қызанаққа басымдық бердік. Маусым айынан бастап қызарған қызанақты қазан айына дейін базарға шығарамыз. Ең соңғы өнімді сабағыме көктей жинап алып, арнайы орын дайындап сақтаймыз. Біз қазір қызанақтың бірінші терімін сатылымға шығара бастадық. Өзіміздің өнімді Қызылорда қаласындағы базарларға 220-230 теңгеден өткіземіз. Бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда сәл көтерілген. Бірақ әзірге сұраныс аз. Ақтөбе қаласынан 250 теңгеден тапсырыс түсті. Диқандардың барып келу жолы, базарға төлейтін салықты қоса есептегенде біраз шығынға ұшырайды. Сондықтан, ьөзіміздің өңірде қызанақты консервілеп оны дамытуды қолға алу керек, – дейді бағбан.
Иә, расымен де азық-түлік дүкеніне бара қалсаң, қызанақтан жасалынатын отандық өнімді іздеп әуреге түсесің. Дүкен сөрелерінің көбі – шет мемлекеттерден келген дайын өнімдер. Томат пастасының бағасы да айтарлықтай қымбат. Бірақ тұрғындар өзге таңдау болмаған соң, амал жоқ алатыны тағы бар. Өңірімізде қызанақ өнімін өңдейтін зауыттарды іске қосса, аудан экономикасына, өзге өңірлерге ағылған шаруаларға да тиімді болары сөзсіз. Бұл мәселе, жыл сайын ақпарат көздерінде, басылымдар мен әлеуметтік желілерде айтылып, ұсыныс ретінде көтеріліп келеді. Бірақ әлі де болса ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Аудандық кәсіпкерлер палатасының берген мәліметіне сүйенсек, соңғы 5 жыл көлемінде бұл өндірісті қолға алуға Қанат Мұсаевтан өзге ниетті азаматтар өтініш білдірмеген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Оны әр жолдауында, халықпен кездесулерде айтып келеді. Президенттікке сайланғаннан кейін, ең алдымен ауылдық жерлерді дамыту тұжырымдамасын әзірлеу туралы Жарлыққа қол қойды. Нәтижесінде «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды.
Бүгінде өңірімізде аталған жоба аясында мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, кәсібін дөңгелентіп отырған азаматтар қатары жыл санап артып келеді. Соның игілін көрген Бидайкөл ауылының тұрғыны, кәсіпкер – Қанат Мұсаев. Ол тәулігіне 2 тонна қызанақ пастасын өндіретін цех ашқан. Ол «Ауыл аманаты» жобасы аясында беріліп жатқан 2,5 пайыздық 27 млн теңге несие алып, «Barly Bai & K» өндірістік кооперативін құрып, отандық өнімді өндіруге бел буған. Бағдарлама арқылы алынған қаражатқа көршілес Ресей мемлекетінен құрал жабдықтар сатып алып, кәсібін үлкейте түсті. Цехтың биылғы ахуалын білу үшін Қанат Мұсаевты сөзге тарттық.
– Былтыр цех қызанақтан оджига салаты мен томаттың 4 түрін шығарды. «Альбаракат» компаниясымен келісім-шартқа отырып, қазір облыс көлемінде тасымалдау жұмысын атқарып келеді. Қызанақтан өндірілетін өнім көп. Осы жаз айынан бастап, жыл соңына дейін қызанақ пастасының 10-нан аса түрін шығару жоспарымызда бар. Тынымсыз еңбек еткен диқандардың еккен қызанағын цехта өндіріп, оларға да тиімді жағдай қалыптастыру мақсатында жұмыстар атқарып жатырмыз. Алдымен, өзіміздің өңірді, содан соң өзге облыстарға тиімді бағада өндірілген өнімдерді жіберетін боламыз. Ең бастысы, отандық сапалы өнім шығарып, оны халықтың игілігіне жарату көзделіп отыр, – дейді еңбек адамы.
Өңірімізде қызанақ өндірісін өрістетіп, дамытудың түрлі тетіктері іске қосылып, бағбанның алажаздай еткен есіл еңбегі желге ұшпаса екен дейміз. «Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жетеді» демекші, халық сұранысына қарай мардымды әрекет етсек, бұл мәселе де көп ұзамай оң нәтижесін береді деп сенеміз. Ең бастысы әрекетті түбі, қашан да берекет екенін ұмытпайық.

Мейіржан ИБРАГИМОВ