Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйел бақытының ғажабы – бала сүйіп, ана атану

Әйел бақытының ғажабы – бала сүйіп, ана атану

Әйел адам пешенесіне қаншама бейнетті үйіп төксе де, соның қайтарымы шығар, мейірім нұрына шомылдырып, еміреніп бала сүйіп, ана болу бақытын сезінуді маңдайына жазған. Өзінің қанынан, жанынан жаралған тіршілік иесінің омырауына мұрнын тығып, алпыс екі тамырын идіріп, ет жүрегін елжіретуі, болмаса соның пысылдап, жұмақ исі бұрқырап ұйқыға кеткен сәтін көру – бұл жалғандағы теңдесі жоқ бекзат дүние... Расында, өмірге ұрпақ әкеліп, адамнан адамның жаратылуы оңай емес.
«Жүкті әйелдің бір аяғы жерде болса, бір аяғы көрде» деп халқымыз оның ана өміріне аса қауіптілігін екі ауыз сөзге сыйдырып айтқан. Міне, осы бір кез келген әйелдің басынан өтетін шешуі қиын шақта солардан бір кем қиналмайтын, күн-түн демей, ана мен бала күзетінде сақшыдай қырағы тұрып, екеуінің де өмірін сақтауға атсалысатын бірден бір жауапты маман иелеріміз.
Қиын сәтте нар тәуекелге барып, уақытпен санаспайтын кездеріміз болады. Ана мен баланың өмірі үшін күресте өзімізді ұмытып, өзгелерге қуаныш сыйласақ деп тұрамыз.

Бибінұр БЕЙСЕНБАЕВА,
Байсын «Фельдшерлік акушерлік бекеті» акушері
13 мамыр 2024 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031