Жасанды интеллект: тәжірибе талқысында
Жасанды интеллектінің өмірімізге енгенін, елімізде тәй-тәй басып дамып жатқанын қал-қадерімізше жазып жүрміз. Осыны ойлағанда, нақты қай салада, қандай нәтиже көрсетіп жатырмыз деген сұрақ туады. Осы бағытты бетке ұстап, біраз зерттеп көрген едік.
Енді дамып келе жатқан осы салаға қатысты ұлттық саясаттың болуы – маңызды. Себебі халықаралық сарапшылардың сөзінше, жасанды интеллект өріс алған сайын дамыған және дамушы елдер арасында алшақтық үлкейе береді. Өйткені мемлекет инвестициялық капиталға, кадрлық әлеуетке, зерттеу жүргізетін инфрақұрылымға тікелей тәуелді. Бізде жасанды интеллектіні дамытуға нақты қадамдар жасалып жатса да, көшке ілеспей қалу қауіпі бар. Осыны айтып сала мамандары дабыл қағып отыр.
– Біз дамыған мемлекеттердің қатарына енуді мақсат еткен ел ретінде уақыт сұранысындағы үдерістерден қалыс қалмауымыз керек. Әсіресе жасанды интеллектіні дамытуға баса назар аудару қажет. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, 2026 жылға қарай әлемдегі кәсіпорындардың 80 пайыздан астамы жасанды интеллект құралдарын қолданады. Дәл қазіргі кезде бұл көрсеткіш жоғары пайызға жетпегенімен, алдағы уақытта жедел өзгеріс болатынын сала мамандары мойындап отыр. Өйткені бұл – уақыт сұранысы. Медицина, білім беру, креативті индустрия салаларында жаһандық өзгеріс болып жатыр. Тіпті қолымыздағы ұялы телефонның өзі жасанды интеллектіге негізделгенін байқап отырмыз. Яғни бұған қазірдің өзінде куәміз. Егер сол өзгеріске бейімделіп үлгермесек, уақыт ағымынан қалып қоямыз. Нақты айтқанда, жасанды интеллекті арқылы экономикамызды қарқынды түрде дамытамыз, дамыған елдердің қатарына қосыламыз. Сондықтан тезірек даму көшінен қалмауымыз керек, – дейді IT маманы Арман Әбдуәлі.
Бір жағынан жасанды интеллектіге қатысты жетістіктерге қарасақ, қалыс қалып жатпағандаймыз. Оған дәлел – әртүрлі салада іске асырылған жобалар. Мысалы: медицина, білім, ғылым, әскер, еңбек, өнер. Бұл салаларға жасанды сана дендеп енбесе де, даму белгілері бар. Кеңінен тоқталсақ.
Жасанды интеллект, әсіресе медицина саласында нақты нәтиже көрсетіп отыр. Мысалы, инсульт белгілерін диагностикалауға көмектесетін «Cerebra», ортодонттарға жақтың компьютерлік томографиясын жедел оқуға жәрдемдесетін, «ортодонтиялық талдау», электрокардиограмманы қашықтан декодтайтын «Smart ECG» құрылғылары іске қосылған. Оны бұрын да жазғанбыз. Бұл – біздің үлкен жетістігіміз. Одан бөлек, жасанды интеллект роботы емханадағы қызметін де бастады. Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласының №3 қалалық емханасында инновациялық шешім – жасанды интеллектісі бар дауыстық роботтарды пайдалану енгізілді. Жобаның басты жаңалығы – дауыстық робот жүйесі нақты уақыт режімінде келушілерге жауап береді. Шақыру үдерісін автоматтандыру науқастармен сапалы жұмыс істейді, медицина қызметкерлерінің жүктемесін азайтады. Қысқаша айтсақ, жасанды интеллект роботы алматылықтармен телефон арқылы байланысқа шығып, емханаға шақырады. Оның ішінде қан айналымы жүйесі аурулары, қант диабеті, глаукома, жатыр мойны, сүт безі обыры және колоректальды қатерлі ісік сияқты патологиялардың негізгі түрлері бойынша кәсіби тексерулер туралы анықтама береді.
– Күніне орта есеппен бір медбике 10-15 қоңырауға жауап беріп, хабарға шыға алады. Бірақ тиімділігі төмен. Өйткені қоңырауларды талдау және сөйлесудің аудиожазбасы жүргізілмейді. Адам күшінің әсері де ескерілмейді. Ал дауыстық робот бір күнде 300-ден астам адамға қоңырау шалып, мәселелерге тиімді шешім ұсынады. Осылайша, медицина қызметкерлерінің негізгі жұмыс уақыты үнемделеді, эмоциялық жүктеме мен күйзеліс төмендейді. Бұл – ақ халатты жандарға негізгі міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік береді. Дауыстық роботтар біздің емхананың жұмысында өзінің тиімділігін дәлелдеді, сондықтан болашақта жасанды интеллект халықты профилактикалық егулерге, флюорографияға шақыруға, жедел медициналық жәрдем активтері бойынша қызметтерге де енгізіледі, – дейді №3 қалалық емхананың директоры Айзат Молдағасимова.
Ең жақсысы, дауыстық робот ана тілімізде және орыс тілінде бірдей диалог жүргізеді. Қоңырау кезінде науқастың қай тілде жауап бергеніне қарап, сол тілде еркін сөйлей береді. Қызығы, егер науқас әңгімені орыс тілінде бастап, ал әңгіменің ортасында диалогті қазақ тілінде жалғастырса, робот қазақша сөйлей жөнеледі.
Ал Қорғаныс, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, жұмыс берушіге автоматты түрде жауап алуға мүмкіндік беретін интеграциялық жұмыс жүргізді. Енді жұмыс беруші азаматтың әскери қызметі туралы мәліметтерді «Egov» электрондық үкіметінің ресурсынан автоматты режімде ала алады. Яғни әскери билеттер, тіркеу туралы куәлік, әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар жасанды сананың көмегімен цифрландырылды.
– Заңнама бойынша заңды тұлғалар азаматтардың әскери қызметіне қатынасы туралы деректерді тіркеуге міндетті. Атап айтқанда, ақпараттық жүйе әзірленіп, іргелес мемлекеттік органдардың мәліметтер базасымен біріктірілді. Инновация кадрлық қызметтердің жұмысын жеңілдетеді, азаматтарды анықтама алуға кететін күш пен уақыттан босатады. Егер бұрын бұл үдерістер бірнеше аптаға созылса, бүгінде бұл бір күнде жасалады, – деген пікір білдірді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.
Өзге де салаларда жасанды интеллект пайдасын тигізіп жүр. Мәселен, «Smart City» тұжырымдамасындағы көлік, экология, энергетика, деректерді талдау, нөмірлерді, тұлғаларды тану жүйесі және жол қозғалысы ережесін бұзушылықтарды тіркейін TargetAI ақылды бейне аналитика платформасы бар. Өнеркәсіп саласында жер қойнауын пайдаланушылардың өндірістік үдерісін оңтайландыруға арналған «brains.app» жасанды интеллект өнеркәсіптік платформасы, оқиғаларды көп факторлы талдау негізінде геологиялық-техникалық іс-шараларды іріктеуге арналған «Neuron Oil» платформасы да қызмет істеп тұр.
Сот саласына да жасанды интеллект еніп жатыр. Алдыңғы айда Қазақстан мен Қытай соттары өзара тәжірибе алмасты. Көрші мемлекеттің жоғарғы халық сотының төрағасы Чжан Цзюнь отандық делегацияны Бейжіңге шақырған. Сапар барысында мамандар цифрлық сот зертханасы мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін көріп қайтты. Статистика бойынша, Қытай сот жүйесі цифрлық инновацияларды қолдануда әлем бойынша көш бастап тұр. Бұл озық тәжірибе енді біздің елімізде де қолданылмақ. Сот жүйесін жетілдіру үшін жасанды интеллект енуі мүмкін.
– Сот жүйесіне және Үкіметте цифрландыру мәселесіне Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ерекше көңіл бөлініп жатыр. Халыққа сапалы қызмет жасап сонымен қатар судьяларымыз шешім шығарғанда қандай жаңа технологияларды қолдана алатыны жөнінде келіп үлкен ақпарат алдық. Қытайдың толық үлгісін әрі қарай зерттеп, зерделеп өзімізге жақын, ұқсас нәрселерді аламыз деген ойымыз бар, – деді Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев.
Одан бөлек, Ғылым және жоғары білім министрінің биылғы 28 ақпандағы «Диссертациялық зерттеулер жүргізу және өзге де ғылыми жұмыстарды дайындау кезінде жасанды интеллектті қолдану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» бұйрығы жарияланған еді. Жұмыс тобына ғылым және жоғары білім саласында жасанды интеллектті қолдану саласындағы халықаралық тәжірибеге талдау жүргізу кіреді. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге ұсыныстар мен толықтырулар енгізе отырып, диссертациялық және өзге де ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектпен жұмыс алгоритмдерін пайдалану, іске асыру бойынша анықтама ұсынылады.
– Жасанды интеллектіні жедел дамыту қажет. Ғылыми-техникалық прогресс жаһандық экономиканың сипаты мен адамдардың тұрмыс салтының жылдам өзгеруіне ықпал етіп отыр. Күні кеше ғана қиял-ғажайып болып көрінген технологиялар бүгін шындыққа айналды. Мұндай жағдайда еліміздің технологиялық және ғылыми-инновациялық дербестігін нығайту үшін бізге барлық мүмкіндікті пайдалану маңызды. Бүкіл әлемде жасанды интеллект адам еңбегін алмастырып жатыр. Медициналық диагностика және заңгерлік кеңес беру сияқты күрделі салаларда да кеңінен қолданыла бастады. Тіпті нейрожелілер сурет салып, музыка, өлең жазады. Елімізде жасанды интеллект қауіпсіздік жүйесі, медицина, банк қызметі, логистика, білім беру салаларына ойдағыдай енгізіліп жатыр. Осы технологияны меңгерген мықты компаниялар да пайда болды. Соған қарамастан, жасанды интеллект индустриясын одан әрі дамыту үшін мемлекет кешенді қолдау көрсетуі қажет. Мәліметтер мен технологиялық инфрақұрылым барынша қолжетімді болуы тиіс. Сондықтан қолайлы экожүйе қалыптастыру қажет, – деген еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл саланың дамуы мен реформалардың тиімділігі, тіпті тиісінше іске асуы да көбіне заңнаманың сапасына байланысты екені белгілі. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа формация заңдарын дайындау үшін ғылыми-сараптамалық қоғамдастықты тарту, сондай-ақ оңтайлы заңнамалық шешімдерді іздеу үдерісінде жаңа технологияларды қолдану маңызды екенін айтқан болатын. Бұл тұрғыда бізде 87 мемлекеттік мәліметтер базасы дерекқор қалыптасқан. Алайда жасанды интеллектінің озық үлгілерін жасауға бұл да аздық етеді. Сарапшылардың айтуынша, деректерді басқару жүйесінің бірыңғай архитектурасы керек.
Міне, жоғарыда атап өткен салаларда жасанды интеллект белсенді қолданыла бастады. Бұлар – іс жүзіндегі нақты нәтижелер. Қабылданған, жоспарланған жоба мен қаулылар да көп. Сала одан әрі зерттеліп, жоспарлар орындалатын болса әлеуетіміз әуелей түсері анық. Уақыт еншісіне қалдыратын дүние емес екенін күн сайынғы жасанды интеллект туралы жаңалықтар дәлелдеп жүр.