Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан гүлдерді қай елдерден тасымалдайды

Қазақстан гүлдерді қай елдерден тасымалдайды

Елімізде 8 наурыз мерекесі қарсаңында жақындарын гүл беріп қуантатын азаматтар жетерлік. Нәзіктіктің символына айналған гүлдер Қазақстанға қайдан әкелінеді? Бұл сауалдың жауабын Ұлттық статистика бюросының мамандары анықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросынның Telegram-дағы арнасында хабарлауынша, былтыр қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан жалпы сомасы 61 млн долларға 8 278 тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттады. Ал 2022 жылы гүл импорты 46 млн долларды құраған (6 832 тонна). Былтыр гүлдер әлемнің 52 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген. 2023 жылы ең ірі гүл жеткізушілері: Эквадор – 4 913 тонна; Нидерланд – 1 633 тонна; Кения – 635 тонна; Колумбия – 488 тонна.
06 наурыз 2024 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9237)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (9236)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (9235)

07 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30