ҰЙҚЫСЫЗДЫҚ СУИЦИДКЕ АПАРА МА?
Еліміз бірінші наурыздан бастап бір уақыт белдеуіне көшеді. Яғни, Қазақстанның тегіс аймағында бір уақыт жүреді. Ұшқан құстың қанаты, жортқан аңның аяғы талатын ұлан ғайыр жерімізде тұратын тұрғындардың денсаулығына, тіршілігіне бұл қалай әсер етеді?
Ғалымдар Қазақстанның басым бөлігі соңғы 1 ғасырда өзінің табиғи уақытына қарағанда бір сағат ерте келе жатқанын айтады. 1930 жылы 16 маусымда Сталиннің жарлығымен Кеңес Одағының барлық аумағында уақыт 1 сағат ілгері жылжытылған. Негізгі мақсат – табиғи жарықты тиімді пайдалану және электр энергиясын үнемдеу деп түсіндіреді. Міне, содан бері 5 сағаттық белдеудегі Астана, Алматы секілді қалалардың бәрі әлі күнге басқа уақыт белдеуімен жүруге мәжбүр. Географияға жүгінсеңіз, халықаралық келісім бойынша Жер шары 24 меридиандық сызық арқылы 24 сағаттық белдеуге бөлінгенін көреміз. Белдеулік уақыт АҚШ-та 1883 жылы енгізілсе, КСРО-да 1919 жылы енгізілген. Әр өңірдің уақыты меридиан сызығы бойынша белгіленеді. Мұның бәрі адам өміріне қолайсыздық тудырмас үшін жасалынған. Дүниежүзілік уақыт Англиядағы Гринвич обсерваториясына бағынады. Ал шын мәнінде, дүниежүзілік уақыт Меккенің сағатына бағынуы тиіс деп жүр озық ойлы ғалымдар. Себебі Жердің магниттік орталығы Қағба тұрған жер екендігі анықталған. Бұл енді өз алдына бөлек тақырып. Жалпы Қазақстан өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін үш түрлі уақытпен жүріпті. Мәселен, Батыс Қазақстанда сағат бес болса, Алматыда алты, Шығыс Қазақстан мен Павлодарда сағат жеті дегендей. Кейін Шығыс Қазақстан мен Павлодар уақытын Алматы уақытымен теңестірген. Сөйтіп үш түрлі уақыттан екі түрлі уақытқа түстік. Қазір Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары 4-сағаттық белдеумен есептеліп жүрсе, Астана, Алматы, Шымкент қалалары және қалған облыстар 5-сағаттық белдеуімен санап жүр. Ал енді еліміз наурыздан бастап бір уақыт стандартына көшпек. Бірыңғай уақыт белдеуі не үшін керек? Ғалымдар мен сарапшылардың пайымдауынша, 6-шы уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәйкес келмейді. Бұл биологиялық ырғақтар мен адам денсаулығына кері әсерін береді. Мұны денсаулық сақшылары да растап отыр. Күнделікті өмірді барынша тиімді жалғастыру үшін сапалы ұйқы қажет. Бұл баршамызға мағлұм. Сапалы ұйқы барысында ағзаны келесі күнге дайындау, оны токсиндерден тазарту, эндокриндік жүйені реттеу, иммундық жүйені нығайту реттеледі. Егерде уақыт 1 сағатқа қысқарса, адамның ағзасына керек регенерациялық процестер өтіп үлгермейді. Соның салдарынан рак, жүрек аурулары көбейіп, ұйқысыздық суицидке дейін апаруы мүмкін. Бір уақыт белдеуінің пайдалы тұсы көп. Мәселен, бірқалыпты уақыт белдеуіне ауыссақ, еліміздің экономика саласына, транспорттық құрылымдарға оң әсерін береді. Астана медицина университетінің қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Күрейш Хамшиев табиғи уақыт ырғағынан озу шаршаңқы сезімнің және түрлі аурулардың пайда болуына ықпал ететінін айтқан. – Қазір көптеген аймақтарда болып жатқан десинхроноз, яғни биологиялық ырғақтардың сәйкес келмеуі ұзақ уақыт бойы шаршау, депрессия, ұйқысыздықтың және өнімділіктің төмендеуінің себепшісі болып отыр. Мұның бәрі жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік және басқа да аурулардың дамуына әкеледі. Циркадиандық немесе биологиялық ырғақтар – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі және бұл тәуліктік стресстерге қарсы тұру өте қиын. Сондықтан бүкіл республика тұрғындарының табиғи ырғақтарын үйлестіру қажет, – деген. Ең бастысы жауаптылар «бірыңғай уақыт белдеуін енгізу бір реттік шара әрі қаржылай шығынды қажет етпейді» деп отыр. Бар болғаны 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні әлеуметтік уақытты яғни, қолыңыздағы сағат тілін 60 минутқа артқа жылжытсаңыз болғаны.
Сұлушаш МАДИЯРОВА